1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Категориясы: Ғылым
1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!»
Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді!
Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді!
Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді.
Еліміздің әрбір балақаны үшін мектепте орын дайын тұрады. Бізде барлық баланың оқып, білім алуына қақысы бар. Мұның бер жағында: олар оқуға міндетті. Егер олар оқып білім алмаса, онда не болар еді дейсіңдер ғой?
Оқу қонбаған кісі үй салса - қабырғалары құлап қалар еді.
Теңізші болса - кемесін қайраңга тіреп қарап отырар еді.
Тігінші болғысы келсе - тіккен киімінің жеңі желкесіне, жағасы етегіне кетіп, жұртқа мазақ болар еді.
Сен өміріңде қандай да бір арманыңды жүзеге асыру үшін: болат балқытып, адамдарды ажалдан арашалығың келсе, комбайнды астықты алқапта жүздіріп, самолетті, көгілдір аспанда самғатқың келсе, заводтарда машиналар жасап, орманды ойып сәнді қала орнатқың келсе, онда ең алдымен оқуың қажет! Мамандық атаулыға апарар жол мектептен басталады.
Мектеп білімін игеру де оңай емес. Кейде кітап оқуға зауқың соқпай, одан да серуендегің, ойнағың, телевизор көргің келеді. Әнеки, мектеп дәл осы сәттегі көңілің ауған істі жасауға емес, тиянақты істі тындыруға, қажырлылықпен оқи білуге үйретеді.
Мектепте 11 класс бар. Бұл шексіз білім биігіне апарар алғашқы 11 баспалдақ іспетті. Әр баспалдаққа шығып, өрлеген сайын айналаң айқын көріне бастайды. Бірақ мектеп сегіз жылдық немесе он бір жылдык деп аталғанмен оның сошы класын білімнің соңғы баспалдағы екен деп ұқпаған жөн.
Көптеген балалар сегіз жылдықтан соң ПТУ-ға - кәсіптік-техникалық училищелерге түсіп, мектепте алатын білімге қоса, арнаулы білімді - жұмысшы мамандығын игереді. Ал жұмысшылардың да өз баспалдақтары - разрядтары болады. Жұмысшы шеберлігі артқан сайын оның разряды да жоғарылай бермек, ең алдымен - 1-, одан соң - 2-, ал одан кейін - 3-, 4-, 5-, ең соңында - 5-разряд беріледі. Жұмысшы өз мамандығын одан әрі жетілдіре берсе, онда шебер атанады, демек ол да білімнің тағы бір баспалдағына шықты деген сөз.
Ал енді дәрігер, инженер, агроном болғандар әрі қарай оқымай ма? - Оқиды, әрине, оқиды! Дәрігер-хирург оқымаса кеше ғана мүмкін емес деген операцияны жасауы, жаңа аппараттарды меңгеруі мүмкін болмас еді. Агроном жаңа тыңайтқыштың өзіндік касиетін, өсімдіктің жаңа тұқымын өсірудің тәсілін де білмес еді. Ал мұғалім ше?! Ол өзгелерді оқытып қана қоймай, өзі де тынбай оқуға тиісті. Өйтпесе өмірден мүлде калып қояр еді. Айталық, мектепке компьютер - программалық қондырғысы бар электрл і-есептеу маши насын әкелді делік. Егер мұғалім осынау ақылды машиналардың «тілін» өзі білмесе, онымен жұмыс істеуді шәкірттеріне қалай үйретпек?
Тіпті төрткіл дүниенің қыр-сырын түгел біледі дейтін профессор, академик, әлемге аты әйгілі ғалымдар да оқып-үйренуден жалықпайды-ау. Бір сөзбен айтқанда, еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін өз білімдерін толықтырып, оқи беруге тиіс.
Сондықтан да 1 кыркүйек - мектеп оқушыларының ғана емес, әр түрлі жастагы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күні жылына бір-ақ рет өткізіледі. Ал білім жыл он екі айдың барлық 365 күн бойына, тіпті бүкіл ғұмыр бойына жиналады. Мектеп босағасын тұңғыш аттаған бүлдір- шіндерге ұстаздары дәл осы туралы әңгімелейді. Балалардың - мектепте көптеген пәндерді математиканы, табиғат тануды, сурет салып, ән айтуды оқып үйренулеріне тура келеді.
Сөйтіп, қоңырау күмбірлеп, сабақ та басталды.
Жарияланған-2016-09-05 15:47:44 Қаралды-54098
ВИТРАЖ – ӨНЕРДІҢ ЕҢ КӨНЕ ТҮРІ
МЫНАУ суретте қандай таңғажайып аңдар мен құстар бейнеленген десеңізші! Бояулары неткен ашық, неткен анық!
Тауықтар да жарыла алады
1950 жылы неміс газеттерінің бірінде жарылғыш тауықтар туралы оқиға болды. Оқиғаны одан әрі оқи отырыңыздар.
БАДМИНТОН ТАРИХЫНАН
Бадминтон - спорт ойынының отаны Индия елі бола тұрып, оның дүние жүзіне мәлім болуы, ағылшын герцогі Бофорттың есімімен байланысты.
СУХУМИ ПАХЛАВАСЫ
Ашытқы қосылған, ішіне бадам және алма салынып, қабатталған қант-бал шырыны сіңірілген тағам осылай деп аталады.
«КИТАБ-И ТАУАРИХ-И ПАДИША ХАН-И»
«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» - Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады.
СҰҢҚАР
Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, міне