ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?
Категориясы: География
Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады. Мұзды ерітуге мұндағы күн көзінің шамасы жетпейді. Бұл жерге жазда келгеніміз жақсы болады, бәрі көрініп тұрады.
Қыстыгүні мұнда таңертең, күндіз, кеш деген болмайды – бірыңғай түн, бұл Поляр түні. Және ола жарты жылға созылады. Оның есесіне жазда күн батпай қояды – бірыңғай күндіз. Поляр күні. Ұйықтасаң да жарық, тұрсаң да – жарық.
Қысы-жазы Арктика қар мен мұзға оранып аппақ болып жатады. Сол себепті глобустың да төбесі ақпен боялған.
Мынау - АҚ АЮ. Қар қандай ақ болса, оның тусі сондай аппақ. Тұмсығының ұшы ғана қара. Ол итбалыққа жақындаған кезде, жемтігі байқап қалмау үшін тұмсығының ұшын табанымен жауып алады. Ол қорек іздеп, жүздеген шақырым жерді шарлайды. Суға күмп беріп түседі де, келесі мұзға жеткенше жүзіп кете барады. Ақ «ішігі» керемет жылы, оған қақаған аязың да, суық суың да бұйым емес.
МОРЖ да полярлық мақұлық. Мықты сойдақ тістері болғанымен оның өзгеге зияны жоқ, момақан. Морж әлгі сойдақ тістерімен тұнба лай арасынан шаян бақалшақтарын қазып адады да, оның ішіндегісін жейді.
ИТБАЛЫҚ балықпен қоректенеді. Өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалық сүңгіп шығады да, ауа жұтып алып су астына қайта кетеді. Ал су беті лезде қатып қалатын қыс күндері итбалық мұзды басымен тесіп шығуға мәжбүр. Әйтпесе, тұншығып қалуы мүмкін. Ақ аю оны осы жерде - ойықтың жанында аңдып тұрады. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Поляр түні өтіп, жиектен күн көріне бастасымен-ақ, солтүсктің жартасты аралдарына құс дегенің қаптап кетеді. Бұл өңірді мекендейтін құстар суда жақсы жүзеді. Солардың бірі - ЧИСТИК, ол жүзген кезде аяғымен есіп, қанатын демеу етеді. Жаз кезінде аралдағы тік жартастардың беті құс ұясынан көрінбей кетеді. Азан-қазан шуылдан құлақ тұнады. Мұндай орындарды құс базары деп жайдан-жай атамайды. Сәл ғана қауіп-қатер сезілсе болды - мұндағы құс атаулы дүркірей ұшып, аралдың үстін бұлт сияқты торлап алады. Бұл жерде құстың неше түрі бар. ШАҒАЛА ҚАРҚЫЛДАҚ та, ГАГАРА да, КАИРА да... Тіпті МҮЙІЗ - қызық-қызық аталатын құстар ТҰМСЫҚ, БАЛТАБАС сияқты да кездеседі.
Жарияланған-2016-09-08 15:20:59 Қаралды-11070
СӘНДІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ӨНЕРІ

Үй-ішілік тұрмыста күніне қанша бұйым қолымыздан өтеді десеңші. Егер соның бәрі суретшінің қолынан шықса, дереу өнер туындысына айналар еді.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.
ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ

Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.
ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.
ҚҰЛАҚТЫ БАТ-БАТ

Құлақты бат-бат - негізінен, құмды мекендейтін жануар. Інін қатты жерден 1 метрге дейінгі тереңдікте қазады. Қауіп төнсе, құмға кіреді де, басын шығарып, ештеңе байқалмаса, суырылып кете береді. Кейде аяқтарын тарбитып, денесін ширықтырып, аузын кең ашып,
БҰҚАРДЫҢ ДОМАЛАҚ КАРАМЕЛЬДЕРІ (БҰҚАР ШАРЛАРЫ)

Бұл - оралмаған, шар сияқты домалақ карамельдер. Бетінде түрлі түске боялған жолақтары болады. Беті құрғақ, қолға жабыспайды.