UF

ҚАРА ТЕҢІЗДІҢ СУЫ ШЫНЫНДА ДА, ҚАРА МА?

Категориясы: География


Кез келген ертегі немесе ән атаулыда теңіз кездессе, міндетті түрде - «көк теңіз» болып келетіні өзіңе мәлім болар.

Ал дүние жүзінің картасына көз салатын болсақ - теңіз атаулының ешқайсысы көк теңіз деп аталмайды екен. Кездесетіні - Қара теңіз, Ақ теңіз, Сары теңіз. Тіпті Қызыл теңізге дейін бар.

Теңізшілердің кез келгенінен теңіздегі судың түсі қандай деп сұрасаң - бірден көк деп жауап берері сөзсіз. Қара теңіздің де, Қызыл теңіздің де суы көк екендігінде дау жоқ.

Оларға оған теріс ат қойып, шатыстырып жүрген кім болды екен?

Ешкім де емес. Шатысқан ештемесі де жоқ. Тек Қызыл теңіздің бетін шынымен қызыл қоңыр балдыр жауып кететін кездері болады. Сондықтан теңіздің қызыл болып көрінетіні рас.

Сары теңіз суының сап-сары болып жататыны да шындық. Тек түгелдей емес. Сары өзен атанған Хуанхэнің теңізге құяр сағасы ондаған шақырымға дейін лайланып сап-сары болып жатады. Хуанхэ ағызып әкелген сары батпақ бірте-бірте сейіліп, теңіз төріне ұзаған соң мүлде білінбей кетеді. Одан әрі бұрынғыша көк теңіз басталады.

Ал Ақ теңіздің неліктен ақ аталғанын білгің келе ме? Бұлай аталатын себебі солтүстікте, суық жақта орналасқандықтан оның бетін көбіне мұз құрсап, аппақ қар басып жатады. Ақ теңіз аты содан шыққан.

Енді Қара теңізге келейік. Оның жағалауындағы Сочи, Анапа, Геленджик, Ялта сияқты толып жатқан қалаларында дем алып қайтқан сан мыңдаған адамдардың дың кез келгені Қара теңіздің көкпеңбек суын, шуақты күнін көпке дейін ұмыта алмайды. Алайда ол жадыраған жаз айының өзінде ылғи көкпеңбек күйінде жата бермейді. Аспанды қорғасын бұлт қаптап, теңізде ақжал толқын жөңкілген шақтарда ол қара көк түске еніп, тұңғиық кейіпке түседі.

Мәрмәр теңіз деген де бар. Онда ерте заманнан мәрмәр шығатын арал болған. Сол мәрмәр тиелген кемелер осы теңізбен жан-жаққа жол тартып, ағылып жатады екен. Мәрмәр теңізі аталуы осыған байланысты.

Белгілі бір арал атымен аталып кеткен теңіздер де көп. Мысалы, оған Ява теңізі, Гренланд теңізі, Жапон теңізі сияқтылар жатады.

Маржан теңізі ондағы сан мындаған маржан аралдары мен аралшықтарының атына қарай қойылған; Охот теңізі - өзіне келіп құятын Охот өзенінің атына орай аталған; Андаман теңізі мұндағы аралдардың, оны мекен еткен андамандықтардың атымен аталып кеткен.

Ал кейбір теңіздерге бір кездердегі атақты теңіз саяхатшыларының аты берілген. Лаптевтер теңізі, Беринг теңізі, Баренцев теңізі... соның айғағы.

Теңіз болған жерде, шетсіз-шексіз көк теңіз деп суреттеу шартқа айналған. Шын мәнінде оның бәрінің шет-шегі - кәдімгі жағасы бар. Жағасы жоқ теңіз біреу ғана. Ол - Атлант мұхитының жылы суында орналасқан Саргасс теңізі. Оның шегі - құрлық емес, мұхит ағыстары. Оның мұхит суынан түсі бөлек екендігін кеме палубасынан байқау қиын, ал самолеттен қарағанда айқын аңғарылып жатады.

Американы ашқан атақты жиһанкез Христофор Колумб өзінің желкенді кемелері - каравеллаларымен Атлант мұхитын бойлап ұзақ сапарға аттанады. Бір кезде оның теңізшілері «Жер! Жер көрінді!» деп қуана айғайлайды. Алайда, алыстан жер сияқты болып көрінгеннің бәрі, шындығында... балдыр еді... Теңіз бетіндегі балдырдың қалыңдығы сонша, кей тұсы тұтас кілем сияқтанып құлпырып, көкбурыл тартып жатса керек. Ғалымдар ондай балдырды «саргасстар» деп атайды. Бетін балдыр қаптаған, жағасы, шет-шегі жоқ сол бір ғажайып теңіз осылайша «Саргасс теңізі» аталып кеткен екен.

  Жарияланған-2016-08-26 15:07:00     Қаралды-9415

Мәлімет сізге көмек берді ма

МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ

...

Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРША

...

Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ ДОЗАСЫ

...

Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Иондаушы сәуле дозасы төмендегіше бөледі: Жұтылған доза - сәуле алған ортаның масса бірлігі жұтқан иондаушы сәуленің кез келген түрінің энергиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

...

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның қиыр солтүстігінде орналасқан. Облыс 1936 жылы 29 шілдеде құрылды. 1997 жылы кұрамына Көкшетау облысы қосылып, 1999 жылы оның үш ауданы мен Көкшетау қаласы Ақмола облысына берілді. Солтүстік Қазақстан облысының құра

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ

...

Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛҒАШҚЫ СІРІҢКЕЛЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Сіріңкелер салыстырмалы түрде жақында - 19 ғасырдың басында ойлап табылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »