ҚОЙ - КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ӨМІРІНДЕ ӨМІРІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ
Категориясы: Жануарлар
Ежелден қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешті. Мал мен оның өнімдері көшпелі өмірде аса қолайлы игілікке саналды. Әйтсе де ұшан теңіз сахараның құбылмалы қатал табиғат мінезін тап баспайынша бұл игілік оңай игерілмеді. Ата-бабаларымыз табиғат мінезін аса білгірлікпен, өмірлік тәжірибемен шебер меңгерді. Қай жердің шөбі шүйгін, қоңысқа қолайлы, суының тұшымдылығы малдың қыстан күйлі шығуында аса маңызға ие. Осының бәрі қысқы қоңыс, жазғы жайлауды ретімен пайдаланудың нәтижесінде өмір сүруге қолайлы жағдай тұғызды. Өрістің ыңғайына карай ондағы өсімдіктер әлемі, шөптің малға жұғымдылығы кағаң ескерілді. Қазақтың жерінің басым көпшілігі шөл және шөлейт аймаққа жатады. Мамандардың дерегіне сүйенсек онда үш жүзге жуык шөптің түрі кездеседі. Олардың ішінен жылқы мен мүйізді ірі қара жүзге жуығын ғана азык етеді. Түйе түлігі жүз елудей, кой жүз жетпістей. 180 түрлі сортаң жердің шөбінің 132-ін кой азық етсе, сиыр 24 түрін, жусанның 24 түрін мүйізді ірі кара, қой 46, жылкы 39 түрін азык етеді. Жеген шөбіне карай мал етінің адам ағзасына пайдасы да үлкен орын алары даусыз. Осыған қарап көшпелі дала казағының өресі биік өмір тәжірибесі мол, қоршаған ортаны жетік меңгергенінен көп жайды аңғарамыз. Көптеген шет ел саяхатшыларының жазбалары да осыған саяды.
Бабалардың ұғымында әр түліктін өз иесі бар түсінген. Жылкы Жоғарғы Әлемнің өкілі, ол акыл-ой мен биік парасаттың белгісі. Батырдың жан серігі. Бұған Ер Тарғынның Тарланы, Қобыландының Тайбұрылы, Алпамыстың Байшұбары т.т. дәлел. «Ғұмырында ат ерттеп мінбеген жігіт емес» деп жатады дана халқымыз.
Сиыр - Төменгі Әлемге жатады. Жер асты әлемінде сиырдың орны ерекше. Ол Теңіз үстінде Жерді мүйізімен тіреп тұрады деп ұққан.
Ортаңғы, біздің әлемімізде қой орын алады. Ол дәулет пен молшылық белгісі болып саналады. Қазақ ұғымында қой жұмаққа барған бірден бір жануар. Сондықтан да оны жиі құрбандыққа шалады. Әйелдер босанғанда «қалжаға» сояды. Дүние есігін ашқан сәбидің мойыны қатып тез ер жетсін деген ниетпен мойын омыртқаны мұқият тазалап мүжіп, шаңыраққа іліп кояды. Бұл дәстүр Жоғары әлем мен Ортаңғы әлемнің бірігуінің мәні.
Қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде берік орын тепкен. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда шақыру - бәрі мал өнімінсіз өтпеген. Мәселен, құдаларға сойылған малдың етін жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады. Жаңа сойылған қойдың мүше бөліктері, кұданың сыбағасы - жамбас салынған «құда табақ» тарту - бәрінде жарасымды әдеп, биік парасат жатыр. Қонақ күту рәсімі өз алдына бөлек мектеп. Сыйлы адамдарға жасының үлкен кішілігіне карап сыбаға жасалады. Ақсақалға бас тартылады. Басты ұстау, одан дәм татыру, орнымен үлестіру де өнер.
Көшпелілер өмірінде малдың орны ерекше. «Күндік өмірің болса, түстік мал жи» деген бабаларымыз. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деп түйеді тағы да. Сәлемдескенде де «мал-жан аман ба?» деп бастайтыны содан. «Көш көлікті болсын!», Қоныс жайлы болсын!» «қойың егіз тапсын!». Бұл тілеулер де шаруашылық ыңғайына қарай қолданылады. «Қой баққанға, шаруаға қыры бар адамға бітеді» дейді бұрыңғылар. «Қой қара тасқа, жабағы жеген насқа бітеді» деп те дәріптейді. Қой көшпелі казақтың кисе - киімі, жесе - тамағы. Оның азықтық және тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы түлігінен артық. Жер мен шөпті де таңдамайды.
С.Мұқанов бір еңбегінде: «Төңкерістен бұрын 20-25 мың қойы бар байлар жиі кездескен», - деп жазыпты.
Монғолияның Қобда бетіндегі асқан байдың бірі болған Тоқанұлы Ұлтарақтың тек соғымына 45 жылқы, 10 шақты сиыр, 100 шамасында қой сойылатын болған. Әрине, бұл байдың өз жалшы-малшыларының да қазанын көтеруімен қатар, байға келер қонақтың мөлшерін, жиын-тойдың ауқымын есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ак, XIX ғасырдың соңы кезіндегі мәліметтерге қарағанда «Семей губерниясының бір байы соғымына он жылкы, елу қой, екі-үш сиыр соятын болған» дейді зерттеушілер.
Кезінде Қазақстанда мал басын елу миллионға жеткіземіз деген меже болды. Тылдан кейінгі аса жауапты науқанға айналды. Біздің өңірдегі қаракөл қой совхоздары осы қарқынмен бой көтерген. Қаракөл қозы терісі кешегі кеңес кезінде аса жоғары бағада шетелдерде аса құнды шикізат ретінде сұранысқа ие болған. Қаракөл терісінен тігілген қырықшақты әйелдер тонына американдар бір танкі айырбастаған дейді. Әйелдердін сондай сәнді тігілген қысқа тондары аса бағалы болған. Осындай сұранысқа сай қаракөл қой өсіретін шаруашылықтарда шопандар жетіспеген. Оларға жағдай жасалып, Қазақстанда қой шаруашылығын өркендету үшін мектеп бітірген жастарды үш жыл қой шаруашылығына тартып, содан кейін ғана жоғары оқу орындарына жолдама беру саясаты жүргізілген. Бір жағынан мал өсіру ата кәсіп. «Доп ойнаған гөзар, асық ойнаған азар, бәрінен де қой бағып, көтен жеген озар», - деген халық макалы тағы бар.
Таңның атысы мен күннің батысы төрт түлік қамымен бірге дүниетанымында да малдың адам өміріндегі орны берік ұялаған. Дүние шыр етіп келген ұрпағына да есім бергенде осы үрдіс байқалады. Төлінің алды болып туылған қозысын мал егесінің әйеліне қойшы әкеліп, сүйіншісін алған. Әкелген алғашкы қозыға шашу шашып, «Мыңның басы болғыр» деп, қозысының аузынан үрлеген. Қазақ үшін алғаш туған төл - көгенбасының терісі де, жүні де киелілер қатарынан саналып, оған айрықша мән беріп, балаларының мойнына таққан. Сәбиін «қозым» деп әлпештеген. Марқабай, Қозыбақ, Қойкелді, Қойшыбай, Тоқтыбай, Серкебай деген есімдер әлі күнге ел арасында кездеседі. Ел әдебиетінде, ертегілерде, мақал-мәтелде бұл түліктер аса ілтипатпен жырланады. «Қошақаным» өлеңіндегі:
Қошақаны койдың,
Қай өрістен тойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың? деген жолдар немесе:
Жазда атамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан, шыға келді жүгіріп,
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен,
Кеттім бе әлде сағынып.
Қошақаным қайда екен, деп келетін әдемі өрнектер бүлдіршіндердің сүйікті әніне айналғаны қашан? Тіпті осы өлеңдер ересек біздердің де балалық бал дәурен шағымызды елестетеді. Көңілімізде сағыныш ұялатады емес пе?
Балалар ұғымына лайық бұдан өзге де тақпақ, жаңылтпаш, санамақ ойындар қаншама. Осы түлікке байланысты жер аттары да бұрынғы өткен тарихтың куәсі, мәселен «Маңырама» деген жер атының тарихынан осы түліктің киесінен сыр ашады.
«Бір қазан сүт» деген өлеңде жан-жануардың қасиеттері аса ұтқырлықпен өрілген. «Ас-адамның арқауы» деп тағамның адам өміріндегі орнын аса жоғары бағалаған.
Бабаларымыз ғасырлар бойы табиғат анамен бірге қайнасып ғұмыр кешкен. Жаратылыстың берген несібесін теріп жеп, табиғатпен біте қайнасып ұрпақ өрбіткен. Ризығы мол Алла тағаланың жаратқан пендесі көшпелі өмір керуенінде ең құнарлы мың жарымнан астам тағамдарды азық еткен дейді зерттеуші ғалымдар.
Ертелі-кеш мал бағумен күн кешкен бабаларымыз оның терісін ұқсатып киім етсе, мүйіз, сүйек, тұяғынан түрлі тұрмыстық бұйым өндірді. Еті мен сүтін азық етті. Төрт туліктің қадір-қасиетін терең ұққаны сондай, қыстың үскірік аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамай мал басын көбейтті.
Ата қонысты көзінің қарашығындай көріп, жалаулы найзасымен отты жырымен қасық қаны қалғаңша қорғап, бүгінгі ұрпаққа ұлан ғайыр жер калдырған жыраулар толғаулары да тарихтың асыл беттері.
Халық тәжірибесінде малды адалдап сою, қонақ күтуде оның мүшелерін табаққа тартудағы қаншама әдеп пен қонақжайлық салты қалыптасқан. Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері, оның адам ағзасына тигізер пайдасы туралы орасан бай тәжірибе ұмыт бола бастады.
Жарияланған-2016-08-22 16:27:28 Қаралды-8169
Стайл әже: жаңа сәнді тренд

Ақ шаштар үнемі кәріліктің белгісі және сұлулықтың солуы саналып келді. Сол себептен әйелдерге оны әртүрлі тәсілдермен жасыруға тура келді. Бірақ, бүкіл дүне жүзі бойынша жас қыздар стереотипті жою керек деп шешіп, шаштың бұл түсін жаңа тренд етіп жасады.
ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.
БЕКТАУ АТА ҮҢГІРІ

Бектау ата үңгірінің кірер аузы едәуір кең. Оншақты қадам басқан соң үңгір іші кеңіп сала береді. Үңгірдің ұзындығы 60-70 қадам, биіктігі 5-10 метр болғандай, Солтүстік Балхаш жанында орналасқан.
ДЕКОРАЦИЯ

Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!
СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.
ШАРИКТІ ҚАЛАМҒА ШАРИК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Әлемдегі алғашқы автоқаламды ойлап тапқан... египеттіктер екен.