ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ
Категориясы: Өсімдікті
ЫРҒАЙ – БУЗИНА ЧЕРНАЯ
Ырғай – бамбуктер тұқымдасына жатады, биіктігі 3 метрден 10 метрге дейін жететін, көп жылдық, ағаш тектес өсімдік. Бұталарының өзегі ақ әрі жұмсақ. Жапырақтарының ұзындығы 30 сантиметрдей, қауырсын тәрізді, қарама-қарсы орналасқан. Жалпы ортақ сағақтағы жапырақтарының саны 5-тен 7-ге дейін жетеді. Гүлдері – майда, ақшыл сары түсті, тұтаса шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары ұзын. Гүлдері иіліп төмен қарай салбыраған. Жемісі – қара көк түсті, саны 2-ден 4-ке дейін жететін сопақша келген кішкене сүйекті дәнектерден тұрады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі шілде-тамыз айларында піседі.
Ырғай көбінесе балқарағайлы ормандардың арасында қалың болып өседі. Кейде мәдени өсімдік ретінде бақтарға, парктерге отырғызылады. Бірақ лезде жабайыланып, ауыл айналасындағы ашық жерлерге, жолдардың жиегіне, елді мекендерге тарала өсетін қасиеті бар.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлін, жемісін, кейде жапырағы мен қабығын, тамырын жинайды. Гүлдерінің құрамында қоймалжың заттар, сірке және валериан, алма қышқылдары, қатты түрдегі эфир майлары, тер шығаратын гликозидтер, рутин, жемісінде илік заттар, глюкоза, фруктоза бар.
Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады. Кейде грипп ауруына қарсы және өт қалтасы қабынғанда өт айдайтын дәрі ретінде де қолданылады. Ауыз уылғанда, тамақ бездері қабынғанда ауыз бен тамақты шаю үшін және компресс жасау үшін пайдаланылады.
Ырғайдың жас жапырақтарын сүтке қайнатып алып күйікті, іріңдеген жараларды, ұзақ уақыт төсек тартып жатқан аурулардың ойылған жерлерін сыртынан таңып, емдеуге қолданады. Жемісінен жасалған дәрілермен дизентерияны, шеменді, қуықтың қабынуын емдейді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Гүлдерінің 1 ас қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 15-20 минут тұндырады да, сүзіп алып, әр ішкенде 1/4 стаканнан күніне 3-4 мезгіл тамақтан 15-20 минут бұрын ішеді. Жемісін кисель, шай түрінде ішіп, повидло, варенье түрінде де қолдана беруге болады.
Жарияланған-2016-07-15 17:16:43 Қаралды-9338
ҚАЙМАҚҚА ЕЗІЛІП, ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕР НЕМЕСЕ ЦУКАТ ҚОСЫЛҒАН ҚҰРТ
Кептірілген жемістер жақсылап іріктеледі, сортталып, жуылады. Ірілері бөліп туралады. Ыдысқа салынып дайын болғанша қайнатылады.
АЛХОРЫ САМБУГЫ
Іріктелініп алынған алхоры жуылып, сүйектерінен арылтып, үстіне аздап су құйылады да, 10-12 минут бойы қайнатып пісіріледі.
САЛЛАМ ӘТ-ТАРДЖУМАН
Саллам әт-Тарджуман - араб саяхатшысы. Саллам әт-Тарджуман IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад каласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген.
ҚАСҚЫР
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
ҚЫРЫҚҚҰЛАҚ
Қырыққұлақ - жапырақтары тілімденген сәндік өсімдік. 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 35-ке жуығы кездеседі. Кейбір түрлері тамыры арқылы, кейбірі жапырағында пайда болатын өнім бүршіктерімен көбейеді.
МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ
1976 жылы 4 тамызда Марқакөл қорығы ашылды. Марқакөл қорығы Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Негізгі мақсаты - ормандарды, өзендер мен сұлу көлдерді табиғи қалпында сақтап қалып, онда өмір сүретін терісі бағалы жануарлард