UF

АВИАЦИЯДА АЛҒАШҚЫ ҰШУ ТАРИХЫ

Категориясы: Тарих


Атам заманнан бері адам көкке көтерілуді армандап келді. Сұңқардай қалықтап, қырандай самғаса, шіркін!

Батпырауық, дельтаплан, планер көкте еркін қалықтап ұшады. Оларды ауа ағысы демейді. Әуе шары ауадан жеңіл, сондықтан ұшады. Ол жеңіл, ыстық ауамен толтырылған. Мұны алғаш рет ағайынды Монгольфьелер ойлап тапқан еді және 25 минут ұшып, әуе шарының тұңғыш жолаушылары да солар болды.

Қос қанатқа винтті, пропеллерді қосқан кезде ғана адам көкте еркін қалықтауға мүмкіндік алды. Әуе винті туралы ең алғаш ойлаған әйгілі италъяндық суретші Леонардо да Винчи еді. Ол ойлап тапқан винттің суреті, міне, мынау.

Бір қарағанда, дирижабльге винт-пропеллер қажет емес сияқты. Ол кез келген әуе шары секілді аспанға винтсіз де көтеріле алады ғой. Аспанға көтерілетіні рас, бірақ винтсіз көк жүзінде самғап ұша алмайды. Ал винттер болса, судағы ескек сияқты қалақтарымен дирижабльді алға зымыратады. Винт-пропеллер вертолетте де бар. Тек ол қай жерінде? Төбесінде. Ал самолетте қос қанатқа қосымша винт-пропеллерлі мотор орнатылған.

Алайда сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен ұшу да адамды қанағаттандырмады. Оған бұдан жылдам ұшу қажет болды. Бұрын винтті самолеттер жасап келсе, енді реактивті двигателі бар «реактивті» самолеттер жасауға кірісті. Двигатель жұмыс істеген кезде ондағы отын жанады, қатты қызған газ орасан зор күшпен арттағы ойық қуыс - соплодан ытқып шығады, ал реактивті самолеттің өзі осы газдың екпінімен алға қарай зымырайды.

Бүгінгі таңда конструкторлар мен инженерлер самолеттердің жаңа үлгілерін жасаумен айналысуда. Бұрынғыдан да ұшқыр, әдемі, жайлы самолеттер көкке көтерілетін күн де қашық емес.

 

Нағыз әуе шары аэростат деп аталады. Оның да ұшқыш-аэронавтар мен жолаушылар мінетін себет-гондоласы болады. Аэростат арканын шешісімен ол көкке көтеріледі де, желдің бағытымен ұзақ сапар шегіп кете барады.

Әуе шарымен адамдар саяхат жасайды, онымен түрлі бақылау приборларын аспанға ұшырады. Приборлар биіктен ауа райын бақылап, оны радио арқылы жерге хабарлайды.

Сонымен бірге әуе шары аспанда жүріп теңіз толқынын, оның бағыт-бағдарын қадағалап, балық үйірін балықшылардың оңай табуына жәрдемдесіп отырады.

Ертеде әуе шарының соғыс кезінде атқаратын қызметі мол болған. Барлаушы аспанда әуе шарымен жүріп жаудың қарулы күшінің қаншалықты екенін, оның қай жерде жасырынып жатқанын радио арқылы хабарлап отырған.

Әуе шарының шардан гөрі жалтыраған күміс түсті китке ұқсастары да бар. Мұндай «киттің» тұрқы ұп-ұзын, бас жағы доғалданып келеді, ал сүйірленіп біткен құйрығында руль орналасқан. Оның аты - дирижабль. Дирижабльдің моторы және кабина-гондоласы болады.

  Жарияланған-2016-09-16 13:53:02     Қаралды-7984

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӨСІМДІККЕ ОРАЛҒАН ЕТ

...

Қой еті ұсақтап туралып, ұсақ көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап туралған пияз, зире салынады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰЗ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жер бетінде су және оның қатты көрінісі - мұз, бірақ әлі де бұл нәрсені жұмбақ табу қиын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АХМЕТ ХАН

...

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885-1935)

...

Міржақып Торғай өңірінде өмірге келген. Әкесі Дулат сауатты адам болған. Міржақып кезінде қазакша-орысша білім алған. Ақындық дарыны ерте дамыған. Оның шығармашылығы аса бай. «Серке» газетінде жарияланған «Жастарға», «Біздің мақсатымыз» атты өлең, мақалал

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭКВАТОРИАЛДЫҚ ГВИНЕЯ

...

Экваторлық Гвинея Республикасы - Экваторлық Африкадағы мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »