UF

КЕБЕП (ШАШЛЫҚ) КӨП БОЛМАЙДЫ

Категориясы: Тағам


Қазақша кебеп

 

Құрамы:

600 грамм қой еті, 1 шай қасық ұнтақ қара бұрыш, 3-4 пияз, 4 ас қасық 3 проценттік сірке суы, 1 шай қасық тұз.

Дайындау тәсілі:

Қой етінің жұмсағынан әр кесегінің салмағы 15-16 грамнан келетіндей етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады. Сақиналап кесілген пияз қосылып, жүзім сірке суы құйылады да араластырылып, эмальды кастрюльге аударылады. Сөйтіп қараңғылау жерде 4-5 сағат ұсталады. Содан соң осылайша маринадталған ет кесектері бір-бірлеп істікке шаншылады да, арнайы ошақтағы (мангал) сексеуілдің шоғына, ол болмаса емен, қайың шоғына, аудармалап отырып, қарып пісіріледі.

Піскеннен кейін тарелкаға салынып, үстіне асханалық сірке суы шашылады да дастарқанға әкелінеді. Сақиналап кесілген пияз бен ұнтақ қызыл бұрыш бөлек ыдыспен беріледі. Қасына нан қойылады.


 

Той кебебі

 

Құрамы:

960 грамм ет, 5-6 пияз, 175 грамм маринад, көк, тұз, бұрыш, дәмдеуіштер татымына қарай, 2 литр маринад дайындау үшін - 2 сәбіз, 3 пияз, 1 үйеме қасық ұсақтап кесілген сельдерей, 1 шай қасық сарымсақ, 1 шай қасық петрушка, 1 шымшым зире, 4-5 лавр жапырағы, он шақты түйір қара бұрыш, 5-6 түйір қалампыр, 2 кесе 3 проценттік сірке суы, 1 кесе өсімдік майы.

Дайындау тәсілі:

Қой немесе сиыр еті, тіпті киік еті болсада әр кесегі 15 грамнан келетіндей етіліп туралып, тұздалады. Сөйтіп кастрюльге әуелі ұсақталған көкөніс пен дәмдеуіштер, содан соң ет, одан кейін тағы да көкөніс пен дәмдеуіштер салынады. Үстіне сірке суы, май құйылып, 8-10 сағат салқын жерге қойылады. Осы мерзім өткен соң ет кесектері істіктерге шаншылып, шоққа қарылып пісіріледі.

Дайын болғаннан кейін дастарқанға бір кісіге екі таяқшадан (екі істікке шаншылған еттен) есептеліп әкелінеді. Гарнир ретінде кез-келген көкөніс салаты пайдаланылады. Сақиналап кесіліп, алдын-ала маринадталған пияз қоса беріледі.


 

Қой етінің кебебі

 

Құрамы:

1 килограмм қой еті, 200 грамм құйрық май, 2-3 пияз, 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық зире, 2 шай қасық зире тұқымы, 1 шай қасық унтақ қара немесе қызыл бұрыш,  1ас қасық жүзім сірке суы.

Дайындау тәсілі:

Қойдың жұмсақ еті мен құйрық майының әрбір кесегі 15-16 грамнан келетіндей етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады. Ұсақтап туралған пияз қосылып, жүзім сірке суы құйылады. Бәрі жақсылап араластырылады. Қой еті жақсы маринадталу үшін эмальды ыдысқа салынып, үсті ауыр затпен бастырылады. Беті дәкемен жабылып, бірнеше сағат (4 сағаттан 24 сағатқа дейін) салқын жерге қойылады.

Осы мерзімнен соң әрбір істікке 6 кесек ет, ең соңында бір кесек құйрық май түйреледі. Сөйтіп, арнайы ошақтағы сексеуіл шоғына бір жағы, содан соң екінші жағы сөлі бөлініп, әбден қызарғанша қарылады. Ет біркелкі пісу үшін желпуішпен желпіп, шоқты маздата түсу керек. Ал егер кебеп майы ағып, от түтіндеп кетсе, шоқ үстіне ақ сірке суы қосылған су себіледі.

Піскеннен кейін әр кісіге 2-4 істіктен есептеліп, тарелкаға салынады да, бетіне сақиналап кесілген пияз себіліп әкелінеді. Қасына нан, бөлек ыдысқа салынған қызыл бұрыш, құтыға құйылған сірке суы қойылады. Қой етінің кебебі кейде ортақ ыдысқа салынып та әкелінеді. Онда сақиналап кесілген пиязбен, бір тілім тұздалған қиярмен немесе помидормен гарнирленеді немесе гарнир ретінде жас көкөніс те (помидор, қияр, шомыр, шалқан) пайдаланылады.


 

Сиыр етінің кебебі

 

Құрамы:

500 грамм сиыр еті, 500 грамм құйрық май, 2-3       пияз, 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық қара бұрыш, 2 ас қасық жүзім сірке суы.

Дайындау тәсілі:

Сиыр еті мен құйрық май әр кесегі 15-16 грамнан келетіндей етіліп туралады. Тұздалып, бұрышталады. Эмальды ыдысқа салынады да, үстіне ұсақтап туралған пияз қосылып, жүзім сірке суы құйылады да, 10-12 сағат салқын жерге қойылады. Осы мерзім өткеннен кейін істікке бір кесек ет, бір кесек құйрық майдан, сегіз кесек түйреледі. Сөйтіп сексеуіл шоғына қарылып пісіріледі. Дайын кебеп әр кісіге 2 таяқшадан тарелкаға салынып әкелінеді. Бөлек ыдыспен табылса ұсақтап кесілген көк жуа, табылмаса - сақиналап кесілген пияз, қызыл бұрыш, сірке суы қойылады. Жұқалап туралған бидай наны қойылады.


 

Киік етінің кебебі

 

Құрамы:

1 килограмм бауыр, 200 грамм құйрық май, 4 пияз, 1 буда аскөк, тұз бен бұрыш татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Киіктің еті әрбір кесегі 15 грамнан тартатындай етіліп туралады. Кастрюльге салынады да, үстіне томат шырыны қосылған сірке суы құйылып, ұсақтап кесілген пияз салынады. Сөйтіп 5-7 сағат салқын жерге қойылады.

Осылайша маринадталған киік еті істіктерге түйреледі де, шоққа қарылып пісіріледі.

Піскеннен кейін істіктен алынып, тарелкаға салынады да, бетіне ұсақтап кесілген көк себіледі. Ұсақтап кесілген пияз дастарқанға бөлек ыдыспен әкелінеді.


 

Бауыр кебеп

 

Құрамы:

1 килограмм бауыр, 200 грамм құйрық май, 4 пияз, 1 буда аскөк, тұз бен бұрыш татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Қой бауырының сыртқы жұқа қабығы сыдырылады да әр кесеге 25-30 грамнан келетіндей етіліп туралады. Ұсақтап туралған құйрық май қосылады да, тұздалып, бұрышталады. Істікке бір бауыр, бір құйрық майдан кезектестіріп түйреледі де шоққа қарылып қуырылады.

Піскенне кейін істіктен алынып, тарелкаға салынады да, бетіне ұсақтап кесілген көк себіледі. Ұсақтап кесілген пияз дастарқанға бөлек ыдыспен әкеленеді.


Буйрек кебеп

Құрамы:

бүйрек кебеп дайындау үшін - 10 бүйрек, 3-4 пияз, 1 буда аскөк, тұз бен бұрыш татымына қарай; помидор кебеп дайындау үшін -1 килограмм помидор, бұрыш пен тұз татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Қой бүйрегі жуылып, тазартылады. Содан соң бір сағаттай суға салынып қойылады. Осы мерзім өткеннен кейін әр кесегі 20-25 грамнан тартатындай етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады. Істікке бір-бірлеп түйреледі де шоққа қарылып қуырылады.

Бұл кебепке гарнир ретінде помидор кебеп пайдаланылады. Ол үшін тауық жұмыртқасының үлкендігіндей помидорлар іріктеледі. Салқын сумен жуылып, арнайы жасалған қос істікке 3 түйірден шаншылады да, шоққа әуелі бір жағы содан соң екінші жағы әбден жұмсарғанша қарылады. Жұмсарғаннан кейін істіктен алынып, тарелкаға салынады да, тұздалып, бұрышталады. Тарелканың екінші жартысына бүйрек кебеп салынып, бетіне көк және сақиналап кесілген пияз себіледі. Сөйтіп, дастарқанға әкелінеді.


Ет фаршынан дайындалған кебеп

Құрамы:

400 грамм сиыр еті, 400 грамм қой еті, 3 пияз, 1 жұмыртқа, 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық қара бұрыш, 50 грамм ұн, 2 ас қасық қызыл бұрыш (ұнға араластыру үшін).

Дайындау тәсілі:

Мұны өзбек халқы қима кебеп деп атайды. Бұл кебепті дайындау үшін сиыр еті мен қой еті екі реттен еттартқышпен тартылады. Осы фаршқа ұсақтап кесілген пияз қосылып, жұмыртқа жарылып құйылады. Тұздалып, бұрышталады. Бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп шамамен 50-60 грамнан фарш алынып, жұмбаздалады да, сарделька секілді формаға келтіріліп, істікке шаншылады. Содан соң ұнтақ бұрыш араластырылған ұнға аунатылады да, кәдімгі кебеп тәрізді шоққа қарылып пісіріледі.

Піскеннен кейін дастарқанға әр тарелкаға 2-4 данадан салынып әкелінеді. Гарнир ретінде сақиналап кесілген пияз немесе жас көкөніс пайдаланылады. Сонымен бірге бөлек ыдыспен қызыл бұрыш, сірке суы, нан қойылады.


«Ауыл» кебебі

Құрамы:

қойдың 800 грамм төс еті, маринадтау үшін 3 пияз, 3 ас қасықтай 3 проқенттік сірке суы, тұз бен бұрыш татымына қарай, жарты кеседен астам «Южный» тұздығы (соус).

Дайындау тәсілі:

Қойдың төс еті әр кесегі 35-40 грамнан тартатындай етіліп, төртбұрыштап туралады. Тұздалып, бұрышталады. Ұсақтап туралған пияз қосылып, сірке су құйылады. Жақсылап араластырылады да 4-6 сағат салқын жерге қойылып, маринадталады.

Осы мерзім өткеннен кейін ет жуан істіктерге түйреліп, арнайы ошақтағы шоқ табына қарылып қуырылады.

Дастарқанға әр кісіге екі таяқшадан есептеліп, тұздық қоса әкелінеді. Гарнир ретінде жас қияр, помидор немесе жас капуста салаты пайдаланылады.


Түрікмен кебебі

Құрамы:

1,5 килограмм ет, 150 грамм құйрық май, 3-4 пияз, 2 ас қасық 3 проқенттік сірке суы, 1 буда аскөк, тұз бен бұрыш татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Қойдың жұмсақ еті әр кесегі 25-30 грамнан тартатындай етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады. Ұсақтап туралған пияз қосылып, аздап сірке суы құйылады. Беті жабылып, 2-3 сағат салқын жерге қойылады. Ал құйрық май жұқалап бөлек туралады.

2-3 сағаттан соң маринадталған бір кесек ет, маринадталмаған бір кесек құйрық майы кезектестіре отырып, істікке түйреледі. Содаң соң арнайы ошақтағы шоққа қуырылады.

Кебеп піскеннен кейін істіктен алынып, тарелкаға салынады да, үстіне ұсақтап кесілген аскөк себіліп, сақиналап кесілген пияз салынады. Сөйтіп, дастарқанға әкелінеді.

Қажетіне қарай дастарқанға нан, қызыл бұрыш, сірке суын қоюға болады.


«Дала» кебебі

Құрамы:

1,5 килограмм бағлан еті, 3-4 пияз, 1 сарымсақ, 1 буда аскөк, тұз бен бұрыш татымына қарай.

Дайындау тәсілі:

Бағлан еті әр кесегі 30-40 грамнан келетіндей етіліп туралады да, ұсақтап кесілген сарымсақ, пияз қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Содан соң ет кесектері бір-бірлеп істікке түйреледі де, сексеуіл шоғына қарылып пісіріледі.

Дайын болғаннан кейін істігімен қоса тарелкаға салынып, көк себіледі де дастарқанға әкелінеді. Қасына бөлек ыдыспен сақиналап кесілген пияз, нан қойылады.

  Жарияланған-2016-09-20 16:33:34     Қаралды-2982

Мәлімет сізге көмек берді ма

СІРІҢКЕ НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?

...

Сіріңке ағаш таяқшадан (сабаннан) дайындалады, оның басы жайылған жерге (үккіш) үйкелген кезде жанып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТМҰРЫННІҢ АДАМҒА ПАЙДАСЫ ЗОР

...

Итмұрын жемісін консервіленген күйінде қолданады және одан витамин препаратын жасайды. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, диеталық сусын және қайнатып алған суын экстрактар, сироп ретінде пайдаланады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨРІК КӘМПИТІ (пастила)

...

Піскен өріктер жуылып, сүйектерінен ажыратылады. Аздаған суға салынып, пісіріледі де ысқылап електен өткізіледі. Ботқа сияқты алынған масса өлшеніп, салмағы сондай қант қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »