МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?
Категориясы: Өнер
Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды. Әлгі суреттердің көлемі шағын болса да, суретші ондағы ең бір елеусіз нәрселердің өзін мүлт жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
Олар суретті аса нәзік жіңішке қыл қаламмен не құстың қауырсынымен салған. Суретшілер бір кітапты бірнеше айлар бойы көркемдеген, одан кейін арнаулы шеберлер оған алтын шайып, әшекей жүгірткен.
Өте ұқыптылықпен безендірілген, бояулары сондай айқын миниатюралар өзінің әдемілігімен көз тартады. Парсы суретшілері адамдарды, жан-жануарларды, көшелерді, бақтарды, гүлдерді соншалықты байыппен зерттеп, асқан шеберлікпен бейнелейді. Құстардың қауырсындары да, ағаштардың жапырақтары да, киімдегі ою-өрнек те соншалықты дәл, соншалықты әсем.
Лондондағы Британ музейінде парсы миниатюраларының үлкен қоры жинақталған.
Олардың айшықты да әсем бояулары әлі күнге көздің жауын алады. Ағаштан, металдан, піл сүйегінен жасалған кішкентай тақташаларға салынған портреттерді де миниатюра дейді. Олар әдетте майлы бояумен, акварель не гуашь бояумен салынады. Ондай портреттер салу әсіресе XVIII ғасырда өте өрістеген.
Бұл өте ұқыптылықты, еңбек сүйгіштікті қажет етеді. Суретші тақтайшаға үлкейткіш айна - лупамен үңіліп отырып сурет салады.
Жарияланған-2016-11-16 19:37:11 Қаралды-3831
ҚАНТҚА САЛЫНҒАН КУРАГА

Курага жақсылап жуылып, кептіріледі. Қант улпасы, түйген қант және белок дайындалады.
ҚИМАҚТАР

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.
Кейбір амфибиялар дене бөлігін қалпына келтіре алады

Аксолотль — қосмекенді амбистомалардың кейбір түрлерінің неотениялық дернәсілдері, құйрықтылар отрядының амбистомалар тұқымдасына жатады. Бұл қосмекенділер өз аяқтарын регенерациялаумен шектелмейді.
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі