ҚЫЗЫЛ КІТАП НЕГЕ КЕРЕК?
Категориясы: Жануарлар
Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы - Қызыл кітабы. Оның мұқабасының тысы қызыл. Бұл түстің таңдалып алынуы кездейсоқ емес. Қызыл түс үрейдің, қауіп-қатердің белгісі іспетті ғой.
Кітап жер бетінен жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалып кету қаупі төнгенін алдын ала ескертеді.
Мәселен, керіктер, орангутандар, қолтырауындар, жолбарыстар, қабыландар өте сирек ұшырасатын болды. Олар Қызыл кітапқа жазылып, қорғауға алынды.
Еліміздің Қызыл кітабына тау барысы мен қоқи қаз, құлан мен бүркіт, қарақұйрық пен ақ тырна, бұқар бұғысы мен аққулар, тағы басқа толып жатқан аңдар мен құстар енгізілген.
Кезінде жабайы бұқалар - зубрларды қорғап қалғаны сияқты, бұл жануарларды да қорғауға тырысып жатыр және міндетті түрде қорғап қалады.
1927 жылы бүкіл дүние жүзінде бар болғаны 48 ғана зубр сақталып қалған еді, олардың өзі де бостандықта емес, әр елдің хайуаннаттар паркінде жүрген.
Ал қазір тек біздің елдің ормандарында ғана бұл жүндес алып хайуандардың мыңнан астамы жайылып жүр. Бұл - зубрларды көптен бері қорғауға алғанның пайдасы. Оларды аулауға тыйым салынған. Қорық қызметкерлері олардың әрқайсысының денсаулығын бақылайды, жұтаң қыстарда шөп беріп қоректендіреді.
Құндызды да біржола құрып кетуден сақтап қала алдық. Бейшара құндыздарды XX ғасырдың басына таман оның терісіне бола мүлдем қырып бітіруге таяп еді. Бірнеше жүз аң бұл апаттан кездейсоқ аман қалған. Адам қамқорлығының арқасында олар қазір мыңдап саналады.
Біз тек жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоршаған ортаны - өзендерді, көлдерді, ормандарды да қорғаймыз. Судың таза болуының қамын жасаймыз - оны өзіміз ішеміз ғой. Ауаның таза болу қамын ойлаймыз - онымен өзіміз тыныстаймыз ғой. Бізде табиғатты қорғау туралы заң бар, оны бұзуға ешкімге рұқсат жоқ.
Құс ұясын алыстан бақылайсың ба - құп. Ал оларға тиюге, тіпті жақындауға - рұқсат жоқ!
Құмырсқаның илеуін бақылайсың ба - құп! Ал оны талқандауға - рұқсат жоқ! Құмырсқалардың орманға тигізетін пайдасы зор: олар ағаштар үшін зиянды жәндіктердің ұрықтарын жояды.
Жарияланған-2016-09-17 16:49:44 Қаралды-74333
БАЛҚАЙМАҚ
Үн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады.
ҚАРА ТЕҢІЗДІҢ СУЫ ШЫНЫНДА ДА, ҚАРА МА?
Кез келген ертегі немесе ән атаулыда теңіз кездессе, міндетті түрде - «көк теңіз» болып келетіні өзіңе мәлім болар.
БАЯНАУЫЛ ТАС МҮСІНДЕРІ
Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті. Ең биік жері 1046 м болатын (Ақбет тауы) тау жан-жаққа 1-20 шақырымға созылып жатыр. Орталық тұсында орналасқан тау шоғырлары - Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жаманаула бірт
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ
Шыңғыс хан империясы - XII-XIII ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162-1227 жж.) мен оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.
АДАМНЫҢ СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ФАКТІЛЕР
Біз қоршаған әлем туралы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қамтамасыз ететін көптеген арналар арқылы аламыз.
БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ
Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам де