UF

УАҚЫТ КЕЗЕҢ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕДІ: КЕМЕ

Категориясы: Тарих



Мынау - САЛ, бұл әлемдегі тұңғыш кеме. Адамдар ағашты кесіп құлатып, бұтақтарынан тазартып, бірнешеуін буып-буып байлаған да, алыс сапарға аттанып кете барған. Ашық теңіздегі тулаған асау толқындар бұл жалаң бөренелердің үстін шайып кететіні белгілі, тіпті ержүрек жиһанкездердің қайсыбірін су түбіне атып ұруы да мүмкін.

Ал содан соң адамдар алғашқы қайықты да жасап шықты. Олары салға қарағанда мықтырақ, сенімділеу болды. Қайық мініп, ашық теңізге шығу, енді бұрынғыдай қатерлі көрінбейтін. Жуан бөрененің өзегін балтамен шауып немесе шоқпен күйдіріп ойық жасаса болды, қайық та дап-дайын. Дәлірек айтсақ, мұны ЧЕЛН деп атаған. Ескектер де сол кезде пайда болған.

КОРВЕТ, бригантина, фрегат, шхуна - бұлар көп желкенді үлкен кемелер. Ұлы теңіз жиһанкезі Христофор Колумб осындай кемелердің керуенін бастап, мұхитты кесіп өтті де, ол кезде көп жұрт біле бермейтін жаңа құрлық Американы ашты.

Мынау сияқты шап-шағын желкенді кемені ЛАДЬЯ деп атаған. Орыс жауынгерлері өздерінің желмен жарысқан отырып алған да, кенеп желкендерін керіп тастап, көздеген мақсатына жетуге асыққан... Желкен көтерген соң кеменің жүрісі жеңілдей түскені анық.

Кемеге бу машинасын орнатып еді - ол енді желкенді жүзгіштен ПАРОХОДҚА айналды. Қазандықта көмір лаулап жанып жатыр, мұржадан будақ-будақ түтін ұшады, қазандағы су бұрқ-бұрқ қайнайды. Бу доңғалақты айналдырады, доңғалақ қалақшаларымен суды сабалайды, кеме теңіз бетімен зымырап, жүзе жөнеледі. Пароход дегеніміз, міне, сол.

Қазір пароходтар да жоқ. Теңіз төсіндегі олардың орнын ТЕПЛОХОДТАР мен электроходтар алмастырған. Міне Қара теңіздің толқындарын жарып қандай әсем теплоход жүзіп жүр. Кеме үстінде бүтін бір қала жүзіп келе жатқандай.

Ескек доңғалақтардың орнын ескіш ВИНТТІҢ алмастырғанына да көп уақыт өтті. Бұл өзі тақтайға немесе металға бұралатын винттерге мүлде ұқсамайды, бірақ «бұралатыны» рас. Суда шыр көбелек айналып, кемені де алға қарай доңғалақ ескекке қарағанда жылдамырақ жүздіреді. Катерлер мен шағын моторлы қайықтардың винттері онша үлкен емес. Ал теңізде жүзетін нән кемелердің винттері де нән.

ЖҮК КӨТЕРГІШ КРАН-КЕМЕ. Ол терең теңіздің болашақта айлақ жасалатын тұсына көп тонналық блоктарды қалап шыға алады.

ПАРОМ машиналарды, автобустарды кейде тіпті темір жол составтарын да су арқылы тасымалдап, арғы бетке өткізеді. Паром келесі жиекке жеткен соң, устіндегі поезд палубаның бір шетімен алға жылжиды. Сөйтіп, жағалаудағы рельске табаны тиген сәттен бастап, ол қайтадан құрлықтағы транспортқа айналып кете барады.

Мынау - ӨРТ СӨНДІРГІШ КЕМЕ. Ол теңізде жүзіп журген кемелердің бірінде өрт шыққаны туралы дабыл белгісін қабылдасымен-ақ оқиға болған маңға жетуге асығады. Су шашып, лаулаған жалынды тұншықтырады.

Ал мыналар - даңқты ӘСКЕРИ КЕМЕЛЕР. Олар теңіз арқылы өтетін шекарасын дұшпандардан қорғайды. Теңіз толқынын тілгілеп, ракеталы «сақшылар» жүзіп жүр. Егер жау шабуыл жасай қалса, оларға сол сәтте-ақ тойтарыс беріледі. Авианосецтерде сап түзеген ұшқыр әскери самолеттер дабыл қағылған алғашқы сәтте-ақ аспанға көтерілуге әзір тұр. Олардың аэродромы - кеме палубасы.

МҰЗЖАРҒЫШ кеме тұтасқан қалың мұз құрсауларын бұзуға арналып жасалынған. Оның мұзды жаратын тұмсығы алып үтік сияқты. Алдымен осы тұмсығы мұзға бойлап кіреді, содан пайда болған жарыққа кеменің өзі бар салмағымен енеді. Күтір- күтір жарылыс. Мұз құрсау бейне жұмыртқа қабығындай шыт-шыт жарылады.

  Жарияланған-2016-09-01 14:16:55     Қаралды-8031

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЗЕМЕЛӘК

...

Тоқаш қамырынан жасалатын тағам земелак деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)

...

Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шаш сияқты таныс дене мүшесі сирек сұрақтар тудырады. Шынында да, олар туралы не айтуға болады?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)

...

Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТСИГЕК

...

Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕННИС СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »