КҮН - ҒАЖАЙЫП ЕҢБЕККЕР
Категориясы: Ғарыш
Күн тыным таппай, тәулік бойы, ай бойы, жыл бойы шуақ шашады.
Күн сәуле төгеді, сондықтан да үнемі жарық болып тұрады.
Күнді ең басты жарық көзі деуге болады. Аспанда үнемі әйдік шам жанып тұрған сияқты. Сол жарықтың арқасында біз өзімізді қоршаған әлемді көреміз, бірімізді-біріміз көреміз. Егер Күннің сәулесі болмаса, дүниені түнек басар еді де, көп ұзамай-ақ Жердегі тіршілік тоқталар еді...
Күн бүкіл планетаны «жылытып» тұрады. Қалай жылытатынын білемісің? Күннің сәулелері Жер бетін қыздырады, соның әсерімен ауа жылынады. Жылы ауа суық ауадан әлдеқайда жеңіл, сондықтан ол жоғары көтеріледі, ал ауаның салқын кабаттары төмен түседі. Осының нәтижесінде атмосферада қозғалыс басталады: әбден жылынған ауа дариялары тынымсыз жылжып планетаның ең суық бөлігі - полюстерге карай ағылып, жолай өзінің жылуын Жерге беріп отырады, ал суық ауа жылынған аймақтарға қарай ауысып, кайтадан қызу алады...
Таза ауамен дем алғанымыз үшін біз ең алдымен Күнге борыштармыз. Күн сәулесі болмаса, жасыл желектер ауадағы зиянды көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оны оттегімен байыта алмас еді, ал оттегі біздің планетадағы жан иесі атаулының тынысы ғой.
Күн жылғалар мен қақтарды ғана құртпайды, ол өзендер мен көлдердің, теңіздер мен мұхиттардың беттерінен қаншама су жинап әкетеді. Кәдімгі сұйық су күн қызуының әсерімен «ұшатын» суға, яғни буға айналады. Жеңіл бу көтеріліп жоғары ұшады. Судың ұсақ тамшылары бұлт болып жиналады. Енді осы бұлттарды жел айдап, құрылыққа әкеледі, одан жаңбыр жауып, қыр мен дала, орман мен көгал тегіс сусындайды. Ал сусыз жерде ғой, не көк өспейді, не егін шықпайды, гүл шешек атып, бау-бақша мәуеге толмайды.
Бұл Күн адамдарға Жер бетінде ғана емес, космоста да қызмет көрсетеді. Күн - барлық космостық саяхаттардың тұрақты серігі. Басқа планеталарға ұшатын планетааралық станциялар, космос кораблі, Жердің спутниктері - бәрі де Күннен сәуле алады, қызу алады.
Жер бетінде әзірге Күн электр станциялары өте аз, бірақ барлары жаксы істеп жатыр. Олардан алынған жылу электр қуаты заводтарға, үйлерге, Күннің арқасында қыстыгүні жеміс пен жидек өсіретін оранжереялар мен парниктерге беріледі.
Күннің Жерге қаншама энергия беретінін білемісің? Мөлшерін ойша шамалауың үшін бір ғана мысал келтірейік... Кәдімгі электр станциясынан Күнніц бізге бір секундта беретін энергиясын алу үшін 40 000 000 тонна көмір жағу керек болар еді. Осыншама көмірді электр станциясына жеткізу үшін ғана ауыр жүк машиналарын өзара тіркестірсе, олардың ұзындығы жер шарын 3 рет орап алуға жетер еді. Көмір өндіру - ауыр әрі қымбат жұмыс. Ал Күн өзінің қуатын бізге тегін береді - ала бер, пайдалана біл!..
Жарияланған-2016-09-09 22:56:52 Қаралды-5122
ТАҒАМ ДАЙЫНДАУҒА ӨНІМДЕРДІҢ ӨЛШЕМ МӨЛШЕРІ

Тағам әзірлеу үшін көптеген үйде арнвйы таразы бола бермейді. Оның үстіне бір тағамға жаратылатын бүкіл өнімді таразыға тартып жату – уақыттың жауы.
ТОҒЫМ ХАН

Тоғым хан да - Жәнібек ханның ұрпағы. Жәнібектің тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы. Тоғым хан елдің орталығында, оңтүстігінде билік кұрады. Сырдария өзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды.
НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.
СӘУЛЕ АУРУЬІ

Сәуле ауруы - бұл иондаушы сәуленің организмге әсер етуінен пайда болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруының адамда жедел (жоғары сәуле дозасын алған жағдайда) және созылмалы (егер төмен сәуле дозасын жиі алса) түрі болуы мүмкін.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Әбілқайыр қазақ елінің бас хандығына таласады. Бірақ мұрагерлік жолмен таққа Тәукенің ұлы Болат отырады. Ол кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білетін әскери қолбасшылығымен, батырлығымен, ақылдылығы жән