ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?
Категориясы: Ғарыш
Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды. Бұрын астрономиялық «қырағы көз» - телескоптар жоқ кезде адамдар құйрықты жұлдызды дұрыстап көре алмаған да, оларды құбыжық, пәлекет санаған.
Қазір «құйрықты» жұлдыздан ешкім де қорықпайды, керісінше, ғалымдар оны тағатсыз күтеді.
Кометалар - біздің космостық үйіміз - Күн жүйесіндегі сирек қонақтар. Олардың жолы ұзақ, ал бізге азғана ғана уақытқа көрініп кетеді.
Бірақ бұларды неге бір түрлі қызық, «құйрықты» деп атады екен. Шынымен-ақ кометаның жап-жарық, сәулелі, ұзын құйрығы бар. Комета күнге жақындаған сайын оның құйрығы да ұзара береді, ұзара береді. Ал біздің космостық үйімізден аттанып бара жатқанда қайтадан қысқарады, жарығы да көмескіленеді, ақыры кішірейе, азая келе біржола көрінбей кетеді.
Кометаның басында - кішкентай ғана күн сияқты, жарық сәулелі, шағын көлемді ядросы болады, оны газды бұлт қоршалап тұрады. Ғалымдар әлі күнге дейін кометаның қайдан шығатынын білмейді: бұлар Күн жүйесінің мүшесі ме, әлде алыстағы басқа бір жұлдыздар әлемінен ұшып келді ме - белгісіз.
Ал егер Жер мен комета соқтығысып қалса не болады? Қорқатын ештеңе де жоқ. Алып жер шарымен салыстырғанда, кометаның ядросы - тозаңдай ғана. Жермен соқтығысқан кезде ядро быт-шыт болып жарылып жанады, ал жанып үлгермеген кейбір бөлшектері Жер бетіне түседі. Ал бұған астрономдар қатты қуанар еді: ондай жағдайда кометаның құрамын, оның неден «жасалғанын», қайдан келгенін анықтап білер еді ғой.
Жарияланған-2016-08-26 12:34:11 Қаралды-6178
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.
АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.
НЕЛІКТЕН ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН БҰЛШЫҚЕТТЕР АУЫРАДЫ?

Ауыр физикалық күш салудан кейін бұлшықет ауыруы бәріне жақсы таныс...
РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.
ИМРЕССИОНИСТЕР

Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.