UF

БҮЙДАШ ХАН

Категориясы: Тарих


Таһир қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұйдаш отырады. Бұйдаш - Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы, Таһирдің туған інісі.

Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды. Оның қол астында 20-30 мыңдай ғана әскер болды.

Бұйдаш ханмен байланысты осы кездегі екі оқиға тарихтан орын алды. Біріншісі - оның қырғыздарды моғолдардан қорғауы. Бұл былай болған екен. Бірде көрші елдегі моғол ханының бір ұлы көп әскерімен келіп, қырғыздарды қырып, көптеген малын олжалап кетеді. Мұны естіген Бұйдаш хан қазақтар мен қырғыздардан әскер жиып, жау әскерін талқандайды.

Екіншісі - Сайрам қаласы түбіндегі жау әскерімен соғысы. Бұл соғыста Бұйдаш хан бастаған қазақ әскері жеңіліске ұшырайды. Шайқас алдында қатты шаңды дауыл болып, қазақтарға қарсы соғады. Осыны жау әскері пайдаланып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Бұйдаш ханмен бірге Жәнібек ханның баласы Әдік сұлтанның бес ұлынан тараған 24 сұлтан өледі. Жау әскері қазақтың оңтүстігіндегі бірнеше қалаларын басып алады.

  Жарияланған-2015-11-13 16:06:52     Қаралды-3676

Мәлімет сізге көмек берді ма

Абайлаңыз, улы саңырауқұлақ!

...

Саңырауқұлақ жинаушының басты ережесі – тек сенімді болғанын жинау ережесіне қарамастан – адамдар бәрібір саңырауқұлақпен уланып жатады. Жыл сайын улы саңырауқұлақтардан 100-ден аса адам өліп жатады. Уланып өлу саны анағұрлым көп. Ең улы саңырауқұлақтарды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЕМЕИ

...

Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕҢГЕЛ – ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕГЕНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ

...

Гүл жапырақшалары гүл тостағаншасының қалақшаларынан ұзынырақ. Оңай ашылатын буылтық кауашақта екі тұқым бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ СІЛІКПЕСІ

...

Сүт қайнатылып, оған құм шекер мен ванилин салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »