ИМРЕССИОНИСТЕР
Категориясы: Өнер
К.Моне (1840-1926 жж.). "Аржантеедегі көпір"
Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.
Олар шығармалары Парижде алғаш рет көрмеге қойылысымен-ақ суретші қауым тарапынан француздың «impression» - «әсер» деген сөзінен шығарып, импрессионистер деген атақ алды. Шынында да, олар өз туындыларында өмірден алған әсерлерінің ізін суытпай тұрып, бейнелеуге тырысатын. Су айдынына, жапырақтарға, кісілердің үсті-басына түскен күннің шуағына дейін қолмен ұстап, көзбен көргендей дәл жеткізетін. Олардың суретінен өкпек желді, жауыннан кейінгі дымқыл ауаны, күн қыздырып балбырап жатқан топырақты дәл сол қалпында сезінесің.
Олар табиғаттағы әр алуан құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, дәл жетікізуді тырысты. Импрессионистердің бірі Моне тұман күнгі Лондонды бейнелейтін шығарма тудырды. Оны көрмеден көрген лондондықтар әдетте бұлыңғыр сұрғылт деп жүретін тұманның қызыл күрең боп қошқылданып кеткеніне қатты қайран қалысты. Артынан көшеге шығып, тұманның, шынында да, суретші салғандай қызыл қошқыл екеніне көздері жетті. Өйткені, Лондонның үйлері көбінесе қызыл кірпіштен салынған-ды. Олар дымқыл ауада дүниені қызыл мұнар қоршап алғандай әсер қалдырады екен.
Сүйтіп, суретші бұрын байқалмай жүрген бір ақиқатқа адамдардың көзін жеткізді.
Импрессионист суретшілердің шығармашылық жолдары өте қиын болды. Олардың шығармалары әу баста тіптен анайы әрі күлкілі көрініп, ешкім мойындамай қойды. Сатып алушылар да табылмады. Бірақ, олар алған беттерінен қайтпады. Аштыққа да, жоқтыққа да мойымай, өз ізденістерін жалғастыра берді.
Импрессионистердің өнеріне жұрт әбден мойын ұсынған кезде, олардың көпшілігі дүниеден ауып та үлгерген-ді.
Қазір жер жүзінің көптеген музейлері өздерінде сақтаулы Мане, Моне, Ренуар, Дега, Сислей, Писарро шығармаларын ерекше мақтаныш тұтады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 21:04:50 Қаралды-3703
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ
Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қа
СЕЛ
Сел - тау өзендерінің арнасында кенеттен пайда болатын, су деңгейі күрт көтерілген және құрамында қатты материалдар (тау жыныстарының қираған өнімдері) көп уақытша тасқын. Сел ұзақ жауған күшті нөсер жауын, мұздың күрт еруі нәтижесінде, өзен арнасына тау
ВЕЛОСИПЕД ТАРИХЫНАН
Велосипед тебушілер және онымен жарыс жолына шығып бағынушылар ұлы ғалым, суретші Леонардо да Винчиге қарыздар, себебі ұлы ғалым 1495 жылы оның алғашқы жобасын жасапты.
ЛИНОГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Қазір сендер көріп отырған сурет тек аң және қара бояудан ғана тұрады. Бұл - гравюра. Бірақ ол ағаштан емес, линолеумнен ойылып көшірілген.
МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.
ЕҢ АЛҒАШ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТ ҚАЙ ЖЕРДЕ САЛЫНДЫ?
Бірінші көпқабатты ғимарат 1885 жылы Чикагода пайда болды деп есептеледі.