МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС
Категориясы: Тарих
Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570-518 жж.) - оңтүстік түркі халықтарын басқарған әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмардың есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген Ахемен әулетінен шыққан парсының әйгілі патшасы Кирді «жеңілуді білмейтін» әскерімен қоса ашық шайқаста талқанын шығарып жеңуімен байланысты.
Ежелгі әлемнің түгелге жуық елін бағындырған парсы патшасы Кир скиф- массагеттерді де тізе бүктіруді мақсат етеді. Массагеттердің падишасы Томирис бұл кезде күйеуі өліп, жесір отырғанды. Соны пайдаланып, ішкі есебін жүзеге асыруды ойлаған Кир оған құдатүсу үшін елшілер аттандырады. Бірақ Томирис Кирдің өзіне емес, массагеттер патшалыгына көз салып отырғанын біліп, бұл ұсынысын қабылдамайды. Айласын асыра алмаған Кир массагеттерге қарсы соғыс ашады.
Томиристің Спаргапис есімді ұлы парсылардың қолына түсіп, көз жұмады. Томирис ұлының өлгенін естіген соң массагеттердің әскери күшін жинап, парсыларға шабуыл бастайды. Екі жақ ұзақ уақыт бойы бір-біріне беріспей, тайсақтамай шайқасады. Ақырында, массагеттер жеңіп шығады. Парсы әскерлерінің барлығы дерлік майдан алаңында қаза табады. Кирдің өзі де жер құшады. Томирис месті адам қанына толтыртып, Кирдің өлігін іздеп табуға әмір етеді. Кир өлігі табылған соң массагеттер падишасы: «Мен сені ашық майданда жеңгеніммен, сен мені қайғыға батырдың. Ұлымды алдап тұтқынға түсіріп, өлтіріп, мені тірі өлік еттің. Сондықтан мен уәдемде тұрып, қанға тоймаған басыңды қанға тұншықтырамын», - деп оның басын қан құйылган меске салғызады.
Томирис падишаның есімі туған даласының тәуелсіздігін сақтап қалған ұлы қолбасшы ретінде, әйгілі амазонкалардың ізін басқан жауынгер әйел ретінде, халқын данышпандығымен, әділдігімен, көрегендігімен басқара білген патша ретінде тарихқа еніп, ғасырлар бойы мәңгі жасап келеді.
Жарияланған-2015-11-12 17:31:36 Қаралды-7395
«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ
Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады.
СҰЛЫ – АЯҚ ТЕРЛЕУДІ БАСЫНДЫРАДЫ
Халық медицинасында сұлының сабағынан тер шығаратын, несеп айдайтын, дене қызуын төмендететін, жел шығаратын дәрілер жасап пайдаланады.
СҮТ ШӘРБЕТІ
Фундук жаңғағының дәндері қосылған кілегей помадасынан жасалған қалақша түріндегі тағам осылай аталады. Сүт помадасын әзірлеу әдісі қарапайым. Ол құмшекер мен сүттен пісіріледі. Шырынның қоңыр тартып кетпеуі үшін қайнап бітуіне 10-15 минут қалғанда сірне
«АЛАШ ІСІ»
Кеңес үкіметі 1928 жылдан бастап Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған жэне оларды жақтағандарды жаппай тұтқынға алды. Оларға Кеңес үкіметіне қарсы күрес жүргізді, шетелдіктермен байланыста болды, т.б. көптеген жалған айыптар тағылып, тергеу іс
БАДАМ ПЕЧЕНЬЕСІ
Бадам іріктеліп алынып, жуылады, жылы жерге қойып аздап кептіріп, рецепте көзделген құм шекердің жартысымен, жұмыртқа ақ уызының төрттен бірімен араластырылады.