ЛУБОК ДЕГЕН НЕ?
Категориясы: Өнер
Ерте-ертеде, темір жол да, автомобиль де жоқ кезде, Русьтің айдау қара жолдарында бір селодан екінші селоға ілбіп келе жатқан офенилер - тасушылар кездесетін. Оларды жұрт ағаштардың кепкен өзегінен жасалған қорапшаларға сап, әр алуан бұйымдар, лубоктан жасалған әдемі суреттер тасып жүретіндіктен корабейниктер («қорап көтергендер») деп те атайтын. Луб - ағаш өзегінің ішкі жағы.
Мұндай суреттер Россияда алғаш рет XVII ғасырда тарады. Беймәлім суретшілер оларды тақтайшаларға ойып, қағазға көшіріп, қолдан бояйтын. Осы бір әрі ойлы, әрі көңілді шығармалар шаруалар лашықтарының ең басты ажары болып табылатын.
Әуелі ондай туындылар библия аңыздарын, халық мысалдары мен жырларын бейнеледі. Кейін XVIII ғасырда халық тұрмысын, шаруалардың ауыр еңбегін көрсететін шығармалар туа бастады. Ара-тұра қаланың сылқым сері әйелдері мен еркектерін әжуалайтын әзіл суреттер де ұшырасатын. Ондайда бірер шумақ қалжың өлеңдер қоса жазылатын.
Кейбір лубоктар халық сүйіспеншілігіне бөленді. Мәселен, I Петр заманында туған «Тышқандардың мысықты жерлеуі» деген сурет ондаған жылдар бойы қолдан қолға өтіп келді.
1812 жылғы Отан соғысы тұсында орыс жауынгерлерінің ерлігін бейнелейтін лубоктар көптеп туды.
Лубоктар тез өтетін. Өйткені, ол кезде газет жоқтын; халық елде болып жатқан жаңалықтарды негізінен осы бір көңілді суреттер арқылы біліп отыратын.
Жарияланған-2016-11-16 18:18:27 Қаралды-3182
ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.
БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН ПЛАСТИКТЕН ЖАСАЛҒАН BARBIE ҚҰЫРШАҚ

Америкалық компания қайта өңделген пластиктен жасалған Barbie қуыршақтарын шығарды.
«АЙ» ҚУЫРМАСЫ

Дайындалған қамыр 0,8 сантиметр қалыңдықта жайылады да жұмыртқаның сары уызы жағылып, жұқа стаканның қырымен дөңгелектеп,
Бал қандай болуы керек?

Шығыстың кейбір тағамдарын жасағанда оларға өзіндік дәм және хош иіс беру үшін бал қолданылады.
АСТРАХНУЛИ (ЧАК-ЧАК)

Қамырдан жасалып, жіңішке кеспе түрінде кесілген, қайнап жатқан майға құырылған және кәдімгі ара балына пісірілген кәмпитті шығыс халқы осылай атайды. Құырып болғаннан кейін ыдыста май қалдығы қалады.