ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?
Категориясы: Өнертабысты
Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды. Өзі алюминийден 12 есе, темір мен мыстан 4 есе қатты. Егер баска металдарды қыздырса, олар бірден өзінің беріктік қасиетін жоғалтады. Ал титанды 500 градусқа қыздыр, сонда да ол бұрынғы берік қалпын сақтайды. Реактивті самолеттердің көптеген сыртқы бөлігінің титаннан жасалуы тегіннен-тегін емес. Оның беріктігі соншалық, тек ең алып балға - машина ғана майыстыра алады.
Оның есесіне натрий (бұл да күміс түсті - ақ), қанша металл санатына жатса да, оны саусақпен сағыздай илеу түкке тұрмайды. Ал магний несімен әйгілі де? Ол жақсы жанады! Иә, ол - металл, бірак жанғанда қандай! Қылдай магний жаңқасына тұтанған сіріңкені жақындатсаң болды – ол лап етіп жанады.
Жарияланған-2016-09-18 00:07:13 Қаралды-14146
ШЫМБҰЛАҚ

Шымбұлақ - таудағы және тау бөктеріндегі бұлақтардың жалпы атауы. Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Іле Алатауы, Талас Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатаулар өңірінде кездеседі. Түркі тіліндегі «шың» деген сөз «терең, тік шатқал» деген мағына береді.
ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Құйрықсыз ит пен мысықты елестету қиын. Неліктен жануарларға құйрық керек?
АППОЛОННЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ

Ауыр салмақты тастарды көтеру арқылы жарысушы спортшыларды халық «Аппалонның ізбасарлары» деп те атаған.
САУЫСҚАН

Республикамыздың барлық аймағында басқа кұстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді. Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді.