АЛЬБОМ СӨЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Категориясы: Көңіл көтеру
Егер ежелгі римдіктен «Альбомның» не екенін сұрасаң, ол: «Альбом - ақ тақта. Латынша «альбум» - аппақ деген сөз. Біз мұндай аппақ тақтанын бетіне түрлі хабарларды немесе бұйрық-жарлықтарды жазамыз да, жұрт көп жиналатын жерге әкеліп іліп қоямыз» - деп жауап берер еді.
Ал көк темірмен құрсанып, зілдей семсер ұстанған ортағасырлық сарбаз-серілер бұл сөзді: «Альбом - ақ парақты дәптер. Альбом парағының не көк, не қызыл болуы мүмкін емес. Себебі «альбум» - «ақ» деп әдейілеп айтып тұр ғой. Мен отбасылық «альбумымның» біріне ата тегімнің шежіресін жазсам, біреуіне өзімнің сарбаз-серілік гербімнің суретін салдым, ал енді біреуіне атақты кемеңгерлердің аталы сөздерін жазып жүрмін», - деп өзінше түсіндірер еді.
Қазіргі альбомдар бұрынғыдай «альбом» деп аталғанмен, олардың беттері үнемі ақ бола бермейді. Оның беттеріне кейбіреулер сурет салса, өлеңқұмар біреулер ұнаған өлеңдерін жазып қояды.
Жарияланған-2016-09-07 18:51:51 Қаралды-4388
ҚЫЗ ҚУУ

Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.
Амстердамда елес кораблі болған

Амстердамда жарық Фестивалі шеңберінде каналдардың бірінде елес кораблі пайда болды. Бірақ жергілікті тұрғындарға және саяхатшыларға қорқудың қажеті болмады. Себебі бұл жай ғана өзара қиылысқан төрт бұрқақтың көмегімен жасалған әдемі бір кескін еді.
СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ

Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.
ЕҢ ҮЛКЕН ЕГІС ДАЛАСЫ ҚАЙСЫ?

Бүкіл алқап жайылған алтын кілем секілді. Бұл - бидай, еліміздің астығы. Жел тұрса болды, теңіз суы шайқалғандай, даланы алтын түсті, сарыала толқын басады.
ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Тәңірқұт - Ғұн мемлекетінің ең жоғары билеушісінің лауазымы. Қытай тарихи еңбектерінде «тәңірқұт» сөзі «Тәңір ұлы», «Көктің ұлы» мағынасын білдіреді.
Ақ-қара фильмдерді қалай бояйды?

Соңғы кездері ескі ақ-қара фильмдерді бояу сәнге айналды. Бүгінгі таңдаақ-қара фильмдерді бояу технологиясы дамып кетті. Баяу процесі былай жүргізіледі: фильм санды форматқа ауыстырылады және бөлек кадрларға бөлінеді.