ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?
Категориясы: Табиғат
Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.
Өзін қорғағаннан басқа жазығы жоқ қалақайды жұрт не деп сөкпейді дейсің. Қалақай болса дәмді де пайдалы өсімдік. Оны сиыр да, ешкі де, қой да, шошқа да сүйсініп жейді. Бірақ оған тиіп көр. Есесіне, қалақайды ұсақтап турап, үстіне қайнап тұрған су құйып малға берсең, алдынан қайтып ала алмайсың. Қалақай - дастарқанның да сәні. Ерте кезден-ақ ауыл тұрғындары көктемгі қалақайдың жас өскінінен тамаша көже дайындайтын болған. Өйткені қалақай шабындықты қымыздықтан, бау-бақша көкөністерінің бәрінен бұрын көктеп шығады.
Ерте кезде қалақай сабағынын талшықтарынан жіп иіріп, одан кенеп тоқыған. Кейбір оңтүстік елдерде рами деген ерекше қалақайды арнайы өсіреді. Оның биік болып өсетіні сондай, жаяу кісі түгіл атты кісінің бойы әзер көрінеді. Мұндай қалақайдың талшықтарынан жібекке бергісіз мата тоқиды. Одан есілген арқандар мен балық аулайтын торлар өте берік болады. Рами шаққан жерін өте қатты күйдіреді, сондықтан оны жинаған кезде адамдар үстеріне қалың қиім, қолдарына қолғап киіп алады.
Ал Үндістан мен Үнді мұхитының кейбір тропиктік аралдарында шаққаны жылан уынан да қауіпті қалақайлар өседі.
Қалақайдың тұла бойы түкті болып келеді. Әр түгінде ішіне күйдіргіш қышқыл толтырып, ауызы тығындалған кіп-кішкентай қауашақ жасырулы тұрады. Қауашақтың мойны өте үшкір болады. Денеге оп-оңай кіріп кетеді де, бірден сынып, ішінен балалардың аяқ-қолдарын күлдіретіп, көздерінен жастарын сорғалататын «күйдіргіші» ақтарылады.
Жарияланған-2016-09-16 16:19:10 Қаралды-7057
ТЕЛЕФОНДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

«Телефон» атауы гректің «tele» (алыс) және «телефон» (дыбыс) сөздерінен шыққан.
НЕМІС ОВЧАРКАСЫ

Бұл овчарка өткен ғасырдың аяғында шығарылып, әуелі Германияның түрлі облыстарында қой бағатын бақташы ит ретінде пайдаланылды.
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ

Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ҚАРЫНДАШ

Тас дәуірінің адамы үңгірдің ортасында жанып жатқан оттың шет жағында сөнген шала көмірді ала сап, тас қабырғаны алғаш рет сызып көрген күнді қарындаштың жарыққа келген күні деп есептеуге әбден болады.
ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?

Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді.