БҰРЫНДЫҚ ХАН
Категориясы: Тарих
Керей мен Жәнібек хандар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұрындық отырады. Бұрындык - Керей ханның үлкен ұлы, шамамен 1430-1510 жылдары өмір сүрген. Бұрындык хан билік басында отыз жылдан астам уақыт отырады. Оның кезінде «Қазақ хандығы» Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі қазақ қалалары - Түркістан, Отырар, Сауран және т.б. үшін күрестер жүргізеді, бұл күрестер өте ұзаққа созылады. Ақыры, Бұрындық хан жаулармен соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келеді.
Бірак жаулар аз уақыт ішінде күшейіп алып, қазақтарға қарсы бірнеше рет жорықтар жасайды. Көптеген қазақ ауылдары тоналады, адамдары тұтқынға алынады. Ал, Бұрындық хан болса, жауға қарсы ешқандай әрекет жасамайды. Сол кезде жауға қарсы Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан бас көтереді. Ол Ұлытау деген жерде жау әскерін тас-талқан етіп жеңіп, өз жерлеріне дейін қуып жібереді. Содан кейін халық Бұрындық ханды «хан» санамай, Қасымды «хан» ретінде тани бастайды.
Жарияланған-2015-11-13 15:31:39 Қаралды-9926
КОМЕТА

КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі.
ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ

Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.
ШОКОЛАДТЫ РАХАТ-ЛУКУМ

Какао ұнтағы қосылатын мармелад сияқты тағам осылай деп аталады. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады.
ПАЗЛДАРДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

Алғашқы басқатырғышты 1763 жылы ағылшын картографы және гравюрашысы Джон Спилсбери ағаштан ойып жасаған.
ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады.