UF

МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Категориясы: Өнер


 

Геркуланум фрескасы. Б.э.д. І ғ. 

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз. Суретші оны белгілі бір құрылысқа, оның қабырғаларына, залына не төбесіне арнап салады.

Сондықтанда оның көлемі мен түрі, композициялық құрылымы мен бояулары әлгіндей құрылыстың архитектуралық шешімімен терең үйлесім тауып тұруға тиісті.

Көруші монументтік бейнелеу өнері туындысына алыстан қарайды, сондықтан суретші онда көзге іліге бермейтін ұсақ детальдарға зер салмайды. Мұндай туынды әрі тұжырымды, әрі көрікті болғаны ләзім.

Монументтік бейнелеу өнері шығармасы ұзақ сақталады; оны мыңдаған адамдар көреді. Сондықтан ол тек көлемі жағынан ғана емес, мазмұнымен де ерекшеленіп тұрады.

Олар әдетте тарихи оқиғалар, қаһармандық ерлік, халық аңыздары секілді маңызды тақырыптарға арналады.

Белгілі мексикалық суретші Сикейрос ірі құрылыстарды мексика революциясы, өз елінің тарихындағы сондай мәшһүр оқиғаларды бейнелейтін картиналармен безендіреді.

Француз суретшісі Фернан Леже бейнелеу өнері халыққа кеңінен танымал болу үшін монументтік картиналарды үй қабырғаларына салуды ұсынған.

Монументтік бейнелеу өнері туындылары түрлі-түрлі боп келеді. Олар - витраждар, мозаика, панно, фрескалар. Мұнда ежелгі Помпей қаласы үйлерінің бірінің қабырғасына салынған фресканың бір бөлігі көрсетілген. Фонға салынған әйелдер неткен сымбатты, жүріс-тұрыстары, қимыл қозғалыстары қандай шынайы, қандай дәл!

Бұл тамаша туынды біздің дәуірімізге қалай жеткен? Сендер, бәлкім, Везувий тауының етегінде өмір сүрген римдіктердің екі бірдей гүлденген қаласы - Геркуланум мен Помпей туралы жазылған шығармаларды оқыған шығарсыңдар.

Біздің дәуіріміздің 79 жылғы 24 тамызда таң бұл екі қала үшін әдеттегідей ашық болды, бірақ түске жақын Везувийде адам көрмеген аса зор вулкан атқылады. Жер астынан шыққан отты лавалар толқыны, шаң мен күл Геркуланум мен Помпейді мәңгі бақи басып қалды.

Бұл апаттың қапияда тап болғаны сондай, екі қаладағы қызу өмір бірден қалыңдығы он бес метр тас топанның астына кетті. Арада он жеті ғасыр өткен соң, қазба жұмысы жүргізілгенде, ежелгі дүниенің үйреншікті өмірі, үйлер, заттар, бұйымдар, өнер туындылары ғалымдардың көз алдында сол қалпында сайрап шыға келді.

 

  Жарияланған-2016-11-16 20:03:59     Қаралды-2883

Мәлімет сізге көмек берді ма

КЕБЕП (ШАШЛЫҚ) КӨП БОЛМАЙДЫ

...

Қой етінің жұмсағынан әр кесегінің салмағы 15-16 грамнан келетіндей етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАЛҚАННАН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Қазақ халқының, әсіресе, қарт адамдардың сүйсініп жейтін тағамдарының бірі - тарының талқаны. Талқан қуырып ақтаған тарының сөгінен немесе оның айырып алған жармағынан диірменге тартып жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМБУРА

...

Самса түрінде ішіне бадам салынған қамырдан жасалған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ

...

Рим империясы құлағаннан кейін бірнеше жүз жылдарға созылған орта ғасыр дәуірі орнады. Ол кезде шіркеу тек жеке адамдарға ғана емес, мемлекеттерге де өктемдік етті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

...

Астана қаласындағы ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі - Президенттік мәдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 27 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени жәдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік мәдениет және өнер жа

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСТРАХНУЛИ (ЧАК-ЧАК)

...

Қамырдан жасалып, жіңішке кеспе түрінде кесілген, қайнап жатқан майға құырылған және кәдімгі ара балына пісірілген кәмпитті шығыс халқы осылай атайды. Құырып болғаннан кейін ыдыста май қалдығы қалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »