ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?
Категориясы: География
Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.
Көптеген балалардың ойынша, шөл далада тіршілік болмайтын секілді. Шыжыған күн, сосын құм - басқа тұк жоқ.
Ал егер сол шөлге көктемде тап болсаң, өз көзіңе өзің сенбес ең: төңіректің бәрі неше түрлі шөп пен гүл - алқызыл өрнекті жасыл кілем жауып тастағандай. Шоқ-шоқ бұталар ше! Олардың ішінде сайраған құстар үні. Ал керек болса, міне, шөл даланың түрі.
Өкінішті жері, мұнда көктемде ғана осындай болады. Бірнеше аптадан кейін жасыл кілем жоғалады. Неге дейсің ғой? Өйткені ылғал жетіспейді. Күннің ыстығы жерді тез қуратып жібереді. Содан кейін тау-тау шағыл құмдар қозғалады. Жел қуған шағыл құмдар сырғанап, сусып, шөл даламен көше бастайды. Кейде құмды дауыл соғады. Аптап жел көтерген құмдауылда не аспан, не күннің жүзі көрінбейді. Ал ыстықтығы соншалық, аяғыңдағы бәтеңкеңнен де өтіп кетеді.
Бірақ соған қарамастан, шөл далада тіршілік тоқтамайды. Құм арасынан бұталар, тіпті ағаштар да кездесіп қалады. Мәселен, сексеүілді алайык. Көлеңкесіз сидиған таңғажайып бір ағаш. Жапырақтарының аздығынан бұталары жалаңаш көрінеді. Ал құмда өсетін қарағанда жапырақ атымен жоқ - жіңішке тікенекке айналып кеткен.
Алайда, осы арада өсетін өсімдіктердің ең ғажабы - қандым. Бұта тектес бұл өсімдіктің тұқымы үлпілдеген жұмсақ түйіршіктерінің ішінде болады. Жел қуған түйіршіктер шөл даланы кезумен, құм-дауылдан қашып жүріп жан сақтайды. Түйіршік ішіндегі дәндерін шашқаннан кейін, әр дәннен бір-бір бүршік бас жарады. Оған құм-дауыл да ештеңе ете алмайды. Қандымның бұтақтары жапырақсыз жалаңаш болған соң, шөлдің құмы да саусақтың арасынан аққан су секілді бұтақтардың арасынан сырғи береді.
Тіпті жел қатты соғып, төбесінен құмды үйіп тастаса да ештеңе етпейді. Шағыл құмның қалыңдығы қанша тез өскен мен, қандым одан да тез өседі. Сөйтіп, құмды жарып шыққан қандымның төбесі қайта қылтияды. «Тоқта. Осы кезгенің жетеді. Енді ешқайда сырғымайтын боласың»,— деп тұрған секілді ол шағыл құмға.
Бұл араның қияғы да тамырын құмға салады. Жалпы шөл далада шығатын өсімдіктердің тамыры да ұзын, өйтпесе ол ылғалға жете ала ма? Ал шөлді жерде ылғал өте тереңде болады.
Глобусқа қарайық. Дәл ортасында солтүстік және оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған белдеу сызық көріп тұр. Олар – Жердің тропикалық белдеуінің шекарасы. Ең ыстық жер – осы. Онда ормансыз жазықтар – саванна да, қуаң дала да бар.
Тропикалық нөсерден кейін саванналар қаулап өскен қалың шөптің астында қалады. Мұнда биіктігі кісі бойындай қатқыл піл шөбі өседі. Әр жерде ағаш та кездеседі.
Шөл далада не түрлі мақұлық тіршілік етпейді десейші! Құмда селтиіп өскен бұталардың бұтақтарына жабысып, АГАМА кесірткелері тұрады. Мұнда ЖҰМЫРБАС КЕСІРТКЕ де тіршілік етеді. Ыстықтаса немесе қауып-қатер төнген кезде құмға батып, көзден ғайып болады. Ол құйрығын иіріп, аузын арандай аша айбат шегіп, жауларын қорқытады. Бірақ шын мәнінде оның еш зияны жоқ.
КЕЛЕС те - кесіртке, бірақ ол жай кесіртке емес, ұзындығы бір жарым метрдей алып кесіртке! Мұны шөл қолтырауыны деп жайдан-жай атамайды, сондықтан онымен ойнауға болмайды. Келес жұмырбас кесіркені ұстап жейді, кезіксе кіші-гірім тасбақаны да жұтып жібереді. Ал, мына ҚОСАЯҚ ТЫШҚАН өте жылдам жүргендіктен, келеске жеткізе қоймайды. Бұл өзі - бір ғажайып мақұлық: су жоқ болса қиналмайды. Өйткені өзі қоректенетін өсімдіктің бойындағы ылғал да жетіп жатыр. Менің бірде қолға түсіп, торға қамалған қосаяқты көргенім бар. оның алдына ыдыспен су қойып еді, алғашында не істерін білмеді, сәлден соң ғана суға аяғын малып жалай бастады.
ТҮЙЕ тіршілік етуіне қажетті артық қорды өзімен бірге көтеріп жүреді. Өркешінде 100 киллограмға жуық май бар, ол - түйенің ұзақ жолдағы азығы мен суы. Алыс сапардан соң түйенің тікірейген қос өркешінің босаған қап секілді жапырайып, жығылып қалатыны сондықтан. Бірақ суға қанып, жантаққа тойынғаннан кейін қарасаң, өркештерінің қайта қалпына келгенін көресің. Түйе ғасырлар бойы шөл тұрғындарына қалқысыз қызмет етіп келеді: оны салт мініп те жүрген, алуан түрлі жүк те тасыған, соқаға жегіп жер де жыртқан. Сол жерді суаратын суды да шыңырау құдықтан шығыр арқылы түйемен тартып шығарған.
Шөлдегі КЕПТЕР, ТОРҒАЙ, БАЙҒЫЗДАР ұяларын құдық қабырғаларына салады. Онда әрі салқын, суы да қасында. Бұлдырық бұлардай емес, күн сайын су үшін ондаған шақырым жерге ұшып барып, өздері қанғанша су ішеді де, балапандарына жемсауымен су әкеліп береді. Желдей жүйрік қарақұйрықтар құм қойнауынан су іздеп, ұланғайыр даланы шарлайды.
Жарияланған-2016-09-09 14:26:40 Қаралды-13673
«Жер-қар кесегі» гипотезасы: ертеректе Жерді мұз жауып тұрған
Геофизиктер 2,4 миллиард жыл бұрын Жер бетінің орташа температурасы 40 градус Цельсийдан аспайды деп бір қорытындыға келді
МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.
СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ
Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.
Танымдық діни бет
Танымдық діни бет. Еврейлер оқымаулары, ал қалғандарына қызық болулары мүмкін. Егер кімге қызық болса одан әрі тереңірек оқыңыздар
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Үгілген сүзбеге бал және жаңғақтың ұнталған дәні қосылып, жақсылап араластырылады.
АРША - ӨСІМДІКТІҢ ДӘРІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі.