КЕРАМИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРЛЕРДІҢ БІРІ
Категориясы: Өнер
Ежелгі Мысыр керамикасы. Б.э.д. ІІ ғ.
Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген. Алғашқы заман адамдары әлгіндей қыш құмыралардың сыртына ою-өрнек салатын болған. Сүйте-сүйте адамдар сазды шарыққа салып ыдыстар жасауды үйренген. Ол үшін әбден иленген балшық дөңгелек табақшаға қойылады да, шарық шыркөбелек айналдырылады, сонда саз балшық өз-өзінен күпсіп көтеріліп құмыра кейіпке түседі. Сырт көзге, оңай көрінгенімен, керамика ептілікті, шеберлікті керек етеді.
Ежелгі Афинада құмыра жасау өнері өте айырықша дәріптелген. Қалада су, шарап сақтайтын әйгілі афина құмыраларын жасайтын жүздеген шеберханалар болған.
Ежелгі Афинаның керамикалар.
Кейін қазба орындарынан табылған ежелгі құмыралар мен олардың сынықтары қазір аса қымбатты бұйым ретінде музейлерде сақталады. Осынау қос құлақты амфоралар, қымбат иіс май құйылатын ұзын мойын құтылар, кішкентай немесе домалақ ыдыстар - арибаллалар күні бүгінге дейін ғажайып көркімен көз тартады.
Қыш табақшаларды шеберлер саздан жасап күйдіреді де, сыртына суретшілер сан қилы өрнек салады. Төменгі жағы мен ернеуіне әшекей өрнек салынады да, бүйіріне ежелгі грек мифтерінен бір көрініс бейнеленеді.
Кейбір қыш табақтардың қызыл қоңыр сыртына мөлт қара өрнектер салынады, немесе, керісінше әшекейдегі өрнектер қызыл қоңыр боп, арғы бөлегі мөлт қара боп келеді. Ежелгі Афина шеберлері пайдаланған осы бір мөлт қара бояудың құпиясы әлі күнге ашылған емес.
Керамика өнері біздің елімізде ежелден белгілі. Әсіресе, Дағыстанның Балхар селосы шеберлерінің өнері ерекше даңққа бөленген.
М.Врубель (1856-1910 жж.). "Мизгирь" Майолика.
Керамика өнеріне орыс суретшісі М. Врубель өте қызыққан. Москва түбіндегі «Абрамцево» музейінде оның көптеген қыш бұйымдары сақтаулы. Сен мына суреттен М. Врубельдің «Мизгир» деген майоликасын көріп отырсыңдар. Майолика - керамиканың ерекше бір түрі.
Керамика сәнді бұйымдар жасау өнеріне жатады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 22:22:32 Қаралды-7281
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
БАДАМ КӘЗИНЕГІ
Қант-сірне шырынында қайнатылған бадамнан тұратын шыныдай жылтыр тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты бөліктерден тұрады.
ҚҰЛМАҚ – УЛЫ ӨСІМДІК
Халық медицинасында құлмақты тамаққа тәбетті арттыру үшін, асқазанның қабынуын, іш өткенді емдеу үшін пайдаланады.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА КӨНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНДІРІСІ
Қазақ даласында көне заманның өзінде-ақ металлургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көшпелілер өңірінде кең тараған жануарлар стиліндегі өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші болды.
МЕРГЕНДІК НЕМЕСЕ НЫСАНА КӨЗДЕУ
Бізге мәлім болғандай оқ ататын мылтық XIV ғасырдан пайда болған.
КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?
Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...