ШАРИКТІ ҚАЛАМҒА ШАРИК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Категориясы: Көңіл көтеру
Әлемдегі алғашқы автоқаламды ойлап тапқан... египеттіктер екен. Ішіне кәдімгі қара сияга ұқсас бояу толтырылған қамыс өзегі бар мыс түтікше болатын. Әлгі сұйық қамыстың өзегі арқылы ағаштың сүйірленген ұшына келіп тұрған. Оны сол кездегі қағаз орнына жүрген папирустың бетіне тигізсең болды, ап-айқын із қалдырып отырған.
Уақыт өткен сайын мыс түтіктегі қамыс таяқша да ұмытылды. Адамдар оның орнына каздың қауырсынымен жаза бастады. Сонан соң сүйір ұшы екіге жарылған болат қаламұш дүниеге келді. Мұның қаз қауырсынына енді ешқандай қатысы болмаса да, баяғыдағы қауырсын (перо) сөзі орыс тілінде әлі сақталып келеді.
Ал шарикті (домалақ түйір) қаламда қаламұш жоқ, бірақ бәрібір әп-әдемі жазады. Қаламұштың орнына түтіктің ұшына көзге көрінер-көрінбес өте қатты домалақ металл бекітіледі. Қаламұштың қызметін атқаратын да сол домалақ түйір. Ал сияның орнына түтікшеге түрлі түсті қоймалжың сұйык құйылады. Шарик қозғалған сайын бүйірін қоймалжың сияға батырады да, онысын қағаз бетіне түсіреді. Сөйтіп, жаза береді!
Әрине, өздігінен жаза бермейтіні түсінікті ғой. Өйткен қарындаштың қарындашы, былайша айтқанда, ең мықтысы да өздігінен сурет салып, жазу жаза алмайды.
Екеуі де сауатты да ақылды адамның қолына тигенде ғана сауатты да ақылды сөздерді жаза алады.
Жарияланған-2016-09-07 17:51:11 Қаралды-3735
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы.
ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.