UF

АБЫЛАЙ ХАН

Категориясы: Тарих


Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шабады. Осыдан бастап ол Абылай атанып кетеді. Абылай 1711 жылы арғы тегі Шыңғыс ханның ұлы Жошыдан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген.

Абылай әкесі Уәлиден айырылып, жетімдіктің зардабын ерте тартады. Балалық шағы мен жасөспірім кезі қуғында өтеді. Ол атақты Төле бидің бақташысы болған деп те айтады. Абылайдың аты жоңғарлармен болған шайқаста әйгілі болады. Ұрыстардың бірінде жекпе-жекте жоңғардың батыры Шарышты өлтіріп, «Абылай» деген ұранмен жауға карсы шығады. Қазақ жауынгерлеріне жігер беріп, рухтандырып, шайқаста жеңіске жетеді. Осы жеңістен соң ол Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады.

1771 жылы Түркістанда Абылайды ак киізге көтеріп, қазақтардың үш жүзінің ханы етіп тағайындайды.

Абылай Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін қалпына келтіріп, ірі мемлекетке айналдырды. Ресей мен Қытай арасында жүріп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Екі мемлекетпен арақатынасты бірдей ұстап, халқының өз туған жерінің қожасы, өз тағдырының иесі болуын көкседі. Оның данышпандығы мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы Далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.

Абылай хан он жыл билік жүргізді. Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді аткарды. Ол билік жүргізген он жылдың Дала тарихына Абылай дәуірі боп кіруі тегін емес. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады.

Абылай хан 1781 жылы 70 жасында өмірден қайтты. Тарихи ұлы түлғаның денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылған. Халық жадында ол тәуелсіз Қазақ мемлекетінің символы іспеттес.

  Жарияланған-2015-11-13 18:04:35     Қаралды-25637

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМА САМБУГЫ

...

Жуылып, ортасындағы өзегі алынған алмалар аздаған су қосылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Алманың ортасына және үккішпен үгілгеннен кейін қалған сығындының үстіне су құйылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДІРІЛДЕКТІ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

...

Үйітіліп, әбден тазартылған сиырдың сирағы бірнеше бөлікке бөлінеді де кастрюльге салынып, су құйылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

...

Бұл - әбден қайнатылған бал-шекер шырынымен араластырылған күнбағыс дәнінен әзірленген, төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЗДЫГҮНІ ШҰБАР, АЛ ҚЫСҚА ҚАРАЙ АППАҚ

...

Аңдардың бірі жауынан ағаш қуысына, екіншісі қар астына, үшінші біреулері індеріне жасырынып құтылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАРЫ ТАЛҚАНЫ

...

Тарыны талқандап, сары-маймен, қант ұлпасымен араластырып, бұлғау керек. Бұл тағам көбінесе шай дастарқанына қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Неге қамшы сондай қатты дыбыс шығарады?

...

Қамшының «дыбысы» қамшының ұшы дыбыс жылдамдығының тез қозғалуынан пайда болады, ол аз ғана дыбыстық соққыны құрайды. 1958 жылы бұл дерек 1927 жылы жасалған жоғары жылдамдықтағы көлеңкедегі бірнеше суреттерге талдау жасаған кезде расталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »