UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАЛИТРА

Категориясы: Өнер


 

Рембрандт Харменс ван Рейн. 1606-1669 жж. "Фауст"

Әр суретші дүниені өзінше көріп, өзінше бейнелейді. Әрқайсысы әр түрлі бояу үйлесімін ұнатады.

Кейде жұрттың белгілі бір суретші туралы: «Оның палитрасы аса бай екен» деп жатқанын естиміз. Ол әлгі суретшінің шығармаларының бояу әлемінің өте молдығын көрсетеді.

Ал, екінші бір суретші туралы: «Оның палитрасы өте ұстамды», - деп жатады. Ол - әлгі суретші өз шығармаларын салғанда тек белгілі бір бояулармен шектеледі деген сөз.

Ал, палитра деген өзі ортасында бас бармақ сиятындай ғана ойық тесігі бар төрт бұрышты не доғай жұқа тақтайшаны білдіреді. Оны суретшілер майлы бояумен сурет салғанда пайдаланады.

Палитраны суретші сол қолына ұстайды. Шет жағына сықпа бояуларды жағады да, ортасына оларды бір-біріне қосып араластырады.

Санкт-Петербург түбіндегі Репино поселкесінде ұлы орыс суретшісі Илья Ефимович Репиннің «Пенаты» деп аталатын музей үйі бар. Ол мұнда ұзақ жылдар тұрып, жұмыс істеген. Сол музейден суретшінің палитрасын да көруге болады. Репиннің өте жақын досы жазушы К. Чуковский оның бояуларға аса зор мән бергенін айтады. Репин әр күн сайын таңертең өз шеберханасына қазір қолыма қыл қаламымды, палитрамды алып, қайтадан жұмысыма кірісемін-ау деп қуанып келеді екен.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

 

 

 

  Жарияланған-2016-11-16 20:14:36     Қаралды-4433

Мәлімет сізге көмек берді ма

ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАЗЛДАРДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Алғашқы басқатырғышты 1763 жылы ағылшын картографы және гравюрашысы Джон Спилсбери ағаштан ойып жасаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІЛЕГЕЙ ҚОСЫЛҒАМ КҮРІШ

...

Күріш күрмегінен тазарты лып, жуылады. Сөйтіп әуелі суға салып шала, содан соң сүт қосып, әбден пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?

...

Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮРЕС ӨНЕРІ ТАРИХЫНАН

...

Күш атасы атанған балуандык өнер - спорт сүйер қауымның ең қадірлісі десек, қателеспейміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »