СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ
Категориясы: Табиғат
Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.
Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлідердің суын уландырып жатыр.
Босниядағы соғыс кезінде сербтер қару-жарақпен соғыс орнына басқа әдіс тапқан - қарсыластарының ауыз су алатын көздерін жойған.
Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде колданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарында онсыз да тапшы суды арандатушылық өрекеттерге қолдануда.
Статистер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді.
Иордания королі Хусейннің төмендегі сөздері ғалымдардың пікірін растай түсетіндей:
«Израильмен арадағы түсінісушілік келісімдерімізге тек қана су мәселесі кедергі болуы мүмкін».
БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін корінеді.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тикелл бүкіл дүниеде ауыз су өзекті мәселеге айналып отырғаньш ескертіп былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».
Табиғат - төңірдің сыйы - суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі - адамзат алдындағы халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.
Табиғат-ананың сыйы - судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.
Біздің планетамызда су көп, әйтсе де сол судың қадірін білеміз бе? Жер шарының 60%-інде тұратын халық тұщы судың болмауынан немесе жетіспеуінен зардап шегеді. Мәселен, Грецияның Афины және Пиреяға жақын орналасқан аудандарында ауыз су жоқ. Оны алыстағы таулардан тасып ішетіндіктен, су бұл жерде шараптан да қымбат. Хорватияның көптеген облыстарында судың әрбір тамшысы есептелінеді. Югославияның кейбір теңіз жағалауындағы аудаңдары мен аралдары кемемен жеткізілген тұщы суды пайдаланады. Кейбір жерлерде су автомашинамен, тіпті ұшақпен тасылады. Мәселен, Гонконг пен Сингапур тұщы суды көршілес Қытай мен Малайзиядан алады. Алжир елі бүтіндей дерлік ауыз суды тасып ішеді. Жапон елінде де ауыз су өте көп еңбекпен келеді. Мұндай мысалдарды көптеген келтіруге болады. Су проблемасы аса маңызды проблеманың біріне айналатын күн де таяу.
Бір кезде академик Ферсман тұщы суды «онсыз тіршілік болмайтын жер бетіндегі ең маңызды минералы» деп атаған. Жыл өткен сайын бұл ақиқатқа айналып келеді. Суды ешнәрсемен алмастыруға болмайды, өйткені тірі организм сусыз тіршілік ете алмайды. Сонымен, «судың да сұрауы бар». Су қадірін білесіз бе?
Жарияланған-2016-11-01 17:30:36 Қаралды-8583
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ
Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.
8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ
Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...
ТҮРІК ШЕЖІРЕСІ
«Түрік шежіресі» - Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. ІІІығарма 9 тараудан және алғы сөзден тұрады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). Шежіреде түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің, Әб
Бізге қанша уақыт ұйқы керек?
Біз ұйқы қашан біздің миымыз және денеміз демалған кезде болдаы деп ойлаймыз. Бұл олай емес; ұйқы бұл көптеген маңызды процестердің, қалыпқа келулердің және күш жұмсаулардың өтетін белсенді уақыттары. Ұйқы – денсаулыққа өте маңызды. Бірақ, шектен тыс көп
СУ ТУРАЛЫ 15 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Біз күн сайын сумен әрекеттесеміз: оны ішеміз, онымен тамақ әзірлейміз, жуынамыз, ыдыс жуамыз.