UF

ИКОНА ЖАСАУ ӨНЕРІ

Категориясы: Өнер


 

Владимир тәңіранасы. ХІІ ғ.

Куликов даласында татарлар орыс әскерінің тегеурініне шыдай алмай, тырағайлап қаша жөнелді. Сан ғасырдан бері еңсесін көтере алмай келе жатқан Русь еркіндік алды. Жұрт монғол-татар үстемдіғімің дәурені өткеніне енді-енді көздері жете бастады. Москва Кремлінде Успен, Благовещен, Архангель соборларының ақшаңқан ғимараттары бой түзеді. Оларды әшекейлеуге орыс, грек, итальян шеберлері шақырыла бастады.

Сол дәуірде орыстың тамаша суретшісі Андрей Рублев өмір сүрген.

Ол кезде суретшілердің көбісі сияқты Рублевта монах болатын. Ол Москва түбіндегі Загорск қаласының қасындагы Троицк Сергиев монастырінде бүкіл жастық шағым өткізді. Сурет салу өнеріне де сонда үйренді.

Андрей Рублев Троице-Сергиев монастырінен Москвадағы Андроников монастыріне ауысты. Қазір онда Рублев атындағы музей бар.

Дарынды суретші Кремльдегі Благовещенск соборын әшекейлеуге шақырылды. Мұнда атақты грек суретшісі Феофан Грек және Городцаның орыс шебері Прохор жұмыс істеп жүрген-ді. Рублев те солардың қасына қосылды. Ол кезде Россияда тек шіркеулік бейнелеу өнері ғана бар болатын. Суретшілер өз өнерін тек шіркеу ғимараттарын әшекейлеу мен икона жасауға ғана жұмсайтын.

Икона - діни мазмұндағы сурет. Ол жұмыртқаның сары уызын қосып әзірленген арнайы бояулармен ағаш тақтайларға салынатын. Суретшілер онда періштелер мен әулиелерді, діни аңыздардағы көріністерді, кейде тарихи оқиғалар мен шайқастарды бейнелейтін. Мәселен, Третьяков галереясында XV ғасырда жасалған, суздальдықтар мен новгородтықтардың соғысын бейнелейтін икона сақталған. Иконалардағы әулиелердің көбі қарапайым орыс адамдарына ұқсайды.

Иконалар үлкен соборлардың да, кішкентай шіркеулердің де негізгі әшекейі болып есептелетін. Зәулім ғимараттарды әшекейлеуге сол заманның ең атақты суретшілері шақырылатын. Бірақ, көптеген иконалар бізге аты жетпеген беймәлім халық шеберлерінің қолынан шыққан.

А.Рублев (1360-1430 жж. шамасы) "Троица"

Рублевтың ең тамаша шығармасы - «Троица». Ол көне заманғы кәрия Авраамға бейтаныс жолаушы боп келетін үш періште туралы діни аңыздың негізінде салынған. Рублевтың бейнелеуінде - періштелер стол басында отырған үш жасөспірім жігіт. Қанаттары алтын түстес, киімдері күмісше жалтыраған жасыл, көгілдір, күлгін түсті. Ортадағы періштенің шапанын Рублев сол кездегі ең қымбат ашық көк бояу ляпис - лазурьмен бояпты. Ол ішкі қызыл күрең киімдермен келісті үйлесім тауып тұр. Рублевтың «Троицасынан» нәзіктік пен жым-жырт тыныштық лебі өседі, оның бояулары айқын да ажарлы.

Рублевтың көптеген шығармалары құрып кеткен, ал біздің дәуірімізге дейін жеткендері орыс өнерінің мақтанышына айналып, көздің қарашығындай күтіп сақталуда. Андрей Рублевтың туғанына алты жүз жыл толу мерекесін бүкіл дүние жүзі түгел атап өтті.

 

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

 

 

 

  Жарияланған-2016-11-03 17:13:55     Қаралды-4601

Мәлімет сізге көмек берді ма

ІЛЕ

...

Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

...

Мәнті әр түрлі фарштан дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

...

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҚАЙ ЖЕРДЕ «ӨСЕДІ»?

...

Қағаз қай жерде "өседі"?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕСПЕ САЛҒАН ЕТ

...

Осы тағамды дайындауға арналған бүйрек тұзды суға салып асылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »