СУРЕТ МАЙЛЫ БОЯУЛАР ПАЙДАЛАНУЫ
Категориясы: Өнер
Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кезде олар адамзатқа атымен белгісіз болатын.
Майлы бояу алғаш рет X ғасырда шыққан, бірақ ол кезде оны ешкім пайдалана қоймаған. Оның кеңінен дәстүрге енуі XV ғасырда өмір сүрген нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван-Эйктердің атымен тығыз байланысты. Олар көп тәжірибе жасап, құрғақ ұнтақ бояуларды жеміс майына езіп көрді. Ақырында бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтады. Ондай майларға ерітілген бояу тез құрғайды, оның үстіне ерекше ажарлы болады.
Бельгияның Генте қаласында әулие Бавона шіркеуінде альтарды (мінәжат орыны) әшекейлеген Полиптих (көп бөліктен тұратын картина) әлі күнге дейін сақтаулы. Оны салған - Ян Ван-Эйк. Оған ағасы Губерттің көмектескені баршаға мәлім. Бұл шығарма бейнелеу өнерінің аса құнды туындысы болып есептеледі.
1432 жылдың майында альтар алғаш рет ашылғанда, шіркеу толы халық тамаша өнер туындысына қатты қайран қалысты. Бұған дейін күн нұрымен шағылысып тұрған мұндай нұрлы бояуларды ешкім көрген жоқ. Міне, содан бері бес ғасыр өтсе де, әйгілі картинаның бояуының жылтылы әлі өшкен жоқ. Діни тақырыптағы бұл шығармасында Ян Ван-Эйк, Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия шеберлері секілді, әулие адамдардың кейпінде өз замандастарын бейнеледі.
Картинадағы үш жүзден астам адам бейнесі бірін бірі қайталамайды, біріне бірі атымен ұқсамайды.
Суретші пейіштің орнына өзі талай көрген, шалғынына талай аунаған туған өлкесін бейнелеген. Ал алыста Ян Ван-Эйктің туған қаласындай готикалық мұнаралар самсаған таныс қала қылаңытады.
Гент алтарі тек бояумен, қиыннан қиысқан композициялық шешіммем ғана емес, нұрға, шуаққа толы өмірлік шындығымен де көруші коңілінде жатталып қалады.
Жарияланған-2016-11-16 19:19:39 Қаралды-5887
ҒАЛАМШАРДЫҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ ШУАҚ КҮНДЕРІ ҚАНША?

Табиғатта нашар ауа райы жоқ. Жағымсыз климат болады. Себебі адам өзінің айқын жағдайларда әр түрлі көңіл сезеді:
БЕКІРЕ

Бекіре (осётр) - аузы кіші, тұмсығы сүйір, дене тұрқы 2 м-ге, салмағы 12- 24, кейде 80 кг-ға дейін баратын көшпелі балық. Теңізде және оған құятын өзендерде өседі. Олар уылдырықтарын сәуір-мамыр айларында өзенге шашқаннан кейін теңізге қайта оралады.
ТАЙГА – ЖАСЫЛ МҰХИТ

Орманның өзі әр түрлі: шырша, қарағай, самырсын өсетіндерін - қылқан жапырақты, ал қайың, көк терек, жөке өсетіндерін жапырақты орман дейді.
ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ ТУРАЛЫ

Қөктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Халықтың ұғым-тусінігіне орай қалыптасқан сөз тіркесі осылай айтыла ды.
ҚЫЗ ҚУУ

Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.