UF

ДЕКОРАЦИЯ

Категориясы: Өнер


Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!

Ол жүгіріп келе жатқан баспалдақтың өн бойынан алуан түсті шамдалдар нұр төгеді, жан-жағы самаладай жарқыраған кең сарай түп жақта, алыста сәнді бәйтеректер бой түзеген әсем парк мұнартады.

Осынау сәнді сарай да, ну бақша да, Золушка тұратын жұпыны үй де театр сахнасына орналасқан.

Бұл - Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда қойылған «Золушка» балетіне арнап суретші П. Вильямс жасаған декорация.

Сахнаға әлі кейіпкерлер шықпай тұрып, тек П. Вильямс декорациясына қарап-ақ, біз ертегілерде ғана кездесетін ғажайып өлкеге тап болғандай, қазір бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет оқиғаларды бастан кешіретіндей ерекше сезімге бөленеміз.

Қай-қай спектакльге де суретші декорация жасайды. Ол үйлерді де, көшелерді де, өзендер мен көпірлерді де, төбелер мен ну ормандарды да қолдан орната алады. Бөлмелердің жиһазы, актер ұстайтын кез келген бұйым суретші назарынан қағыс қалмайды.

Декорация жасамас бұрын суретші шығармада айтылатын дәуірдің тұмыс-салтын егжей-тегжейлі зерттеп алады, ол тұстағы адамдардың қалай киінгенін де сұрап біледі. Өйткені артистердің киімі де ол көрсеткен үлгімен тігіледі.

Спектакльдің ойдағыдай шығуы суретші-декоратор өнеріне де көп байланысты. Өйткені ол өз өнері арқылы спектакльдің негізгі рухын ашады. Байсалды да байыпты жасалған декорация көруші көңіліне бір түрлі әсер етсе, қызылды-жасылды, әлеміш декорация екінші түрлі әсер қалдырады.

Сондықтан да, декоратор - суретші кейіпкерлердің басындағы ахуалға айланысты сахнадағы жарықты да біресе жарқыраған жазғы таңның шуағындай, біресе айлы түннің солғын нұрындай қып сан құбылтып оырады.

Спектакль декорациясын жасау тек үлкен шеберлердің ғана қолынан келеді.

Шымылдық ашыла сала күллі залдың дуылдатып қол соғатынын жиі көреміз. Ол - декоратор суретшінің өнері театрға келген қауымға бірден ұнағанының белгісі.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-02 16:00:36     Қаралды-4371

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮЛДІРГЕН ТҮРЛЕРІН ЕГУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ

...

Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын кө

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ СІЛІКПЕСІ

...

Сүт қайнатылып, оған құм шекер мен ванилин салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА

...

Дина Нүрпейісова (1861-1955) - Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге д

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕҢІЗДЕГІ ТЕЛЕГЕЙ СУ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?

...

Егер глобусты шыр айналдырсақ, ол тек қана - көгілдір түсті болып көрінеді. Олай болатын себебі - оның бетіндегі сары, ақ, жасыл, қоңыр түске қарағанда көгілдір бояудың басымдығы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰР

...

Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »