АХМЕТ ХАН
Категориясы: Тарих
Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.
Кезінде Таһир хан ноғайларға карсылык көрсете алмай Жетісуға қарай көшкенде, елдің батыс бөлігіндегі тайпаларды Ахмет хан (XVI ғ. 30-шы жылд.) басқарып қалады. Ол ноғайлардың шабуылдарына қарсы күресті ұйымдастырады. Одан ноғай билеушілері қорқа бастайды. Ноғай билеушілері арасында болған көрші елдің адамы өз патшасына «қазақтар күшті, олар ноғайларға қарсы соғысқа дайындалып жатыр, ал ноғай білеушілері болса, қазақтардан қорқып отыр», - деп хабар жеткізіп барған. Дегенмен, соғыс ноғайлардың жеңісімен аяқталады. Ахмет хан 15 сұлтанмен бірге Едіге бидің ұрпағы Шидақ бидің қолына түсіп, біраз уақыт тұтқында отырады. Орақ батыр (Едіге бидің басқа бір ұрпағы) оны султандарымен бірге өлтіреді. Сөйтіп, қазақ халқының жағдайы нашарлап кетеді.
Жарияланған-2015-11-13 16:17:56 Қаралды-5214
МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ

Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.
14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)

Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.
ИМРЕССИОНИСТЕР

Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.
Пайғамбар жұлдызы

Голливудта даңқ Аллеясы бар деп барлығы естіген шығар (біреулер көрген де шығар), ол жерде әйгілілердің құрметіне арнап тротуарда аты бар жұлдыздар құйылған. Бірақ, бір жұлдыз ерекшеленіп тұр - ол «Долби» театрының қабырғасында орналасқан