ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
Категориясы: Адамдар
Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темірдің бас кеңесшісі, ал өз әкесі Сейітқұл 40 мың алшынның басын біріктірген елбасы, ықпалды кісі болған.
Жалаңтөс баһадүр Қазак хандығының еңсе көтеріп, жігерленуіне, қазақ халқынын ұлт болып ұйысуына тікелей ықпал еткен. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батыр 50 мыңдық әскерімен Жетісуға басып кіреді. Оған қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен қарсы тұрады. Шайқастың шешуші сәтінде Жалаңтөс баһадүр дер кезінде көмекке жетіп, қазақ қолы жеңіске жетеді.
Жалаңтөс Орта Азия халықтарының өміріндегі шешуші шайқастарда ақылымен де, ерлігімен де төңірегін тәнті етіп, ұлы қолбасшы, көреген стратег, білікті мемлекет қайраткері ретінде танылды. Талай рет жекпе-жекке шығып, жойқын ерліктер көрсетіп зор беделге ие болды.
Осындай атақ-даңқына қоса Жалаңтөстің Шығыс сәулет өнері тарихына да сіңірген еңбегі ерекше. Ол Самарқандта зор құрылыс жұмыстарын жүргізді: салтанатты сарайлар мен медреселер салдырды. Самарқандтың орталығы Регистандағы атақты «Ширдор» («Арыстан» қақпасы, 1620-1636), «Тіллә Қари» («Алтынмен апталған», 1646- 1660) медреселері сәулет өнерінің құнды ескерткіштері болып табылады.
Жарияланған-2015-11-13 20:38:50 Қаралды-5706
ШЫМКЕНТ

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы
КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ

Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА

Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.
КҮЛКІМЕН ДЕ КІСІ ӨЛТІРУГЕ БОЛАДЫ (КАРИКАТУРА)

Жеке бір адамның, не белгілі бір топтың жағымсыз мінезін келеке қылу - карикатураның мақсаты.
ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли
ОБА

Оба - адамдар мен жануарлардың өте тез жұғатын күшті жұқпалы ауруы. Әдетте оба жалпы әлсіздікпен басталып калтырауға, бас ауыруына, естен тануға алып келеді, температурасы тез көтеріледі.