КҮНДІЗ КӨРІНЕТІН ЖҰЛДЫЗ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
Категориясы: Ғарыш
Бұл - аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда - барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді. Бірақ бұл - жұлдыз емес. Бұл - Шолпан (ғылым тілінде Венера деп аталады), біздің күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігінен жарық шығармайды, тек күн жарығын шағылдырады, сондықтан да ол күмістей жарқыраған шам сияқты болып көрінеді. Ақ сәулелі әсемдігіне орай Шолпанды таң жұлдызы деп те атайды.
Шолпан мен біздің Жердің ұқсас сипаттары көп. Екеуі де көрікті - бірі көгілжім, екіншісі - ақкүміс. Көлемдері де шамалас, екеуі де ауа желектеріне оранған. Әсіресе Шолпанның ауа қабыршағы тығыз әрі қалың. Адамдар ұзақ уақыт бойы бұл планетаның беті қандай екенін біле алмады. Ғалымдардың астрономиялық «жанары» - телескоптар Шолпанның қалың бұлт басқан аспанының астында не барын көре алмай-ақ қойды. Ақары астрономиялық «қол» - радиолокаторлар көмекке келді. Олардың көзге көрінбес радиосәулелері Шолпан атмосферасын тесіп өтіп, оның бетіне жетті.
Ғалымдар «таң сұлуының» Жермен салыстырғанда қозғалысы баяу әрі оралымсыз екенін білді. Жер өз осінен 118 рет айналғанда, Шолпан бір-ақ рет айналып үлгереді екен. Сондықтан да біздің Жердегі сағаттарымыз Шолпанда мүлде жарамсыз болып шықпақ: бізше 5 тәулік өткенде Шолпандағы өлшем бойынша бір сағат әрең өтер еді!
Сендер, бәлкім, ыстық плитаға су шашырағанда қалай болатынын көрген шығарсыңдар. Быжылдап қайнайды да, булана бастайды, ізінше түгел буланып ұшып кетеді. Шолпанның беті бұдан әлдеқайда ыстық, сондықтан ондағы барлық ылғал баяғыда-ақ буланып кеткен, планетаның бетінде тамшы су жоқ. Ягни, Шолпанда шалқып теңіз де, сарқыраған құлама, сылдыраған бұлақ та жоқ. Қаншама шақырым бойғы көз жетер аймақ тегіс ұсақ қиыршық тастар, үлкен қойтастар, опырылып қираған жартастар басқан өлі жазық. Мұнда терең құздар да, биік таулар да жоқ. Егер Шолпанда тұрсақ, Күннің көзін де көре алмас едік. Шолпанның атмосферасы өте «қою» әрі тығыз күн сәулесін жібермейді, сондықтан да планета үнемі алакөлеңке болып тұрады.
Сұрықсыз планета дерсіңдер. Тұра тұрыңдар. Шолпан сырға толы, жұмбаққа толы. Мәселен ол неге сонша баяу қозғалады? Біздің Жердің серігі сияқты серігі неге жоқ? Әлденендей болса да тіршіліктің жұқанасы бар ма езіңде? Міне, осы сияқты сауалдар толып жатыр. Ғалымдар Шолпанның сырын ашуға көп күш жұмсап отыр. Әлденеше рет автоматты барлаушылар ұшырылды, олар тіпті планетаның бетіне де қонды, ал телекамералар Шолпаннан тура хабарлар берді. Алайда ғалымдар Шолпанға өздері барып түсіп, бәрін өз көздерімен өргісі келеді.
Жарияланған-2016-08-25 17:28:13 Қаралды-12152
Адам бойы кешке қарағанда таңертең ұзын

Адам бойы немесе адам денесінің ұзындығы – бұл бастың ұшы мен табанға дейінгі ара-қашықтық. Антропологияда бой антропометриялық белгілердің бірі болып табылады. Адамның дене құрылысының дамуы көрсеткіштерінің тізіміне жатады.
ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ

Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т
ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.
АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А1,В1, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.
ЕҢ ҮЛКЕН ЕГІС ДАЛАСЫ ҚАЙСЫ?

Бүкіл алқап жайылған алтын кілем секілді. Бұл - бидай, еліміздің астығы. Жел тұрса болды, теңіз суы шайқалғандай, даланы алтын түсті, сарыала толқын басады.