UF

ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ПЛАУН БУЛАВОВИДНЫЙ

Шоқпарбас плаун – мәңгі көгеріп тұратын, биіктігі 1,5 метрге жететін, споралы өсімдік. Сабағы жерге төселіп, жайыла өседі де, біртіндеп бұтақтанып жоғары көтеріледі. Сопақша келген жіңішке жапырақтарының ұшында ұзын әрі өткір ақ түсті шаш сияқты зат, ал бұтақтарының ұшында 3-4 споралы масақшалар бар. Осы масақшалардан шілде айының аяғында су жұқпайтын ұнтақ сияқты сары түсті споралар төгіледі. Шоқпарбас плаун таулы және тасты жерлерде, аршалы тоғайлардың ішінде, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі.

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады. Бұл үшін плаунның бұтақшаларын қайшымен қиып алып, қағаз қапшықтарға салады да, жабық үйдің ішінде кептіреді. Кептірілген спораларды електен өткізіп алады. Оның құрамында ликоподин, клаватин, клаватоксин деген алкалоидтер, споронин, клетчатка, қант, минералды заттар болады. Спорада 40-50 процент май, пальмитин, стеарин, арахин, олеин қышқылдары бар.

Медицинада шоқпарбас плаунның спорлары жас балалардың денесіне, жараларға себетін дәрі ретінде пайдаланылады. Шоқпарбас плаунның бұтақтары нерв жүйесін және ревматизмге байланысты буынның сырқырағанын тыныштандыратын дәрі есебінде қолданылады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің споралары мен бұтақтарының сулы тұнбаларын бүйректің және қуықтың ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Қабынуға қарсы әсер ететіп, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттеріне байланысты, шоқпарбас плауннан жасалған дәрілер бауыр ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларын және денедегі әр түрлі шаншуларды емдеу үшін қолданылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Споралардың 2 ас қасығын 2 стакан салқын суға салып 15 минут қайнатады да, 1 ас қасықтан спораларымен бірге әрбір сағат сайын ішеді. 30 грамм бұтақшаны 1 литр суға салып қайнатады да, 2 ас қасықтан сол бұтақшалардың тұнбасын әрбір сағат сайын ішеді.

  Жарияланған-2016-07-15 16:32:30     Қаралды-5790

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАЛСЫЗ КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

...

Бұл - күнбағыс дәнінен жасалатын төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам. Бадамнан жасалатын кәзинек схемасы бойынша дайындалады. Бұйым тығыз жабылатын қақпағы бар қаңылтыр қораптарға салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЛІК

...

Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс бөлігіндегі және Тянь-Шаньнан Алтайға дейінгі тау етегіндегі орман, тоғайларда кездесетін сымбатты жануарлардың бірі - елік. Мүйізі тармақталып келген, қазан - қараша айларында түсіп, сәуір айында жаңад

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛАШОРДА

...

Алашорда - Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II Жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды. Үкіметтің т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »