КЕНЕСАРЫ ХАН
Категориясы: Тарих
Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушысы. Кенесарыұлы Абылай ханның немересі. Ол хан атасының барлық қасиеттерін бойына сіңірген. Жігерлі әрі батыл Кенесары жас кезінен-ақ халық кұрметіне бөленген.
1837 жылы Кенесары отаршыл Ресейге қарсы ұзақ та, ауыр шайқасқа түседі. Одан кейін Орта Азия билеушілерімен де соғысып, Казак мемлекетінің тәуелсіздігін қайтаруға ат салысады.
1841 жылы Кенесары әскері шешуші жеңістерге қол жеткізіп, Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт сияқты қоқан қамалдарын басып алады. Сол уақытта үш жүздің өкілдері Кенесарыны қазақтардың ханы етіп сайлайды. Кенесарының қатты серпіліс әрекеттерінен қорыққан Ресей өкіметі 1843 жылы оларға қарсы әскери шаралар қолдана бастайды. Кенесары әскерлері орыс
жасақтары мен оларға жақ қазақ сұлтандарына тойтарыс беріп отырды. Бірақ жақсы қаруланған әскерлері көтерілісшілерді Жетісуға карай жылжытты. Кенесары қырғыз манаптарынан - хан екенін мойындап, олардың көтеріліске қатысуын талап етеді. Алайда қырғыздар қарсылык білдіреді. 1847 жылы қырғыздарға қарсы көтерілісте ол тұтқынға түсіп, өлім жазасына кесіледі.
Кенесарының ерлігі қазақ халқының жадында мәңгі қалады.
Жарияланған-2015-11-13 18:16:29 Қаралды-9698
МАЛАЙСАРЫ БАТЫР
Малайсары (шамамен 1700 жылы дүниеге келген, 1756 жылы қайтыс болған) - Орта жүздің батыры әрі биі. Шыққан тегі - Орта жүздің арғын тайпасының бәсентиін руынан. Акесі Тоқтауыл - батыр, балуан болған кісі.
МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?
Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді
ШАҚ-ШАҚ
Үн, сүт, қант, жұмыртқа, аздап арақ қосылып, жұмсақ қамыр иленеді. Ол бірнеше бөлікке бөлініп, 1 сантиметр қалыңдықта созылады. Созылған қамыр самырсын жаңғағының үлкендігіндей етіліп туралып, қуырылады. Бәрінің бірдей қуырылуы үшін араластырып тұру керек
АРША
Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.
ШИ БАУЫРСАҚ
Сүтке, жұмыртқа қосылған сорпаға иленген қамыр созылып, ұсақтап туралады да мол етіп май құйылып
ҰЛЫ ФИЛОСОФ ПИФАГОР
Атақты ежелгі грек философы және математигі Самос Пифагор туралы қысқа қызықты деректер жиналған.