КИЕЛІ СҰЙЫҚТЫҚ ДЕГЕН НЕ?
Категориясы: Тағам
Түркі дүниесінде ағарғанды киелі сұйықтық (сакральная жидкость) деп санаған. Оған қымыз, шұбат, айран т.б. сүт тағамдарын жатқызған. Оны жалпы атпен «ақ» деп атаған да қасиет тұтқан. Қазақтың мифтік әңгімелерін зерттеген С.Қондыбайдың еңбектерінде Маңғыстау өңіріндегі мыңғырған мал айдаған, басына құт қонған атақты байлардың дәулетінің құралу себебіне қатысты кейбір деректерді береді. Онда атақты бай түсінде ұйқы құшағында жатқанда Қыдыр иесі келіп, бас жағына көнекпен ағарған іліп кеткенін, оны ішіп шаруашылығым дөңгеленіп сала берді, байлыққа содан кенелдім деп түсінген.
Халық дәстүрінде ауылға келген көштің алдынан шығу - адамгершілік, мұсылмандық, болашақ көршілік парыз. Ақ алып шығу «осы ақтай таза, дәмді болайық» деген тілекті білдірген. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризашылық білдіріп алғыс айтады. «Ақ» түсі адалдық ұғымын білдірген.
Қазақтарда көктем туа Абай бабамыз айтқандай, «түйе боздап, қой қоздап, қорада шу» басталар сәтті асыға күтеді. Жаратқан иесі мен мал пірлеріне, ата-баба аруақтарына бағыштап, көпшіліктің ризалығы мен батасын алып тарататын ғұрып «желін садақасы» яғни «уыз» немесе «уыз көже» деп аталады.
Зерттеушілер еңбегіне сүйенсек, қойдың бүйеніне немесе қарнына тұзды татымынша салып, пісіріп, алдымен үй егесі мен отбасындағылар, содан соң ғана көршілерге таратып, ол уыздан дәм татқандар «аузыңнан ак кетпесін, басыңнан бак кетпесін» - деп, батасын береді дейді.
Уыз көжені тарату көбінесе бірнеше бұзаулаған сиыр төлдегенде береді.
Қазақтар сүт пен одан жасалған тағамдарды қасиетті санап, оны дәріптеген. Кун батқан сәтте қазақтарда сүтті далаға алып шығуға, сүт құйылған ыдыстың бетін ашық калдырауға тыйым салған. Егер алып шыққан жағдайда ай- жулдыздардың сәулесі түспесін деп, сүт құйылған ыдыстың бетін жауып немесе сүтке ағаш шаласын салып жатады. Бұлай жасалмаса мал ауруға шалдығуы мүмкін деп санаған.
Егер сіз 1200 ай бойы кун сайын бір литрдей сүт ішетін болсаңыз, 100 жасаймын дей беріңіз! (Ғалым Нильс Густавсон).
Жарияланған-2016-08-22 13:12:57 Қаралды-3776
ПАРСЫ РУЛЕТ

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.
ҚАРА АЛХОРЫ САМБУГЫ

Әбден жуылған қара алхорының үстіне салқын су қуйылып, бір-екі сағат қойылады да сол суға салынған күйінде бұқтырылып, қайнатылады.
ҚҰР

Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды.
ТАРИХ... ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ... МАҒЫНАСЫ...

Олимпиада ойындары бүкіл әлем халқын бұл оқиғаны тыныстап тамашалауға мәжбүрлейді.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Тараз қаласында Жамбыл Жабаев атындағы алаңда 1961 жылы Жамбыл ескерткіші орнатылған. Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған шойын коспасынан құйылып, қола жалатылған. Тұғыры төрт бұрышты биік ет