UF

ӘЛЕМНІҢ БЕСІНШІ МҰХИТ, ОЛ ҚАНДАЙ МҰХИТ?

Категориясы: География


Дүние жүзінде Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттардан басқа және олардың бәрінен де үлкен бір мұхит бар. Өздерің оны сезінбесеңдер де, сендер де әр күн, әр сағат, әр минут сайын сол мұхитқа «шомылып» жүресіңдер. Сырттағы жүргіншілер де, мысық, күшік, кептер де, тіпті трамвай мен троллейбус та күні-түні сол мұхиттың ішінде болады.

Бұл өзі қандай мұхит екенің аңғардыңдар ма? Аңғармасаңдар, онда мен өзім-ақ айтып берейін: бұл мұхит тұзды да емес, тұщы да емес, оның үстіне жағалауы да жоқ, суы да жоқ. Оның кеңістігін бейне бір орасан зор күміс балықтай алып самолеттер жүзіп өтеді.

Енді ғой сендер бәрін түсінген шығарсыңдар. Әрине, әңгіме ең үлкен мұхит - көгілдір ауа мұхиты жайында болып отыр. Судың төрт мұхиты Жер бетінде көл-көсір жайылып жатса, тесінші ауа мұхиты оны сырттан қоршап тұр. Сонда біздің планетамызда беті ауа мұхитының түбі болып шығады. Сонымен сендер аулада ойнап, орманда серуендесеңдер де әрқашан бейне бір мұхит түбінде жүргендейсіңдер.

Жердің бетіндегі ауа әрі тығыз, әрі мол, әйтсе де біздер оны мүлде сезбейміз. Зеңгір көкке жоғарырақ көтерілсек - ондағы ауаның тығыздығы азырақ, ғалымдар айтқандай, сұйық, сирек. Ал ауа мұхитынан тек космос кораблі арқылы ғана «суырылып шығуға» болады. Өйткені бесінші мұхит біткен жерде ауасыз кеңістік космос басталады.

Бесінші мұхиттың тіршілік үшін маңызы орасан зор. Неге? Оны сезіну үшін терең дем алып, аузы-мұрныңды алақандарыңмен басып, іштеріңнен бір, екі, үш... деп санап көріңдер. Алпысқа дейін санай алмайсыңдар, шыдамай, қолдарыңды алып, таза ауа жұтқыларың келеді. Ауамен біз бәріміз дем аламыз, аң мен құс та, өсімдік те дем алады - Жер бетіндегі барша тіршілік иесі онсыз өмір сүре алмайды.

Адам терең судың астына түскен кезде немесе ғарышқа ұшарда міндетті түрде қажетті ауа қорын өзімен бірге ала жүреді. Ал егер бесінші мұхит кенеттен жоқ болып кетсе, Жер-жаһан бірнеше минуттан кейін-ақ тіршіліксіз планетаға айналар еді.

Бесінші мұхиттың маңызды болатын басқа да себебі бар. Жердің ауа қабаты оның бір таңғажайып көгілдір «көйлегі» дерсің. Соның арқасында біздің планетамыз ондай «көйлегі» жоқ Ай мен Меркурий сияқты Куннің аптабына ысып, космостың аязынан суып кетпейді.

Сонымен қатар, ауа қабатын бейне бір қорғаныс «сауыты» десе де болғандай, өйткені ол Жерді метеорит деп аталатын космос «снарядтарынан» да қорғайды. Аспандағы тастар біздің планетамызды атқылаған кезде, олар алдымен оның өздерінің ұшуын тежеп, баяулататын ауа «сауытына» тап болады. Мұнда метеориттер қатты қызып, Жерге жетпей жанып кетеді. Дегенмен аса ірі кейбіреулері ауа «сауытын» тесіп те өтеді, бірак олардың соққысы пәлендей үлкен зардап келтіре алмайды.

Бесінші мұхит бізді көзге көрінбейтін космос сәулелерінен де қорғайды. Өйткені ауа оларды өзінен өткізбейді, әйтпегенде ол сәулелер Жердегі тіршілік атаулыны баяғыда-ақ жойып жіберген болар еді.

Бесінші мұхит және бір маңызды жұмыс атқарады, яғни ол біздің планетамыздың климатын бақылап, реттеп отырады. Суық ауаны - оңтүстікке, жылы ауаны солтүстікке қарай айдап ауыстырады. Теңіздерден, мұхиттар мен өзен-көлдерден ылғал жинап, оны құрлыққа жеткізеді. Жазда жерді жаңбырымен суарады. Ал қыста бддса оған аппақ мамық көрпесін жабады, сөйтіп өсімдіктерді - үсіп кетуден, аң мен құсты қатал аяздың каһарынан сақтайды.

Бесінші мұхитты ауа қабаты, ауа мұхиты, атмосфера деп атайды. Ғалымдар біздің планетамызды қоршап тұрған ауаны Жер атмосферасы деп атауды дұрысырақ көреді.

Атмосфера Күн жүйесінің басқа да бірнеше планетасында, мәселен, Шолпан мең Марста да бар. Бірақ оларда атмосфера болғанымен, тіршілік жоқ. Неге десеңдер, тіршілік болу үшін кез келген атмосфера емес, әбден қолайлы, тыныс алуға жарамды атмосфера керек. Тіршілік иелерінің бәрі оттегімен тыныс алады. Марс пен Шолпанда ол өте-мөте аз, ал Юпитер мен Сатурннан ол газ тіпті табылған жоқ. Жер атмосферасында оттегі аса мол. Бірақ бір ғажабы мынау: оттегімен адам да, жан-жануарлар да тыныс алады, оны самолеттер мен машиналар да жағады, онсыз домна пештер мен химиялық заводтар жұмыс істей алмайды, сонда неге ол құрып кетпейді, неге ол азайып қалмайды? Өйткені Жер бетінде жасыл өсімдіктер бар. Ол - нағыз оттегінің фабрикасы. Өсімдіктер тыныс алуға жарамсыз көмірқышқыл газы мен суды күн сәулесінің көмегімен оттегіне айналдырады да, атмосфераның өзіне кері қайтарып береді. Сондықтан ауа «көйлегі» Жер үшін әбден қажет және тек соның арқасында гана Жер бетінде, бүкіл Күн жүйесінің жалғыз осы бір планетасында ғана тіршілік болып отыр.

  Жарияланған-2016-09-15 14:22:34     Қаралды-7803

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ

...

Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТУ ҚАРУЫ

...

Қазақ халқының ату қаруы жақ (садақ) деп аталған Жақтар әр түрлі материалдар (ағаш, тарамыс, мүйіз, сүйек, тері, қайыңның тозы) пайдаланған бірнеше бөліктерден құралған. Жақтың жеке жасалып, атуға арналған бөлшегі - оқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАРИКТІ ҚАЛАМҒА ШАРИК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Әлемдегі алғашқы автоқаламды ойлап тапқан... египеттіктер екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖОРҒА ЖАРЫС

...

Жорға жарыс - жорға аттардың жарысы, ұлттық ат спорты түрлерінің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »