UF

ТЕМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚАТТЫ?

Категориясы: Технологии


Пионерлер металл сынықтарын жинаған кезде олар таудай ғып бір жерге үйгендері бір емес, екі түрлі металл екенін біле бермейді, өйткені олар түрі жағынан біріне-бір өте ұқсас.

Шойын мен болат – темірдің көміртегімен қаныққан балқымасы. Бірақ шойында көміртегі көп те,  болатта – аз. Соған сай олардың табиғаты әр түрлі. Шойын беріктеу, одан вагон доңғалақтары, станоктардың шомбал аяқтары, жылыту батареялары құйылады. Ол оңайлықпен иілмейді, серпімді емес, ауыр соққыдан быт-шыты шығады. Сондықтан шойынның басым көпшілігін болат қорытушыларға жөнелтіп отырады. Олар бұдан болат пісіреді.

Болат арнаулы пештерде - мартендерде қайнатылады. Мартен пеші домнаға қарағанда онша үлкен емес, оның есесіне аса ыстық.

Мартен пештері бірімен-бірі жалғас, жапсарлас салынады. Бірінде болат енді ғана даяр болса, екіншісінде әлі қорытылып, ал үшіншісінен дайын металл шығарылып жатады. Міне, пештердің біріндегі көз қаратпас ашық сәуле шашқан тесікке ұзын «қолды» машина келіп тоқтайды. Ұзын «қол» барып шойынның тиісті бөлігін уыстап алып, дәп кып-қызыл боп от бүркіп жатқан «ауызға» апарып салады. Алдымен шойын, ал оның үстіне металл сынықтары, сосын болат бабына келу үшін әк тас және басқа да қоспалар қосылады.

Пеш лықа толтырылып, «ауызы» жабылады. Бұдан кейін пеш ішінде не болып жатыр, бәрін прибор-автоматтар бақылайды. Сонда да болса болат балқытушы кішкентай терезеден қара-көкшіл көзілдірікпен ара-тұра қарап тұрады. Көзілдіріксіз қарау қауіпті, адам көз нұрынан айырылады.

Асыға тосқан болат та бұрқ-сарқ қайнады. Құрықтай ұзын сапты ауыр «ожаумен» болат балқытушы отты көсеп жіберіп, қайнап тұрған қазаннан ыстык сорпа сапырғандай, көз қарыған мың-сан ұшқын шашып, мөлдіретіп металл алып шығады. Оны лабораторияға жіберіп, болатқа әлі не жетпейтінін, одан әрі калай пісіру керек екенін аныктайды.

Артынша бүкіл цех ішіне: «Болат дайын!» деген хабар естіледі. Белгі берілісімен кран бүйірлі шұңғыл казанды көтеріп мартенге алып келеді. Қасқағым сәтте цех ішін алтын шапақ нұрға малады.

Алауға оралған балқыма толы шөміштер аспанда қалқып, ақырын жүзеді. Әрине, оларға қанат біткен жоқ, оларды крандар көтерігі бара жатыр.

Қып-қызыл шөміштер цехтың өн бойымен жүзіп бара жатып тағзым еткендей еңкейеді. Сол кезде зілдей шойын стакандарға лақылдатып металл төгеді. Аты стакан дегенмен заты басқа: оның әрқайсысына бірнеше тонна болат сияды.

Металл суып, тастай болып қатқан соң кран кесек-кесек болатты суырып алып, үлкен де қуатты машинаға - прокат станына жөнелтеді. Станның ұзына бойы - ат шаптырым, кіші-гірім қала қанша электр қуатын алса, ол сонша жұмсайды! Ал оны бар-жоғы бір-ақ адам басқарады.

Шешелеріңнің, болмаса әжелеріңнің қалай қамыр жайып жатқанын талай көріп жүрсіңдер. Бір жайым қамырды тақтай үстіне салып, оқтауды қос алақанымен арлы-берлі дөңгелете таптайды. Әне-міне дегенше жұдырық басындай қамыр жұқа шелпекке айналады.

Прокат станының жұмысы осыған ұқсас. Тек оның қолы - білігі (оқтау) екеу емес, әлде-нешеу. Станда көлденең ауыр жүктерді көтеретін таудай қақпалар тұр. Бұл қақпалардың екі-екіден ауыр біліктері бар. Бірі - жоғарыда, екіншісі - астыңғы жағында. Осы екі білік бір-бірімен жауырын түйіс-тіре айналған тұста, әлгі кесек- кесек болат осы екі білік арасына түседі.

Сом-сом болат - «тіске жұмсақ», саз балшыктай созуға ыңғайлы болуы үшін оларды тағы да пешке қыздырып қақтайды. Содан ол білік арасынан желініп, сығымдала келіп, бұрынғыдан жұқарып әрі ұзарып шығады. Іле әлгі машина оны кері қайтарып, біліктер арасынан тағы да өткізеді.

Прокат стандары әр түрлі болады. Біреулерінен дайын рельстер, үй құрылысы үшін тіреулер, екінші біреуінен - қалың плиталар немесе кейін автомобиль қорабын жасайтын болат қаңылтырлар шығарылады. Болат қаңылтырдың бұдан да жұқалауы үйдің төбесін жабуға, ал ең жұқа қаңылтырлар консерві қалбырлары үшін пайдаланылады. Кесек-кесек болат құйма білемдерді құбырға айналдыратын стандар да бар. Бұл әр түрлі құбырлар су, мұнай, газ жүйелерінде пайдаланылады. Болат та әр қилы: бірі шегеге, екінші бірі соқаға, үшінші түрі подшипникке пайдаланылады. Пышақ, ара және басқа да аспаптар үшін майыспайтын, серіппе үшін - қатты серпілетін болат қажет. Аса қатты болаттар да бар. Олардан станоктарда металдарды таспадай тілетін кескіштер жасалады. Жалпы, не көп - болаттың түрі көп және әрқайсысының өз орны бар.

Тегінде, шойын мен болаттың қайсысының маңыздырақ екенін білген боларсың? Иә, расынында, оның екеуі де маңызды, екеуі де кажет.

  Жарияланған-2016-09-04 18:56:54     Қаралды-8020

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?

...

Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ

...

Малбағар Меңдіқұлов (1909-1986) - қазақ халқынан шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЫНЫСЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЫ ҚАРУЛАРДАН ҚОРҒАУ.

...

Малдарды жаппай зақымдаушы қарудан топтап қорғау үшін бірінші кезекте мал қоралары пайдаланылады. Мал қораларын дайындау ең алдымен оларды ауа өткізбейтіндей етіп бітеу: төбесіне шлак немесе құм төгіп қалыңдату, төбесін лаймен, известьпен және басқа еріті

ТОЛЫҒЫРАҚ »