ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
Категориясы: Табиғат
Маршактың «Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді. Кеме жасаушы: «Желкенді бекітетін мачталар мен тақтайлар», ағаш ұстасы: «Сен сабақ оқитын жазатын стол, қалам, сызғыш...» - дер еді. Әрине ол ағаш шкафтар, кітап сөрелер: мен паркет едендерді, терезе жақтаулары мен есіктерді де ұмытпай, санға қосар еді. Қағаз жасайтын комбинаттың жұмысшысы болса дәптермен бірге міндетті түрде кітаптар мен газет-журналдарды атар еді. Өйткені қағаз ағаштан жасалады ғой. Ауыл-селоларда тұратын ағаш ұсталары бөренелерден қиып салынған үйлер мен жылғаларға салынған ағаш көпірлерді еске салар еді. Темір- жолшылар жүк тиейтін ағаш вагондар мен рельстердің астына төсейтін шпалдар туралы айтар еді. Химиктер болса комбинаттарда лак, жасанды шұға тоқуға арналған жіптер мен дәрілер... жасалатын ағаштар туралы небір асыл сөздерін аямас еді. Электриктер мен байланыс қызметкерлері «Электр, телеграф, телефон сымдарына арналған тамаша бағандар үшін орманға айтар алғысымыз шексіз» дер еді.
Музыканттар болса: «Рахмет саған, орман! Бір кезде соққан желге үн қатып, гуілдеп тұратын, құстардың әнін тыңдаған ағаштың енді өзі ән салып жүр. Сол ағаштан жасалған рояль, скрипка, домбыралар тамылжыған ғажайып үнімен құлақ құрышын қандырады!» - деп шаттанар еді.
Біздің әңгімемізді агрономның құлағы шалса: «Орман – егін алқабына қорған. Оны қалай ұмыттыңдар?» - деп, реніш білдірер еді. Ол жазда жер аптабын қуыратын аңызақ желдің жолында қалқан болып, егінді қорғайды. Қыстыгүні өткен күзде себілген астық тұқымын қымтап жатқан қар «көрпені» жел ұшырып кетуінен сақтайды.
Орман - өзендердің де қорғаны. Қыс бойы жауған қарды қаттап, жинап шығады да, көктемде жерге там-тұмдап еріген суынан беріп отырады. Бұл кезде күн нұры мол түскен жазық даланың аңқасы кебе бастаса, орман ішінде шалшықтар жатады, тіпті жыра-жыраларда күртік қарлар да кездеседі. Қар суы жерге бірте-бірте сіңеді де, жер астымен ағып барып, өзендер мен жылғаларға құйылады.
«Ағаш ексек біз, не еккеніміз дейсіз бе? - деп, дәрігер қайталап сұрар еді де, - ағаш бәрінен бұрын денсаулық» - деп жауап берер еді. Әдетте демалыс үйлерін, санаторийлерді қайда салады. Әрине, орман ішіне. Өйткені орман ішіндегі ауа - ең таза, денсаулыққа ең пайдалы ауа. Егер жасыл ормандар болмаса, планетамыздың бүкіл адамдарына тыныс алатын оттегі жетпес еді.
Ал орманшы айтар еді: «Өздеріңіз байқап отырсыздар. Ағаштың қажет емес жері жоқ. Орман байлығы бізге ғана емес, бізден кейінгі ұрпақтарымызға да жетуі үшін, әрбір кесілген ағаштың орнына міндетті түрде бір ағаш, тіпті екі ағаш отырғызу қажет.
Орман тек қана байлық емес, ол - жер көркі, ел көркі» - дер еді.
Жарияланған-2016-09-16 15:31:28 Қаралды-13822
«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫ

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысының Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы - 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шакырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының
СУДЫ ЕКІ РЕТ ҚАЙНАТУ ЗИЯНДЫ ЕКЕНІ РАС ПА?

Қайнаған кезде сұйықтық дәмі «бос» болады - оны ішу қиын, ал сусындар соншалықты хош иісті және дәмді емес.
ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ «КӘРІ» АҒАШ ТАБЫЛДЫ

Швейцариядағы бір унивөрситеттің ға лымдары сол елде өсетін ағаштарға санақ жургізу кезінде қылқан жапырақты ең «кәрі» шырша ағашын тапқан. Бұл ағаштың жасын ғалымдар қазіргі кезде қолданылатын радиокөміртегі сараптамалық әдіс бойынша анықталған.
Бірегей Жердің гипотезасы

Жер жүзінде біз ғанамыз ба? Космостың шексіз кеңістігінде тағы да Жер сияқты планета бар ма екен?