UF

ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – ҚАҚЫРЫҚ ТҮСІРЕДІ

Категориясы: Өсімдікті


ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – КАСАТИК ИЛИЙСКИЙ

Іле құртқашашы – биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, ақ түсті, көптеген қосымша тамырлары бар. Сабағы жоғарғы жағында бұтақтанған. Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары семсер тәрізді. Сабақтан өсіп шыққан жапырақтары сопақшалау болып келеді. Гүлдері – ірі, өте әдемі, көкшіл түсті. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Іле бойындағы шабындықтарда, құмды жерлерде қалың болып өседі. Қейде сәндік өсімдік ретінде де егіледі.

Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі бар. Осылардың ішінде қылыш құртқашаш, орыс кұртқашашы, сібір құртқашашы, ірі жапырақты құртқашаш және тағы да басқа түрлері кездеседі. Дәрілік мақсат үшін құртқашаштың тамырын қазып алады. Оның құрамында эфир майлары, иридин гликозиді, қант, крахмал, майлар бар. Тамырынан жасалған дәрілердін қақырық түсіретін, іш түйіліп ауырғанда тыныштандыратын қасиеттері бар.

  Жарияланған-2016-07-15 17:25:01     Қаралды-4035

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ ЖӘНЕ АЛТАЙЛЫҚ ДОЛАНА

...

Гүлдерінде эфир майлары, холин және ацетилхолин, хлороген қышқылдары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

...

Суға кез келген әйнек сынығын тастап көр - ол су түбіне шым батып жоғалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Бал қандай болуы керек?

...

Шығыстың кейбір тағамдарын жасағанда оларға өзіндік дәм және хош иіс беру үшін бал қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛАДЫ?

...

Ғалымдардың айтуынша, жер қыртысы бір-бірімен байланыспаған жеті алып тақталардан тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »