UF

МАРСТЫҢ ТҮСІ НЕГЕ ҚЫЗЫЛ?

Категориясы: Ғарыш


Егер сендер түнгі аспанда өздеріңе қарап жымың қағып тұрған қызыл жұлдыз көрсеңдер бұл - Марс дей беріңдер. Марс - біздің Жердің ең жақын көршісі.

Марс Жермен салыстырғанда 2 еседей кіші, ал Күннен 1,5 есе қашығырақ орналасқан, сондыктан жарықты да, жылуды да азырақ алады. Марста күндіз күнге қыздырынуға да болар еді, бірақ кеш батысымен-ақ бірден салқын түседі, ал түнде сақылдаған суық, тон кимесең жан сақтай алмайсың. Марстың ауасы дем алуға мүлде жарамсыз. Адам мен жан-жануар, жәндік атаулы Жерде оттегімен тыныстайды, ал оттегі дегенің Жер атмосферасында өте көп; дем тартқанда тіршілік қабылдаса, қайыра дем шығарғанда зиянды көмірқышқыл газы бөлінеді, ал ауадағы көмірқышқыл газының

мөлшері өте аз. Марста бәрі ерісінше: пайдалы газ оттегі болмашы ғана, ал зиянды көмір қышқылы - керемет көп. Егер адам Марстың ауасымен дем алса, бірден тұншығып кетер еді.

Марста қыс түскен кезде жаңағы көмірқышқыл газы қатады да, құрғақ мұзға айналады: Айтпақшы, құрғақ мұзды сендер талай рет көрдіңдер. Иә, иә. Балмұздақ сатушы қолдарыңа дымданып тұрған, аппақ, сұп-суық эскимоны ұстатқан кезде. Бұл - Марстан келген базарлық сеп есептеулеріңе де болады. Балұздақ сақталатын тоңазытқыш құрғақ мұз - қатырылған көмірқышқыл газы арқылы суығын сақтайды. Жерде құрғақ мұзды жасанды жолмен, арнайы қатырады. Ал Марста ол, тіпті, кәдімгі судың мұзынан да көп. Қар мен құрғақ мұз Марстың есі «төбесіне» -  плюстеріне жиналады. Планетаның қызғылтым сары реңінде мұндай қос «ақ бөрік» андағайлап көрінеді. Көктем шыға «бөріктер» жиегімен кеміріліп ери бастайды, азая келе, жаз ортасында ақ «түймедей» ғана болып қалады. Мұнысы - нағыз мұз, кәдімгі қатқан су.

Марста су аз, ғалымдардың айтуынша, ол ылғал емес, мұз түрінде ғана кездеседі. Беймәлім, өте ерте уақытта бұл планетада да Жердегі сияқты су көп болған екен. Арнасы толы өзендер аққан, қазір терең-терең ойпатты жерлер теңіз болған, мұхит болған. Бірақ ол өзендер суалған, ол теңіздер мен мұхиттар құрғаған. Неге мұндай кепке ұшырағаны, судың қайда кеткені телгісіз.

Ал Марс неге осындай өзгеше түсті? Марсқа қонған автоматты аспаптар суретке түсіргенде мұның мәнісі бірден белгілі болды: Марстың қызыл көрінетіні - оның топырағының түсі қызыл күрең екен. Және Марстың аспаны да Жердегі аспан сияқты көгілдір емес, күңгірт қызғылтым, мұның себебі планета атмосферасында қызғылтым шаң-тозаңдардың көп болуынан.

Жалпы, Марстағы шаң дегенің тұрған бір сор! Кратерлердің түбі тұнған, қалың шаң, кең арналар, аңғарлар, терең қолаттар тегіс қабат-қабат шаң астында. Жел көтерілсе бітті - топырақ боран соғады. Будақ-будақ қызыл топырақ құйын боп көтеріліп көкті жабады, бүкіл планета аспанын шаңдатқан күрең дауыл қаптайды. Күн көзі көрінбей кетеді, кенет жаз ортасында қыс түскендей қақаған суық болады. Дауыл әлденеше ай бойы толассыз соғады, содан соң бірте-бірте жел бәсеңдей бастайды, шаң-тозаң басынады, аспан ашылады - Марс сонда ғана тыншиды.

Марста саяхат жасасаңдар не көрер едіңдер. Әлденеше шақырымға созылған кең алаптар бар, сөнген жанартаулардың көмейі, шеңбер-шеңбер таулар сілемі бар, кеуіп қалған өзендердің құрғақ арналары қаншама. Марс таулары өте биік, мұндай биік сілемдер Күн жүйесіндегі ешбір планетада ұшыраспайды.

Марс аспанында 2 серік, яғни 2 ай бар. Бірақ олар онша үлкен емес, біздің Айдан әлде қайда кішкентай. Олардың қозғалысы да қызық: біреуі, мәселен, аспанның бір жағынан туады, ал екіншісі екінші жақтан туады, кейде екеуі қатар шығып тұрса, кейде екеуі қатарынан көрінбей кетеді. Бұлар кейде кешқұрым дөп-дөңгелек болып жарқырап туса, таңға жақын кішірейе келе, еріген мұздай өзінен-өзі жоғалады.

Марстың жұмбақ сыры көп, бірақ ең үлкен жұмбағы - онда Жердегі сияқты тіршіліктің бар жоғы. Марсқа ұшқан автоматты барлаушыларға ғалымдар ол жақта өсімдік есе ме, жан-жануарлар бар ма, тым құрыса ең кішкентай организм - микробтар бар ма деген тапсырма берген болатын. Өкінішке қарай, робот-автоматтар бұл жағын анықтай алмады, құпия сыр сол жұмбақ күйінде қала берді. Әрине, әзірше ғана...

  Жарияланған-2016-08-25 17:49:22     Қаралды-9351

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

...

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Неге қаламның қақпақшасы осылай болуы тиіс?

...

Шарлы қаламды барлығы біледі. Бірақ, қаламның қақпақшасы неге осылай болатынын ешкім ойламаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫМКЕНТ

...

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛАДЫ?

...

Ғалымдардың айтуынша, жер қыртысы бір-бірімен байланыспаған жеті алып тақталардан тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕЛПЕК НАНЫ

...

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А1,В1, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »