UF

ЕЖЕЛДЕН УАҚЫТ ҚАЛАЙ АНЫҚТАҒАН?

Категориясы: Ғылым



ӘТЕШ те «сағат», бірақ ол өзгеше тірі сағат. Бағзы замандарда қазіргідей сағаттар болмаған ғой. Бірақ уақытты біліп отыру адамдар үшін міндетті түрде қажет еді. Міне, сол кезде оларға алтын айдарлы, әсем қауырсынды әтештер көмекке келді. Олардың белгілі бір уақыттан айнымай шақыратын қасиеті бар. Елең-алаңнан ағаш басына шығып алып, қиқу салып тұрғандары:  «Кука-реку-у! Мейірімді жандар-ау, ояныңдар ұйқыдан, таң атып қалды!» Мұны естіген жұрт апыл-ғұпыл жиналып, күнделікті жұмыстарына кіріскен.

СУ САҒАТТАРЫ. Мұндай сағаттар күн шайдай ашық жайма шуақ кезде де, жауын-шашынды бұлыңғыр ауа райында да, тіпті тас қараңғы түннің өзінде де қай уақыт болғанын айна-қатесіз көрсете алады. Мына суретке зер салшы, олардың қалай жасалғанын өзің де түсінесің. «Содан бері қаншама су ақты» - бұл сөз су сағаттарының қалай жұмыс істегенін де еске түсіреді.

КҮН бір орнында ешқашан кідірген емес - аспан төсіндегі өз жолымен үнемі ілгері жылжиды. Таңертең жұмыр жердің бір шетінен нарттай қызарып, дөңгелене шығады; шаңқай түсте тас төбеден шақырады; кешке қарай жердің қарсы жақтағы шетіне барып, ұясына қонады. Ал адамдар күн сайын оған қарап: «Әне, күн шығып келеді», «Тал тұс болды», «Міне, күн батып барады» деп уақыт айырып, осы аспан сағаты бойынша ғұмыр кешетін еді. Бірақ бірте-бірте олар уақытты дәлірек білудің жолдарын ойластыра бастады. Сөйтіп, нағыз күн сағатын жасады. Циферблат орнында - беті таңбаланған дөңгелек ашық алаңқай. Сағат тілінің қозғалмайтын үшін бекітілетін тетік орнында - алаңқайдың дәл ортасына қағылған қазық немесе биік бағана. Ал сағат тілінің қызметін осы қазықтың немесе бағананың көлеңкесі атқарады. Күн аспан төсіндегі өз жолымен жылжи береді, соған сай көлеңке де ашық алаңқай бетімен шыр айналып, кәдімгі сағат тілі сияқты уақытты көрсетіп отырады.

Ал, мына сағатты таныдың ба? Әрине, бұл көріп отырғаның әлемге әйгілі Кремль мұнарасының сағаты - КРЕМЛЬ КУРАНТТАРЫ. Төменнен, Қызыл алаңнан қарағанда, бұл мұнара сағатының үлкендігі онша байқалмайды, ал шын мәнінде ол орасан нән сағат. Үлкен тілінің ұзындығы - 3 метр, циферблаттағы әрбір цифрының биіктігі бір метрге жуық, алыстан көрінетіні сондықтан. Көзге шалынбайтын маятнигінің салмағы 32 килограмм. Куранттар сағат сайын төрт рет соғады: «міне, тағы бір он бес минут өтті» дегендей-ақ. Казан революциясы күндерінде бұл сағаттың циферблатына зеңбірек оғы тиіп, тоқтап қалған еді. В.И.Лениннің жеке өзі сағат шеберін шақырып, одан Кеңес Одағының бас сағаты - Кремль куранттарын жөндеуді өтінген. Көп ұзамай-ақ сағат «қайта тірілді». Содан бері тоқтаусыз жүріп келеді.

Құм сағаттарда да «уақыт зымырап өтіп жатыр». Дәлірек айтқанда, зымырап өтіп жатқан уақыт емес, суылдап құйылып жатқан сол уақытты өлшейтін құм. Бұл көне сағат біздің заманымызға дейін жетті. Емханаға бара қалсаң, сен оны көресің. Буынтық шар мойнақ арқылы қосылған екі сопақ шыны бірінің үстіне бірі төңкерілген. Оның төменгісінде ұсақ құм бар. Дәрігер апай сағатты төңкеріп қойып, сырқат адамға: «Бүгін сіз емді 3 минут бойы аласыз. Құм құйылып біткен соң, киініп үйіңізге қайтуыңызға болады» дейді. Егер 3 минуттан көп уақытты есептеу қажет болса, емханадан «бес минуттық» немесе «он минуттық» ҚҰМ САҒАТТАР да табылады.

БАЛАУЫЗ ШЫРАҒДАНЫ да - сағат, көне заманғы от сағаты. Шырағдан жоғарыдан төмен қарай аққара белдеулерге бөлініп, таңбаланған. Жанып тұрған білте қызуынан балауыз ериді, онымен бірге белдеулер де азая бастайды. Қанша белдеу еріп кетсе, шырағданның да сонша сағат жанғаны. Демек, уақыт өтіп қана қоймайды, «жанады» да екен. 

  Жарияланған-2016-09-04 15:55:45     Қаралды-24833

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?

...

Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Тауықтар да жарыла алады

...

1950 жылы неміс газеттерінің бірінде жарылғыш тауықтар туралы оқиға болды. Оқиғаны одан әрі оқи отырыңыздар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР СІЛКІНЕДІ, АЛ ТЕҢІЗ СІЛКІНЕ МЕ?

...

Теңіз дауылы мен теңіздің сілкінуі бір нәрсе емес. Теңіздегі ең биік әрі ең қауіпті толқындар теңіз астындағы жер сілкінісі салдарынан пайда болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

...

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »