ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ
Категориясы: Өсімдікті
ШЫРМАУЫҚ – ВЬЮНОК ПОЛЕВОЙ
Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағының ұзындығы 80 см-ге дейін барады. Жапырақтарының шеттері бүтін, сағақтары ұзын. Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, гүл жапырақшалары бесеу, жаз айларында гүлдейді.
Егістік жерлерде, шабындықтарда арамшөп ретінде өсе береді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін жас күйінде пайдаланады, себебі өсімдік кепкеннен кейін дәрілік қасиетінен айрылады. Құрамында алкалоидтер, глюкозидтер, шайырлар бар. Шырмауық - улы, сондықтан тек қана сыртқы жараларға жағу үшін қолданылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Сыртқы жараларға жағу үшін өсімдіктің жас кезінде сөлін сығып алу керек. Немесе спиртті тұнба жасауға да болады. Ол үшін өсімдіктің 200 грамын 400 мл спиртке араластырады да 15 күн тұндырып қояды. Онан кейін сүзіп алып, даяр болған дәрінің 10 миллилитріне 100 миллилитр су қосып, жараның сыртына жағу үшін пайдаланады.
Жарияланған-2016-07-15 16:45:08 Қаралды-7078
КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?

Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.
САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК

Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.
ҰЙЫТЫЛҒАН БАДАМ

Бұл - тазартылған бадам дәндері батырылған кілегей помадасынан тұратын дөңгелек формалы тағам. Бетіне карамель массасынан көз салынады.
УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ

Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі.
ҚАНТ АЛЫНАТЫН АҒАШТЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

Біздің түсінігімізше қант - қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді.