UF

АЛМА, ӨРІК, ЖҮЗІМ КЕПТІРУ

Категориясы: Тағам


Алма кептіру үшін тек піскендері ғана іріктеледі. Олар жуылып, тіліктенеді. Өзегі алынып тасталынады да, таза фанер үстіне салынып, күн көзіне кептіріледі.

Алма тәрізді алмұртты да кептіріп алуға болады.


Өрік кептіру. Өрік сүйегі алынып та, сүйегі алынбай да кептіріледі.

Осы мақсатқа арналған өрік жуылып, сүйегі алынып тасталады. Содан соң сұйық етіп еріткен лимон қышқылына 10 минут салып қойылады.

Ерітінді дайындау үшін 1 кесе суға 2 шай қасық кристалл түріндегі қышқыл салынып ерітіледі.

Сонымен өрік ерітіндіден алынып, елекке бір қабат етіп жайылады да, шаң түспейтін жерге қойып, күн көзіне кептіріледі. Кешке қарай бөлмеге енгізіледі.

Сөйтіп 4 күннің ішінде өрік кеуіп болады. Ол әбден кепкеннен кейін 3-4 електегісі бір елекке аударылады да, көлеңкеге қойылып, әбден құрғатылады.

Кепкен өрікті ұзақ сақтау үшін, оны шыны ыдысқа немесе қаңылтыр банкаларға салып, аузын жақсылап жабу, сондай-ақ температурасы бірқалыпты орында сақтау керек.


Жүзім кептіру. Жүзім іріктеліп жуылады. 2-3 секунд сілті ерітіндісі шашылады да, қайтадан суық сумен жуылады. Сөйтіп тік фанер үстіне жайылады да, көлеңкеде кептіріледі.

Кішкеннен кейін құрғақ, қоңыр салқын орында сақталады.


Көк (аскөк, әшкөк, петрушка) кептіру. Осы мақсатқа арналған көк жуылады. Фанер үстіне жұқалап жайылып, көлеңке жерде кептіріледі.

Кепкен көк қапшыққа салынып, құрғақ орында сақталады.


Помидор кептіру үшін піскен, жарақаттанбағандары ғана таңдалып алынады. Жақсылап жуылып, сөлін жоймас үшін екі не төрт бөлінеді. Содан соң таза фанер үстіне қатарлап қойылып, кептіріледі.

Кепкен помидор жіпке тізіліп, құрғақ орында сақталады.


Қызыл бұрыш кептіру. Мұндай бұрыштың тәттісін де, ащысын да кептіруге болады. Осы мақсатқа арналған бұрыш жуылады да фанер үстіне қатарлап қойылып келтіріледі. Бірақ оны ауық-ауық аударыстырып отыру керек.

Кепкеннен кейін жіпке тізіп, құрғақ орында сақталады.

  Жарияланған-2016-09-18 20:33:32     Қаралды-4980

Мәлімет сізге көмек берді ма

КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?

...

Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАРИКТІ ҚАЛАМҒА ШАРИК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Әлемдегі алғашқы автоқаламды ойлап тапқан... египеттіктер екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР (ТРУБОЧКИ)

...

Жұмсарған сарымай жақсылап шайқалып, араластырыла отырып оған қаймақ, содан соң аз-аздан ұн қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)

...

Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын көп көреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФАЙНКУХЕН

...

Бөлке жасалатын қамырдан пісірілген сопақша нан осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »