ӨЗ ЖҮГІРЕТІН ЖОЛ ЖАЙЫНДА
Категориясы: Өнертабысты
Әуелгі сөз латынның «транспортаре» - «тасымалдау» деген сөзінен шыққан. Екіншісі - ағылшынның сөзі, оның да мағынасы осы - «тасымалдау». Ендеше, бәрі орынды: заводтарға өздігінен жүретін жолды әр түрлі жүк тасу үшін салған.
Бұрын қалай еді? Заводтардағы станоктар шапшаң жұмыс істейді. Бірі қажетті бөлшектерді соқса, екіншісі оларды бұрғылап тесіп, үшіншісі тегістеп жатады. Ал осы бөлшектерді бір машинадан екінші машинаға, бір станоктан екінші станокқа аяғынан таусылып адам таситын. Бөлшектерді қол арбаға сықай тиеген жұмысшылар: «бір, екі, үш - алға, алып күш!» - деп оны жабыла итеріп, цех ішімен әрең сүйрейтін. Машиналар шапшаң жұмыс істейді, ал жүк тасымалдау бір азап еді.
Содан барлық жерге транспортерлер орнатылды. Енді ешбір қол арбаның қажеті жок. Транспортер бойымен бөлшекрдің өзі сырғып, діттеген жерге жетеді.
Көмір шахталарында - бір алуан транспортер. Оның доңғалақ үстіне төселген ені кұлаш келетін резеңкелі жол лентасы бар. Ол забойдан жер астындағы жүк таситын трамвайға көмір жеткізіп, тынымсыз зымырап жатады.
Сағат жасайтын заводта - басқа транспортер. Оның лентасы қарыс келмейді. Сол жіңішке лента бойымен сағат салатын әдемі қораптар бір шеберден екінші шеберге жетіп жылжып отырады. Жұмысшы әйелдердің әрқайсысы алдарына келген сағатқа өз бөлшегін үйлестіріп, өз шығыршықтарын бұрап бекітеді, содан сағаттар конвейер аяғына жеткенде сыртылдап жүре бастайды.
Нан заводының өз транспортері бар. Оның бойымен жайдақ жаппа ішіндегі аппақ сопақша үзім-үзім қамыр ұзыннан ұзақ созылып жатқан ыстық пеш арқылы өтеді. Шикі қамыр осы жерде қыртысы қытыр-қытыр еткен қызыл шырайлы күлшеге айналады.
Сондай-ақ кәмпит фабрикасы да, тігін және қағаз фабрикасы да мұндай өздігінен жүгіретін жолдардан кенде емес. Кітап басылатын баспаханада, металл өндіретін кеніште, алып құрылыста - барлық жерде әр түрлі конвейерлер жұмыс істейді. Және олардың әрқайсысының өз «жолаушылары» бар.
Метродағы эскалатор – бұл да өздігінен жүгіретін жол - транспортер. Адам алып жүреді.
Автомобиль заводтарында конвейер-транспортерлер көп. Олардың ең бастысы, ең үлкені ірі ең ұзыны - жинақтау конвейері. Оны нағыз шетсіз, шексіз жол деуге болады. Бір шетінен екінші шетіне жүгіріп жеткенше өкпең өшеді. Жинақтау конвейеріне заводтың барлық цехынан басқа конвейерлер болашақ автомобильге қажетті бөлшектерді: қорап, доңғалақ, алдыңғы және артқы біліктерді, мотор, руль, әр түрлі тұтқа кеткізеді. Бір шеберден екінші шебер арасына автомобиль қораптары осы өздігінен жүгіретін жолдар арқылы жылжиды. Ол жол-жөнекей бөлшектермен толтырылады.
Жол біткен жерде - су жаңа автомобиль даяр тұрады. Заводтың арнайы шофері оған бензин, май құйып, моторын от алдырады. Содан, шүу, қарақұйрық деп, өздігінен жүретін колмен қоштасып кете барады.
Жарияланған-2016-09-18 12:37:23 Қаралды-2403
ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ
Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді.
БАЛЫҚШЫЛЫҚ
Балықшылық бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен, балығы мол сулардың -жағасында жұт немесе басқа себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың ғана айналысатын кәсібінің түрі еді. Балық табиғат-ананың сыйы болғандықтан, Атырау, Арал, Балқ
ҚАУЫНҚАҚ
Еті тығыз, құрамында қанты көп қауынның қабығы аршылып, дәні алынып тасталынады да жұқалап тіліктерге тілінеді. Олар таза шыптаның үстіне бір-біріне тигізбей салынып, кептіріледі.
ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?
Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.
АУРУ ТУҒЫЗАТЫН ГРИБТЕР
Ауру туғызатын грибтер - өсімдік текті өте ұсақ организмдер, олардың көбею жолы мен құрылысы бактерияларға қарағанда өте күрделі.