ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?
Категориясы: Ғарыш
Бүкіл күн жүйесіндегі ең үлкен, ең ауыр планета – Юпитер (Есекқырған) екен. Егер Юпитерді үлкен алма деп есептесек, жер онымен салыстырғанда бұршақтай ғана болып қалар еді. Юпитер мен жердің салмақтарын салыстырсақ былай болып шығады: таразының бір басына жаңағы үлкен алма юпитерді қоямыз, ал онымен тең басу үшін таразының екінші басына тура бір уыс, тіпті одан да артық – 318 бұршақ салу керек, міне Юпитер жерден сонша есе ауыр.
Юпитер жерден өте алыс, сондықтан сәулелі белгілердің өзі оған дейін ұзақ уақыт жүреді.
Юпитердің беті жердің, айдың, Марстың беттері сияқты қатты қабыршақты емес. Бүкіл планета қалың, тығыз атмосферамен тұмшаланған алып мұхит.
Юпитердің бір өзінде 14 серік бар, бұлардың кейбіреуі әжептәуір үлкен. Мәселен, ганимед деп аталатын серігі Меркурий планетасынан үлкен. Яғни, космос кемесін осы серіктердің біріне қондырып, байқауды осы арадан жүргізуге болады. Немесе, спутниктің Жерді айналғаны сияқты, космос кемесімен Юпитерді айналып жүріп те зерттеуге болады.
Юпитерге жақындағанда ең алдымен көретінің тарғылшар болады. Тарғылы әр түрлі – ақ, қызғылтым, көкшіл, бурыл. Бұл – Юпитердің бұлттары. Бірақ Юпитердің сұлбасындағы ең қызық нәрсе – оның қызыл теңбіл дағы. Бұл дақтың үлкендігі сондай, ол тіпті жердегі телескоптан да көрінеді. Ғалымдар оны баяғыдан бері бақылап жүр. Теңбіл дақ үнемі бір жерде тұрады, оны бұлт баспайды және не үлкеймейді, не кішіремейді. Бұл - бір –ұмбас сыр.
Юпитердің мұхиты жердегі мұхитқа мүлде ұқсамайды. Жердегі мұхитта қайықпен жүзуге, кемемен сапар шегуге болады. Мұхиттың беті – су мен ауаның шекарасы. Ал Юпитерде мұндай шекара жоқ: ауа қай тұста бітеді, су қай мөлшерден басталады – ажыратып білу мүмкін емес. Су демекші, ондағы су да өзгеше. Ыстық, қоймалжың, сондықтан біздің сүңгуір кемеміз өте берік болуы тиіс.
Бірақ, Юпитер Күннен алыс, жер мен Марстан да алыста, оның жылуы да азырақ болуы керек қой, сонда мұхиты қалай ыстық, қоймалжың болмақ. Бұл да Юпитердің құпия сырларының бірі. Ішіне ғаламат үлкен пеш орнатып алған сияқты. Юпитер өзін өзі қыздырады. Ал бұл неткен «пеш», онда жанып жатқан «отын» қандай – ғалымдар әзірге бұл жағын білмейді.
Жарияланған-2016-09-09 20:14:24 Қаралды-32785
БӘЙТЕРЕК

Астана қаласындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы - «Бәйтерек» кешені. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы - А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Айтбалаев, инженер-конструкторы - М.Вахштейн, нтерьер дизайншысы - А.Оспанов; ал құрылысын «Имсталько
АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан әскери жорықтарға қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Ей
ҚАЗАҚТАРДА ҚОЙ-ЕШКІГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР

Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ

Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.
БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.