ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?
Категориясы: Көңіл көтеру
Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады. Бірақ кейде қарындашы түскірдің тыңдамай кететіні бар. Бес жасар суретші қоянның суретін салғысы келсе, қайдағы бір мақұлықтың сұлбасы шығады.
«Қаламмен жазылғанды қайламен шауып кетіре алмайсың» дейтін мәтел бар. Осы мәтелді теріске шығарайын дегендей өшіргіш қарындаштың қате жазған жолдарын, тіпті сияның тамған дақтарын да «шаппай-ақ» үйкеп-үйкеп, жоқ қылады. Өз «өңі» келісіп тұрмағанмен дәптердің «өңін» кетіріп-ақ жібереді.
Оны біреулер «өшіргіш» деп атаса, біреулер «резеңке» деп еркелетеді.
Шындығына келсек, оның резеңкеден жасалатыны да рас. Дүниеде резеңкеден жасалатын заттар аз емес: автомобильдердің доңғалағы, әр түрлі түтіктер, аяқ киімдердің табаны, түрлі-түрлі тығындар, ойыншықтар...
Әрине, о бастағы жасалған алғашқы өшіргішті бүгінгімен салыстыруға болмайтын. Қазір оның ауқымы да тым шағын, бұрынғыдай гевей ағашының шырынынан емес ағаш үгіндісінен немесе мұнайдан алынатын жасанды каучуктен әзірленеді.
Сонымен өшіру дегеніміз - қағаздың үстіңгі бір қабатын қате жазылған әріптерімен, жаңсақ сызылған суреттерімен бірге сыдырып алу деген сөз. Ол үшін резеңкеге әйнектің ұнтағын қосады, сол ұнтақ қағаз бетін тырнап, өшіреді.
Жарияланған-2016-09-07 18:36:15 Қаралды-5250
ҰСТАУҒА БАЛҒА НЕГЕ КЕРЕК?

Мына жарық дүниеде бір адам өмір сүріпті. Нар көтергендей күшті екен. Ертеңнен қара кешке дейін қап-қара түтін қаптаған ұстаханада ұсталық етіпті.
ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.
«АССОРТИ» РАХАТ-ЛУКУМЫ

Бұл - жеміс мармелады сияқты тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.
РАХАТ-ЛУКУМ

Кондитер өнеркәсібі ванильді, қызғылт, жаңғақ қосылған, шоколад қосылған, ассорти рахат-лукумдарын шығарады.
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.