ТӘУКЕ ХАН
Категориясы: Тарих
Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.
Тәукенің тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналды. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген дәуірі, «алтын ғасыры» саналады. Ол 1690 жыл шамасында «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» ережелерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл заңдар мемлекетті нығайтуға бағытталды.
Тәуке хандықты билеуде, негізінен, әр жүздің билеріне арқа сүйеді. Ұлы жүзде - Төле биге, Орта жүзде - Қазыбек биге, Кіші жүзде - Әйтеке биге басқару тұтқасын берген. Оның тұсында хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының жиынын өткізу қалыптасты.
Казак хандығында Тәуке тұсында сыртқы жағдайлар біршама тұрақтанып, нығая түсті. Өзі билік құрған кезде Тәуке хан жоңғарларға қарсы табандылықпен күресті. Ол Орта Азияда әмір кұрған Аштархан әулетімен және Ресей, Моғолстанмен сауда-саттық байланыстарын жүргізді, дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұхар хандығымен сауданы дамыту мақсатында елшілікті жолға қойды. Бірақ Бұхар хандығымен Сырдария бойындағы калалар үшін кішігірім қақтығыстар болып тұрды.
Халық Тәуке ханның еңбегін бағалап, оны «Әз-Тәуке» деп ардақтаған.
Тәуке хан - билігі казақтың үш жүзіне тараған қазақтың ең соңғы ханы. Ол қайтыс болғаннан кейін олардың әрбіреуінде өз хандары сайланып, тұтас мемлекет жүздерге қарай ыдырап кетті. Тәуке хан 1715 жылы қартайған шағында дүниеден өтті. Ол да барлық ата-бабалары сияқты Түркістанда жерленген.
Жарияланған-2015-11-13 17:30:48 Қаралды-57221
ШЫМКЕНТ

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы
КАМЧАТКА

Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек, Ресей жерінде. Батысы - Охота теңізі, шығысы - Тынық мұхит және Беринг теңізі.
НЕЛІКТЕН ШЫҢҒЫС ХАН ӘСКЕРІ ӘЛЕМНІҢ ЖАРТЫСЫН ЖАУЛАП АЛДЫ?

Бұл сұрақтың жауабы моңғол әскерінің бойына серік болып көрінген сәттілікте ғана емес, сонымен бірге бұл әскердің қаншалықты күшті екенінде де жатыр.
Неге қаламның қақпақшасы осылай болуы тиіс?

Шарлы қаламды барлығы біледі. Бірақ, қаламның қақпақшасы неге осылай болатынын ешкім ойламаған.
РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.