18 ТҮРЛІ ҚУЫРҒАН ЕТ ТАҒАМДАР
Категориясы: Тағам
Тауық етінің қуырдағы
Құрамы:
1 тауық, 2 ас қасық тоң май, 2 пияз, 2 жас помидор немесе 1 тұздалған қияр, 1 жас қияр немесе жарты тұздалған қияр, 1 кесе сорпа, жарты кесе көк бұршақ немесе үрме бұршақ, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Отқа қойылған қазан қызған кезде май салынады. Май еріп, қайнай бастағанда оған кесектеп туралған тауық еті дөңгелектеп кесілген пиязбен қосып қуырылады. Тұздалапп, бұрышталады. Сәл қуырылған соң сорпа құйылада да, қазанның қақпағы жабылып, бұқтырылады.
Піскеннен кейін қиярмен, помидормен әсемделіп, дастарқанға әкелінеді. Гарнир ретінде көк бұршақ немесе үрме бұршақ пайдалануға болады.
Бағлан етінен дайындалған қуырма
Құрамы:
600 грамм бағлан еті, 2 ас қасық қорытылған май, орташалау 5-6 картоп, 1-2 ас қасық томат пюресі, 2 пияз, 2 ас қасық ұзыншалап туралған пияз, 1 ас қасық ұсақ аскөк, тұз бен бұрыш татымы мен дәміне қарай.
Дайындау тәсілі:
Бағлан еті бір кісіге екі кесектен келетіндей ірі-ірі етіліп сүйегімен қоса туралады. Қазан отқа қойылып, қызғаннан кейін май салынады. Май еріп қайнай бастағанда дөңгелектеп кесілген пиязбен бірге әлгі туралған ет салынып, қуырылады. Сәлден кейін томат пюресі қосылып, тағы да 5-7 минут қуырылады да, үстіне аздап сорпа құйылады. Тұздалып, бұрышталады. Ұзыншалап кесілген көк жуа, қабығы аршылған тұтас картоп салынып, әбден піскенше бұқтырылады.
Дастарқанға шұңғыл тарелкаға салынып әкелінеді. Бетіне көк себіледі.
Қуырылған жамбас
Құрамы:
қой ұшасының 1 артқы аяғы (саны, жамбасы, ортан жілігі, асықты жілігі, құйымшағы), 240 грамм құйрық май, 5-6 түйір сәбіз, 1 кесеге жуық тоң май, 4-5 тал петрушка, 3 пияз, 1 кесе 3 проценттік сірке суы, 2 кесе су, гарнир үшін – 7-8 картоп, 3-4 қияр немесе 4-5 помидор.
Дайындау тәсілі:
Қойдың ұшасынан артқы аяғының бірі кесіліп алынады. Сіңірлері алынып тасталынады, ет шапқышпен еті ұрғыланып, тапталады. Содан соң сірке суына батырылған шүберекке 10-12 сағат орап қойылады. Осы мерзімнен кейін еті тілгіленіп, құйрық май, сәбіз, сарымсақ салынады. Тұздалып, екі жағына аударыстырыла отырып қуырылады. Екі жағы бірдей қызарған соң үстіне ұсақтап туралған пияз, сәбіз, петрушка қосылады. Осы көкөністер қуырылды-ау деген кезде үстіне 100 грамнан бөліп-бөліп бірнеше рет су құйылады да бұқтырылады. Піскеннен кейін сүйектерінен еті сылынып алынып, туралады. Үстіне қуырылған кезде шыққан сөлі құйылады да, дастарқанға әкелінеді.
Гарнир ретінде қабығын аршып, тұтас асқан картоп, тұздалған қияр немесе помидор пайдаланылады.
Фаршталған бағлан жауырыны
Құрамы:
1 жауырын, котлет массасын дайындауға арналған 100 грамм қой еті, 250 грамм бидай ұнынан пісірілген нан, жарты кесеге жуық су, 2-3 пияз, 2-3 сәбіз, 1 жұқа тілік асқабақ (100 грамм), орташалау 1 шомыр, 1 ас қасық сары май, 3 помидор, 3 қияр, 2-3 тал петрушка, тұз бен бұрыш татымына қарайй.
Дайындау тәсілі:
Бағланның жауырын еті басқа жілікке жіберілмей, жік-жігін қуалай кесіліп алынады. Тегіс жағының еті ұзынынан тілініп сылынады, сүйегі алынып тасталады. Сөйтіп екі жаққа жазып жіберіледі де, ет шапқыштың шүйдесімен ұрғыланып, тапталады. Содан соң ортасына котлетке арналған масса, көкөніс қоспасы (дәмдеуіштер, шала қуырылған пияз бен сәбіз, қабығы аршылып, туралған асқабақ, буланып суытылған, сөйтіп үстіне сары май құйылған шомыр) салынады да, тапталған етпен оралып, жіппен шандып байланады. Сөйтіп қуыру шкафына қойылып, әбден піскенше қуырылады. Қуыру кезінде ауық-ауық өз сөлі өзіне құйылып отырады.
Піскеннен кейін дөңгелектеп кесіліп, жайпақ табаққа әдемілеп салынады. Дастарқанға әкелерде қиярмен, помидормен, петрушка сабақтарымен әсемделеді.
Алматылықтар әдісімен қуырылған қой еті
Құрамы:
1 килограмм ет, 3,5 ас қасық тоң май, 1 кесе күріш, 1 кесе жіңішкелеп кесілген сәбіз, жарты ас қасық томат пюресі, 2 жас помидор немесе сонша тұздалған помидор, 2 жас қияр немесе сонша тұздалған қияр; ет маринадтау үшін үлкендеу 1 пияз, жарты кеседен астам (150 грамм) 3 проценттік сірке суы, тұз бен ұсақ қара бұрыш татымына қарай, пияз маринадтау үшін - кесенің 1/3 бөлігіндей 3 проценттік сірке суы, 2 шай қасық қант.
Дайындау тәсілі:
Қойдың төс еті әр кісіге 2 ірі кесектен келетіндей етіліп туралады да, пияз бен бұрыш қосылған сірке суына салынып, 5-6 сағат маринадталады.
Қазан отқа қойылып қыздырылады. Ол қызғаннан кейін май салынады. Сол май еріп, қайнай бастағанда маринадталған ет салынады да әбден қуырылады. Қуырылып болған соң тарелкалардағы гарнирдің устіне салып қиярмен және помидормен әсемделеді. Дастарқанға әкелерде маринадталған пияз салынады.
Гарнир ретінде томат пюресін қосып, майға бөктірілген сәбіз немесе асқан күріш пайдаланылады.
Қырғауыл етінен дайындалған қуырма
Құрамы:
ірілеу 1 қырғауыл, 20 грамм құйрық май, бір ас қасық сары май, 2 кесе жас капуста немесе сонша тұздалған капуста, 2 кесе қышқыл-тәтті тұздық; қышқыл-тәтті тұздық дайындау үшін - 480 грамм етті сүйек, 15 грамм тоқ май, 2 ас қасық томат пюресі 2 ас қасық ұн, ірілеу 1 сәбіз, 2 шай қасық қант, кішіректеу 1 пияз, 2 тал петрушка, 70 грамм қара өрік, 30 грамм мейіз, 2 ас қасық 3 проқенттік сірке суы, 2-3 лавр жапырағы, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Қырғауыл жүнделеді, сирағы мен басы кесіп тасталады. Іші жарылып, ішек-қарнынан тазартылады. Сыртына кебек жағылып, отқа шарпылады. Содан соң мүше-мүшесімен бөлшектенеді де табаға әуелі құйрық май, содан соң қырғауыл еті салынады. Сонан соң қуыру шкафына қойылып қуырылады. Қуырылды-ау деген кезде шкафтан алынып, үстіне қышқыл-тәтті тұздық құйылады. Табаның қақпағы жабылады да 5-10 минут отқа қойылады. Бірақ отты басыңқырап қою керек.
Піскеннен кейін ыдысқа салынады да үстіне өз сөлі және сары май құйылады. Гарнир ретінде кез-келген көкөніс, мәселен капуста пайдалануға болады.
Қышқыл-тәтті тұздық дайындау үшін қара өрік үстіне аздап су құйылып қайнатылады. Қайнатынды сүйек сорпасымен дайындалған қызыл тұздыққа құйылады. Оған 3 проқенттік сірке суы, қара бұрыш түйірлері, лавр жапырағы қосылып 10-15 минут қайнатылады. Содан соң тұздық сүзіп алынып, оған сүйексіз қара өрік, ұсақталған мейіз қосылады. Сөйтіп тағы бір рет қайнатылады да сары май салынады.
Түйе етінен дайындалған қуырма
Құрамы:
1 килограмм ет, 2 ас қасық тоң май, 2 пияз, 2-3 помидор, сарымсақтың 3-4 баданасы, 4-5 тал петрушка, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Түйенің жұмсақ етінің сыртқы шандыры сыдырылады да ұсақтап туралады (олардың әрбір кесегі 25-30 грамнан тартуға тиіс. Тұздалып, бұрышталады. Әбден ұнтақталған сарымсақ қосылып араластырылады. Қазанға аздаған ғана май салынып, соған ұсақтап туралған пияз қоса отырып қуырылады. Пісуіне 10 минут қалғанда тіліктелген помидор немесе томат пюресі салынады. Үстіне ұсақтап кесілген көк себіледі. Бұл тағам қазанның қақпағы жабылып, отты басыңқырап қойып қуырылады.
Дайын тағам жайпаң ыдысқа салынып, бетіне көк себіледі. Гарнир ретінде кез-келген көкөніс пайдаланылады.
Қуырылған шөже
Құрамы:
1 шөже, 1 ас қасық қаймақ, 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық сары май, сарымсақтың 1 баданасы.
Дайындау тәсілі:
Тауықтың 1 айлың балапаны жүнделіп, отқа шарпылады. Жуып, тазартылады да, іші жарылып, ішек-қарны алып тасталады. Қанаттары жиналып, қабырғалары арқасына қарай қайырылады. Екі жағына бірдей тұз бен ұнтақталған сарымсақ жағылады да бір сағаттай жауып қойылады.
Содан соң шөже қаймақпен сыланады да сары май қыздырылған табаға шалқасынан салып қойып қуырылады. Үстінен ауыр затпен немесе 2-3 килограмдық қақпақпен бастырылып қойылады. Сөйтіп әуелі бір жағы, содан соң екінші жағы әбден қызарғанша қуырылады.
Осылайша дайындалған шөже жайпақ ыдысқа салынып, үстіне тұздық құйылады да дастарқанға әкеленеді.
Гарнир ретінде кез-келген көкөніс немесе маринадталған жеміс пайдаланылады.
Алматылықтар әдісімен қуырылған шөже
Құрамы:
1 ірілеу шөже, сарымсақтық 2 баданасы, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық тұз, 1 жұмыртқа, жарты кесе үгілген нан, 2 ас қасық тоқ май.
Дайындау тәсілі:
Балапанның ішек-қарны алып тасталып, әбден тазартылып жуылған ұшасы тақтай үстіне салынады да, ет шапқышпен шабылып, төрт бөлікке бөлінеді. Сирағы, қанаттарының ұшы, басы кесіп тасталады. Мүмкіндік болса ірі сүйектерін де алып тастаған дұрыс. Сонымен балапан ұшасына тұз беп үнтақталған сарымсақ жағылып, ұнға, жұмыртқаға және үккішпен үгілген бөлке нанға аунатылады.
Қазан отқа қойылып, қыздырылады да, май салынып, ерітіледі. Май қайнай бастағанда оған шөже салынып, әуелі бір жағы, содан соң екінші жағы қызарғанша қуырылады. Екі жағы қызарғанша қуыруға 20 минуттай уақыт кетеді.
Қуырылып болғаннан кейін тарелкаға салынып, су себіледі де, қақпақпен жабылады. Содан кейін бәсеңдеу отқа 10 минуттай ұсталады да дастарқанға әкеле беруге болады.
Грузиндер әдісімен қуырылған шөже
Құрамы:
кішіріктеу 2 балапан, 1 ас қасық тұз, бір шай қасық қара бұрыш, сарымсақтың 1 баданасы, 2 ас қасық тоқ май, 2 шай қасық сары май, 1 ас қасық толар-толмас лимон қышқылы, 1 кесе су.
Дайындау тәсілі:
Балапан жүнделеді. Сирақтары, қанатының ұшы, басы кесіп тасталады. Іші жарылып, ішек-қарнынан тазартылады. Отқа шарпылып, жеңіл-желпі үйтіледі. Мүмкіндігінше ірі сүйектері де алынып тасталады. Осылайша дайындалған балапан ет шапқыштың шүйдесімен ұрғылап, тапталады да екіге бөлінеді.
Суға лимон қышқылы құйылып араластырылады да, ұсақтап туралған сарымсақ, сары май салынады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылып, оған шөже ұшасы салынады да, бір тәулік бойы ыдыстың қақпағы жабылып қойылады.
Келесі күні маринадталған шөже сорғытылады. Содан соң табадағы қайнап жатқан майға салынады да, 15 минуттай қақпағы жабылып қойылады.
Осы уақыттан кейін алдын-ала қыздырылған тарелкаға салып, дастарқанға әкеле беруге болады. Бірақ дастарқанға қоярда бір тілім лимонмен немесе тұздалған қиярмен әсемделеді.
Гарнир ретінде сорпаға асқан күріш пайдаланылады.
«Жетісу» котлеті
Құрамы:
375 грамм тауық еті, 125 грамм қой еті, 3 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа, 60 грамм кепкен нан ұны, сонша ұн, котлет қуырылатын 3 ас қасық тоң май, тұз татымына қарай, гарнир үшін: картоптың орташалау 5-6 түйнегі, 2 ас қасық сары май, 1 ас қасық ұсақтап туралған аскөк, тұз татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Тауықтың жұмсақ еті терісімен және қой еті туралады да араластырылып, ұсақ көзді ет тартқышпен екі рет тартылады. Тұздалады. Мұқият араластырылады. Сөйтіп күлше формасына келтіріледі де, тоңазытылған сары маймен фаршталады. Содан соң күлшенің жиектері қосылып, сопақтау формаға келтіріледі. Осылай дайындалған шикі котлет әуелі ұнға аунатылады. Одан жұмыртқа жағылады. Ең соңында кепкен нан ұнына аунатылып, қуырылады.
Дайын болған котлет дастарқанға әр кісіге екі түйірден есептеліп, картоп үстіне салынып әкелінеді. Гарнир үшін картоп былай дайындалады: орташалау картоп түйнектері іріктеліп, тұтас күйінде тұзды суға салып пісіріледі. Дастарқанға қояр алдында, яғни үстіне котлет салынар кезде ерітілген сары май құйылып, ұсақтап туралған көк себіледі.
«Алатау» котлеті
Құрамы:
1 килограмм қой еті, 75 грамм құйрық май, 1 ас қасық сары май, 1 пияз, 2,5 жұмыртқа, 100 грамм ақ нан, 2 ас қасық тоң май, гарнир үшін 5-6 картоп, тұздалған немесе маринадталған 2 қияр, 1 кесеге жуық көк бұршақ, 1 шай қасық сары май, гарнир ретінде пайдаланылатын салат үшін: 1 кесе ұзыншалап кесілген капуста, ірілеу 1 сәбіз, 1 ас қасыққа жуық 3 проқенттік сірке суы, 1 ас қасық мақта майы, тұз бен бұрыш дәмі мен татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Қойдың төс еті сүйегімен қоса кесіліп алынады да, ет шапқыштың шүйдесімен ұрғыланып тапталады, тұздалады. Ұсақтап туралған құйрық пен шала қуырылған пияз қоса отырып фаршталады. Сөйтіп алмұрт формасына келтіріліп, әуелі жұмыртқа жағылады, содан үгілгән ақ нанға аунатылады. Содан соң осы проқесс тағы бір қайталанады да, майы қайнап жатқан табаға салып қуырылады.
Дайын болған котлетке гарнир ретінде асқан картоп және тұздалған немесе маринадталған қияр пайдаланылады. Сондай-ақ гарнирге кез-келген көкөніс салаты жарай береді. Мәселен, капуста мен сәбіз ұзыншалап кесіледі. Аздап тұздалып, бұрышталады. Сірке суы шашылып, ерітілген мақта майы құйылып, бәрі араластырылады.
«Саят» котлеті
Құрамы:
1 килограмм 300 грамм киік еті, 100 грамм бидай наны, 100 грамм сүт, 2,5 жұмыртқа, 75 грамм бауыр, 25 грамм брынза, 2 ас қасық кепкен нан ұны, 2 ас қасық тоң май, 1 ас қасық әшкөк.
Дайындау тәсілі:
Киік еті ет тартқышпен тартылып, алдын-ала сүтке жібітілген нан қосылады. Екеуі араластырылып, ет тартқышпен тағы да тартылады. Тұздалып, бұрышталады. Жұмыртқа қосып, тағы да араластырылады. Күлше формасына келтіріледі. Ортасына брынза қосылған ұсақ бауыр кесектерінен тұратын масса салынып, жиектері қосылады да, сопақ формаға келтіріледі. Содан соң кепкен нан ұнына аунатылып, май қайнап жатқан табаға салынады да аударыстыра отырып қуырылады.
Дайын болған котлет әр кісіге екі түйірден бөлінеді. Ол үшін тарелкаға әуелі гарнир, содан соң котлет салынып, бетіне ұсақтап кесілген әшкөк себіледі. Гарнир үшін кез-келген көкөніс, асқан картоп пайдалануға болады.
Жылқы етінің котлеті
Құрамы:
1 килограмм 400 грамм жылқы еті, 100 грамм бидай наны, 2,5 жұмыртқа, 2 ас қасық тоң май, 1 ас қасық сары май, 3 пияз, жарты шай қасық лимон қышқылы, 50 г грамм кепкен нан ұны, 1 кесе күріш, 1 ас қасық ұсақталган әшкөк, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Ет сіңірлерінен тазартылады да ұсақтап туралып, қос торлы ет тартқышпен тартылады. Ол алдын-ала сүтке жібітілген бидай нанымен араластырылып, жұмыртқа қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Сөйтіп, тағы да ет тартқыштан өткізіледі. Осы масса жақсылап араластырылады да күлше формасына келтіріледі. Оның ортасына ұсақтап туралып, бөктірілген пияз салынып, лимон қышқылы құйылады да, жиектері қосылып, котлет формасына келтіріледі. Содан соң кепкен нан ұнына аунатылып, майға қуырылады.
Дастарқанға әр кісіге екі түйірден гарнирімен бірге әкелінеді. Бетіне ұсақтап туралған әшкөк себіледі.
Гарнир ретінде алдын-ала сорпаға асылған күріш пайдаланылады.
«Алматы» биточкиі
Құрамы:
900 грамм қой еті, жарты кеседен астам ұн, 1,5 жұмыртқа, 6,5 грамм құйрық май, жарты кесе күріш, 3 пияз, 1 ас қасық тоң май, гарнир үшін: 1 кесе күріш, 1 пияз, 1 шай қасық тоң май, 2 ас қасық томат пюресі, 2 ас қасық майонез, 2 түйір жас алма, үстіне құйылатын 1,5 ас қасық сары май, тұз бен бұрыш татымына қарай.
Дайындау тәсілі:
Қой еті ет тартқышпен екі рет тартылады. Құйрық май ұсақталып туралады. Күріш шала пісіріледі, ал пияз шала қуырылады. Жұмыртқа жарылады. Сөйтіп, бәрі етке қосылып араластырылады. Тұздалып, бұрышталады. Су құйылып, тағы бір рет жақсылап араластырылады. Дайындалған осы массадан домалақтап биточкилер жасалады да кепкен нан ұнына аунатылып, майға қуырылады.
Гарнир ретінде сорпаға асқан күріш (оған аздап мейіз қосылады), шала қуырылған пияз, помидор пайдаланылады. Дастарқанға әкелерде тарелкаға әуелі гарнир салынады да, үстіне биточки қойылып, сары май құйылады. Алмамен әсемдеуге де болады.
«Көктөбе» шницелі
Құрамы:
сиырдың 800 грамдай жұмсақ еті, сарымсақтың 2 баданасы, 2 ас қасық тоң май, 2 ас қасық ұн, 1 жұмыртқа, тұз татымына қарай, гарнир үшін: 5-6 картоп, 2 сәбіз, 2 қияр, 2 помидор.
Дайындау тәсілі:
Сиыр етінің сыртқы шандыры сыдырылып, сіңірлерінен тазартылады. Жұқалап туралады. Оның әрбір кесегі ет шапқыштың шүйдесімен ұрғыланып, боршаланады да тұздалады. Ұсақтап туралған сарымсақ себіліп, 10 минуттай беті жабылып қойылады.
Қалың таба отқа қойылады да, май салынады. Май қызған кезде оған манағы боршаланған ет кесектері кезек-кезек: әуелі ұнға, жұмыртқаға, содан соң үгілген нанға аунатылып қуырылады. Ет кесектері салынғаннан кейін олар күйіп кетпес үшін отты бәсеңдетіп қою керек. Сөйтіп еттің яғни шницельдің екі жағының әрқайсысы 5-7 минуттан қуырылады. Барлық шницель қуырылып болған соң кастрюльге салынады да, қақпағы жабылып, от басыңқырап қойылады.
Дастарқанға әкелерде тарелкаға әуелі гарнир, оның үстіне шницель салынады. Гарнир ретінде асқан картоп, шикі көкөністер пайдалануға болады. Гарнирі картоп бола қалса үстіне ерітілген сары май құйылады.
«Алматы» тефтелиі
Құрамы:
500 грамм қой не сиыр еті, 1 жұмыртқа, 2-3 тілім бөлке нан, 1 пияз, 1 шай қасық өсімдік майы, 1-2 қасық ұн, тұз бен бұрыш татымына қарай, гарнир үшін: жарты кесе күріш немесе 1 кесе қарақұмық жармасы, 1 қияр, 1 помидор, 1 сәбіз.
Дайындау тәсілі:
Сиыр не қой еті ет шапқыштың шүйдесімен ұрғыланып, боршаланады. Үстіне жұмыртқа жарылып құйылады да, ұсақтап туралып, шала қуырылған пияз, сүтке езілген нан қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Содан соң масса жұмсақ болу үшін су құйылып, бәрі жақсылап араластырылады. Осы массадан ұзыншалау етіп тефтели жасалады да үстіне ұн себіледі.
Отқа таба қойылып, май қыздырылады. Май қызған кезде оған тефтели салынып қуырылады. Қуыру үстінде оны езіп алмай, аударыстырып отыру керек. Сонда ол қызарып жақсы піседі.
Дастарқанға әр кісіге екі түйірден гарнирмен қосып әкелінеді. Гарнир ретінде қарақұмық немесе күріш ботқасы пайдаланылады. Шикі көкөністермен әсемдеуге де болады.
«Астаналық» бифштекс
Құрамы:
500 грамм боршаланған ет, фарш үшін: 2 жұмыртқа, 2 ас қасық тоң май, 1 ас қасықтан астам ұн, 2 пияз, гарнир үшін: 5-6 картоп, жарты кесе сүт, қуыру үшін: 5 жұмыртқа, тұз бен бұрыш татымына қарай, 1 ас қасық ұсақталған аскөк.
Дайындау тәсілі:
Мұның еті де котлетке арналғандай дайындалады. Барлық айырмашылық - бұған үгілген нан қосылмайды. Масса жақсылап араластырылған соң қол сулап алынады да, әуелі домалақтап, содан соң үстінен алақанмен басып, дөңгелек формаға келтіріледі.
Таба отқа қойылады. Оған май қыздырылып, сақиналап кесілген пияз шала қуырылады. Ол сүзіп алынып, кастрюльге салынады да жылы жерге қойылады. Қалған майға үстіне ұн себілген бифштекс қуырылады.
Тарелкаға картоп ботқасы, бір жиегіне манағы шала қуырылған пияз, содан соң бифштекс салынады. Бетіне көк себіледі немесе шала қуырылған жұмыртқа (яичница) салуға болады.
Жарияланған-2016-09-21 16:48:15 Қаралды-9906
МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?
Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.
МакДоналдстың барлық «алтын аркалары» алтын түсті бола бермейді
Алтын Аркалар – МакДоналдстың символы. Бастапқыда, бұл аркалар мейрамхана дизайнының бір бөлігі болды. Олар 1962 жылы франшиздың логотипіне қойылған, ол мейрамхананың беделін көтерді, ал 1968 жылы олар «алтын аркаларға» айналды, олар "McDonald
ҚҰРТ - АСЫЛ ТАС, ІРІМШІК - ПАЙДА АС!
Мәйек - әлі отықпай тұрып сойылған жас қозының ұлтабары. Мұндай ұлтабардың уызды өңезі (сары уызы) болады.
АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН
Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ
2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.