UF

ТАҺИР ХАН

Категориясы: Тарих


Мамаштан кейін хан тағына Таһир отырады.

Таһир (Тайыр) - Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.

Таһир хан 10 жылдай (1523-1533 жж.) билік қүрған. Таһирдың түсында да, өзара талас-тартыс тоқталмай, жалғаса берді. Мұндай жағдайда Таһир сыртқы жаулардың жорықтарына тойтарыс жасай алмады. Ол екі рет жау әскерінен жеңіліп қалды. Сондай-ақ Таһир хан қазақтар мен бұрынғы көршілес әрі туыс ноғай тайпаларының арасындағы достықты жойып, олармен жауласады. Оларға қарсы соғыс ашады. Бұл шайқастарда да Таһир хан жеңіледі. Халық көп қырғынға ұшырайды, олардың малдары тоналады. Бұған шыдамаған халықтың бір бөлігі батыстан Жетісу аймағына көшіп кетеді. Сөйтіп, Таһир ханға дейінгі кезенде Қазақ хандығында 100 мыңдай әскер болса, оның қол астында 40 мындай ғана әскері қалады.

Дегенмен, Таһир қазақ хандарының ішінен бірінші болып қазақ жерін қалмақтардан қорғау үшін күрес жүргізген. Ол бір таудың етегінде Жатан деген қамал салдырған. Сол заманда өмір сүріп, қамалды өз көзімен көрген бір тарихшы оның биіктігін және мықтылығын суреттеп жазған. Кейіннен бұл қамалды қазақ әскерлері қалмақтарға қарсы соғыста үнемі пайдаланып отырған.

  Жарияланған-2015-11-13 16:00:00     Қаралды-5059

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛТЫН ҚАЙ ЖЕРДЕ КӨП?

...

Мұндай сұрақтың жауабы күтпеген болып көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАТЫНЫҢ ТӘТТІ НАНЫ

...

Бұл нанды жасау үшін май, қант, қатырылған (меланж) немесе қатырылмаған жұмыртқа, сода немесе аммоний араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ

...

Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ДОБЫ

...

Су добы ойынының шығу тарихы кездейсоқ оқиғаға байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »